С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы


САТЫДАҒЫ АҢДАР (ЕUTҺЕКІА)



бет106/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   129
Байланысты:
ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫ. Наумов

САТЫДАҒЫ АҢДАР (ЕUTҺЕКІА)
Қазір барлық материкте кездесетін жер бетінде кеңінен тараған, әр түрлі тіршілік жағдайында кездесетін жоғарғы сатыдағы сүт қоректілер. Өзіне тән маңызды белгілері мынандай: біріншіден, алдыңғы мидың күмбезі жақсы жетілген және ми сыңарлары бірімен-бірі сүйелді дене арқылы байланысқан. Екіншіден, плацента әрқашанда пайда больиі, баласы өз бетінше емшек еме алатындай болып туады. Үшіншіден, қалталы сүйектері болмайды. Төртіншіден, қынабы әрқашанда парсыз болады. Бесіншіден, олардың көпшілігінде сүт тістері мен нағыз тісінен басқалары тісеп отырады.
Осы заманда тіршілік ететін плацентті сүт қоректілердің 18
отряды белгілі.
1-отряд. НАСЕКОМ ЖЕМДІЛЕР (INСЕСТІVОRА)
Насеком жемділер бор дәуірінін, жоғарғы қабатынан белгілі. Ми сауыты кішірек, тістері нашар жіктелген Шошақ тісінін өзіндік формасы болумен қатар ірі болады. Ми сыңарлары кіші, иректері болмайды. Тұмсығы сүйір, қозғалғыш еріні болады.
230
Көпшілігінің иіс шығаратын бездері болады. Кішкене жертесер (Зогех tsсһегskіi) және кішъентай ак, тісті (Sисиs еtusсиs) деген түрлерінің денесінің үзындығы 4 см, яғни бүкіл сүт қорек-тілердің ең кішкенесі болып саналады. Олар Австралия мен Оңтүстік Америкадан басқа жердің барлығына тараған жануарлар. Насеком жемділердін. 900-ге жуық түрлері белгілі және олар жер бетінде, жердің астыңғы қабатында, суда және орманда тіршілік етеді.
Біздің фаунамызда үш тұқымдасы: көртышқандар, кірпiлер және жертесерлер кездеседі.
Жертесерлер тұқымдасына (Sогісidае) бойы аласа және дене ұзындығы шамалы ғана болатын жануарлар жатады. Олар сырт жағынан қарағанда тышқандарға ұқсайды және көбінесе шірік шөптесін тоғайлы жерлерді мекендейді. Бұлар арнаулы ін қазбайды, кемірушілердің бос індерін немесе ағаш тамырындағы қуыстарды паналайды. Жертесерлер насеком-дармен, құрттармен, кейде ұсақ тышқан тәрізділермен және қылқан жапырақты өсімдіктердің дәнімен қоректенеді. Бұлар зиянды насекомдарды және олардың личинкаларын жеп, ауыл шаруашылығына пайдасын тигізеді. Бізде кездесетін түрлері: кәдімгі жертесер (Sогех агапеиs) және су жертесері — кутора (Nеоmуs fоdіепs).
Көртышқандар тұқымдасы (Таlріdае) жердің астыңғы қабатында немесе суда тіршілік етуге бейімделген жануарлар. Мысалы, көртышқан (Таlра еигораеа) топырақтың жоғарғы кабатын мекендейді. Оның барлық өмірі жер астында өтеді. Жер бетіне інін су басып кеткенде ғана шығады. Көртыш-канның денесі өзінің тіршілік тәсіліне сәйкес өте жақсы бейім-делген. Денесі конус тәрізді, мойыны сырт жағынан білінбейді. Түгі қысқа, барқыт сияқты, тар іннің ішінде ерсілі-қарсылы козғалғанда кедергі келтірмейді. Ін қазатын органы — күшті тырнағы болатын алдыңғы аяқтары Аяғымен топырақты боса-тып, басымен, жонымен босаған топырақты сыртқа шығарады. Кейбір түрінің көзі сыртынан тері қатпармен жабылып тұрады. Керісінше иіс және дәм сезу органдары жаксы жетілген. Сырт-қы құлақ қалқанының нүсқасы гана болғанына қарамастан көртышқандар өте жақсы естиді.
Көртышқандар жер астынан күрделі індер қазады. Олардың барлығын бірдей ін есебінде пайдалану үшің қазбайды, көпші-лігі олардың топырақ астынан жемдерін іздеудің нәтижесінде пайда болады. Кейде жер бетінде үйіліп жатқан кішкене-кішке-не топырақты көреміз, ол көртышқандардың індерінен сыртқа шығарып тастаған топырақтары
Көртышқандар жапырақты орманның қара шірікке бай то-пырақты жерлерін мекендейді. Олар насекомдардың личинкаларымен, құрттармен қоректенеді. Көртышқандар жылына бір рет
231
көбейеді. Баласының саны 2—8-ге дейін жетеді. Жылына үш рет түлейді.
Көртышқандарды әдемі терісі үшін аулайды. Бұлар зиянды насекомдарды қырып, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді. Көртышқандар бізде орманды және ағашты далалы жерде кездеседі.
Жұпар тышқан (Dеsтапа тоsсһаtа). Дон, Еділ, Жайық, өзендерінде және кейбір баяу ағатын су қоймаларын мекендейтін, жартылай суда тіршілік ететін жануарлар. Олар қоректік затын судан алады. Моллюскалармен, насекомдар-мен және олардың личинкаларымен, өсімдіктермен және аздап балықтар-мен де қоректенеді. Көбею мерзімі май айынан ноябрьге дейін созылады, бірақ жылына бір-ақ рет көбейеді. Бірден беске дейін бала туады. Індерге ұялайды. Інінің аузы судын, түбіне ашылады. Жұпар тышқанды бағалы терісі үшін аулайды. Қазір бұларды аулаура тыйым салынып, бұрынғы болған жерлерінде жаңа облыстарда қолдан өсіріп, көбейту шаралары жүргізіліп жатыр.
Кірпілер тұқымдасы (Егіпасеіdае) денесі инелі түктермен қапталған, қауіп төнгенде жиырылып, домаланып қалатын өзіндік ерекшеліктері бар жануарлар. Олар орманды, далалы және шөлді зоналарға тараған. Басқа насеком жемділерден ерекшелігі — кірпілер қысқа қарай ұзақ ұйқыра кетеді. Негізі-нен насекомдармен, моллюскалармен, рептилилермен, кейде құстардың жұмыртқаларымен Және балапандарымен қоректенеді. Жалпы кірпілер пайдалы жануарлар болып есептеледі.
2-отряд. ЖҮНДІ ҚАНАТТЫЛАР (DЕRМОРТЕRА)
Жүнді қанаттылар дене мөлшері мысықтай, орман жануар-лары. Артқы аяқтарымен алдьщғы аяқтарының және кұйрығы-ның тері жарғағынын, көмегімен бір жерден екінші жерге, ағаштан ағашқа 60—80 м аралыққа ұшып бара алады. Өсімдіктермен қоректенеді. Малакк түбегімен, Зонд, Филиппин аралдарының таулы ормандарында екі түрі кездеседі. Нағыз өкілі кагуан (GаІеорitесиs vоlапs).
З-отряд. ҚОЛ ҚАНАТТЫЛАР (СНІRОРТЕRА)
Қол қанаттылар ұшуға бейімделген сүт қоректілердің бір ға-на тобы. Алдыңғы аяқтарының ұзын саусақтарының арасындағы, денесінін, бүйір бөліміне, артқы аяқтарының және кұйрығының маңында болатын жарғақтарының көмегімен ұша алады. Тек қана алдыңғы аяғының бірінші саусағы ғана қанатты құрауға қатыспайды. Құстардікі сияқты төс сүйегінің қыры болады, оған қанатын қозғалтатын төс еттері бекінеді.
Түн жануарлары. Сезу органдары алуан түрлі, кәдімгі сезу денешігі мен вибрисстен баска бүкіл қанатының үстінде, қүлақ
232
қалқанында көптеген жіңішке түктері болады. Көзі нашар же-тілген, бағдарлауға қатысы шамалы. Есіту органы өте жақсы жетілген. 12 ден 98 000-ға дейінгі герц дыбысты сезеді.
Систематикалық жағынан қол қанаттылар насеком жемді-лерге жақын. Арктика, Антарктикадан басқа жерлердін, барлығында дерлік кездеседі. 1000-ға тарта түрі белгілі.
1-отряд тармагы. ҚРЫЛАНДАР (МЕGАСНІRОРТЕRА)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет