С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы


II. Жер астында мекендейтін сүт қоректілерге



бет119/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   129
II. Жер астында мекендейтін сүт қоректілергекөртышқан-дар, сокырлар, цокорлар жатады. Көртышқандар насеком жеуші-лердің отрядьша, соқырлар, цокорлар кемірушілердің отрядына, қалталы көртышқан көп тістілер отрядына жатады. Бұлардың бәрі де жер астында тіршілік етуге бейімделген, өмір бойы жер қыртысының астыңғы қабатында мекендейтін организмдер. Сүт қоректілердің бұл түрлері жердің әр түрлі бөліктеріне тараған, мысалы көртышқандар, цокорлар, соқырлар Евразияда, көртыш-қандар Солтүстік Америкада, қалталы көртышқандар Австра-лияда тараған.
Бұлар жер астында тіршілік етуге маманданғанымен де, олар жеке топ құра алмайды, өйткені сүт қоректілердің ішінде де жер бетінде тіршілік етуге көшкендерін табуға болады. Мысалы, саршұнақтардың іні — тұратын мекені ғана, ал қоректік затын жер
263
бетінен табады. Көптеген тышкандар, дала тышқандары жерден күрделі ін қазып, бірсыпыра қорегін сол жерден алады. Қыстақ маңында мекендейтін кішкентай сұр тышқан (Місгоtus sосіаlіs) тереңдігі 10—20 см және әрбір 10 м2 жерде 40-қа жететін ауызы бар иректелген күрделі індер қазып, соған азығын жинап тұрақты түрде мекендейді. Орта Азияның оңтүстігінде тараған жалпақ тісті егеуқұйрықтар (Nезоkia іпdiса) тіршілігінің көпшілігін жер астында өткізеді және олар өсімдіктің тамырларымен қоректенеді. Жалпақ тістілер кейде түрлі кезеңде жер бетіне шығып, тамақтық зат іздейді. Жоғарыда келтірілген түрлердің барлығының да інінде сыртқа ашылатын тұрақты аузы болады.
Жер астында тіршілік етуге толық көшкен — көртышқандар цокорлар және соқырлар болып есептеледі. Олар күндіз ешқа-шанда жер бетіне шықпайды. Іні тұрақты мекені емес, жер астымен жүріп өткенде қалған ізі сияқты. Көртышқан бос топырақты жерді қазбай, онын. ішінде топырақты жан-жаққа ысырып” жүзіп бара жатқан сияқты болады. Сондықтан жер астын мекендейтін аңдар індерінің біраз ғана бөлігін (0,01%) мекен етіп, дем алады және балалайды.
Нағыз жер астын мекендейтін жануарлардың құрылысында — ерекше белгілері болады. Денесі жұмыр, мойын айқын бө-лінбеген. Аяғы қысқа, бірақ күшті. Түгі барқыт сияқты қысқа болады. Көздері кішкентай, кейде соқырлардікі тері қатпарлармен жабылып, құлақ қалқаны болмайды. Кейбіреулерінің құйрығының жұрнағы ғана болады. Осындай ерекшеліктердің барлығы олардың жер астындағы інінде де жүруге бейімделушілігі болып саналады.
Әр түрлі жануарлардың жерді қазып, ін жасау тәсілдері түр-ліше болады, мысалы, көртышқандар — өзінін қалақша тәрізді алдыңғы аяқтарының мықты тырнағымен топырақты казып босаған топырақты жан-жақка және артқа қарай ысырып оты-рады. Вертикаль індерде топырақты денесінің алдыңғы жағы-мен итеріп шығарады. Цокорларда алдыңғы аяқтарының табандарымен қазады. Соқырлардың алдыңғы аяқтарының табандары мен тырнақтары нашар жетілген, сондықтан олар жерді өте жақсы жетілген күрек тістерімен қазады. Босаған топырақты-көртышқандар мен цокорлар сияқты иығымен сыртқа ысырып. шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет