С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы



бет120/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   129
Байланысты:
ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫ. Наумов

III. Су аңдары. Алдыңғы группадағыдай жер бетінде тірші-лік ететін жануардан бүтіндей су жануарларына айналуға көп-теген аралық, жағдайлар бар. Ол филогенетикалық жағынан суда тіршілік ететін сүт қоректілерге — ескек аяқтыларға жақын жыртқыштарда айқын байқалады. Су орталығымен алғашқы байланыс, жануарлардың тамақтық затты тек қана құрлықтан тауып қана коймай, су жағасынан немесе судың өзінен табудан басталады. Мысалы, сасық күзеннің бір түрі — норка тұщы сулардың жағалауында мекендейді. Ол су жағалауынан қазған
264
інінің аузын әрқашан құрлықтан шығарады. Өзі су маңындағы кемірушілермен (әсіресе су тышқандарымен 15—30%), амфибилермен (10—30%) және балықпен (30—70%) қоректенеді. Суда жақсы жүзеді, бірақ оның аяғының құрылысында және жүнінде айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Сумен тығыз байланысты — камшат. Іні судың жағасында болады да аузын судың астынан шығарады. Камшаттар су жағасынан 100—200 метрден артық қашық кетпейді. Негізінен судағы балықтармен (50—80%), амфибилермен (10—20%) қоректенеді. Камшаттардың аяқтары қысқа, саусақтарыньщ арасында тері жарғақтары болады. Құлақ қалқандары өте кішкене келеді. Терісінің жүні ірі, сирек қылшықтан және қалың түбіттен тұрады. Теңіз камшаттарының (Епһуdга Іиtгіз) бір түрі — Солтүстік Тынық мұхитты мекендейтін, систематикалық жөнінен ірі теңіз камшаттарына жақын жануарлар. Олар тіршілігінің көпшілігін суда өткізеді де тыныстау үшін жер бетіне шығады, сөйтіп судағы кірпілермен, моллюскалармен, краптармен, кейде балықтармен қоректенеді. Бұлар түнгі ұйқысын су жағасында өткізеді. Суда жақсы жүзеді, ауа ты-нық уақытта жүзіп су жағасынан алыстап та кетеді. Олар су жағасьша ешқандай бекіністер жасамайды. Аяғы қысқа, саусақтары бірімен-бірі тері жарғақ арқылы қосылған, тырнағының нұсқасы ғана бар, құлақ қалқаны болмайды. Терісінің жүні өте сирек ірі қылшықтан және қалың түбіттен тұрады.
Басқа отрядтың өкілдерінен аздап та болса сумен бай-ланысты түрлерді кездестіруге болады Насеком жемділердің ішшде су жертесері (Nеоmуs fоdіепs) судан тамағының біразын алады, кейде қауіптен кұтылады.
Кемірушілердің ішінде тіршілігін жартылай суда өткізетін көптеген түрлері бар. Бұларға ондатралар, нутриялар жатады. Осы аталған кемірушілер негізгі қоректік заттарын судан, аздап та болса құрлықтан алады. Жауларынан қорғанады, олар су жағасынан ін қазып немесе су бетінде жүзіп жүрген өсімдік қалдықтарынан үйшік жасап, мекен етеді. Құлақ қалқаны болмайды. Саусақтарынын, арасында тері жарғағы болады. Терісі жоғарыда айтылған жартылай су аңдарынікі сияқты болады. Ондатралар мен құндыздардың май бездері жақсы жетілген, бұл құстың безі сияқты қызмет атқарады.
Ескек аяқтылар барлық тіршілігін суда өткізеді, су ішіндегі заттармен қоректенеді, су бетінде тынығады. Тек қана шағылысу, күшіктеу, түлеу үшін жағаға немесе мұзға шығады. Құрылысында өзіндік ерекшеліктері бар. Аяғы ескекке айналған, денесі ұршық тәрізді жұмыр болады. Артқы ескектері жүзген және сүңгіген кезде негізінен локомоторлық құралдың қызметін атқарады. Тері түгі болмайды, жылуды реттеу қызметін тері астындағы май қабаты аткарады.
Ешқашанда құрлыққа шықпайтын нағыз су жануарлары — кит тәрізділер мен сирендер болып саналады. Тері жабындысы
265
(түгі) артқы аяғы болмайды. Локомоторлық органның қызметін құйрық қанаты атқарады.
Су — сүт қоректілер үшін екінші тіршіліктік орта болып есеп-теледі. Алғаш құрлықта тіршілік еткен жануарлар қайтадан су-да тіршілік етуге әр түрлі дәрежеде бейімделген. Жартылай, кейін толығынан су жануары болуының себебі: судан қорек іздеу мен жауларынан жасырынатын болған. Осы жолмен жануарлардың әр түрлі систематикалық топтары шыққан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет