С. П. Наумов омыртқалылар зоологиясы


-класс тармағы. САУСАҚ ҚАНАТТЫ БАЛЫҚТАР



бет23/129
Дата28.04.2023
өлшемі1,89 Mb.
#87825
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   129
Байланысты:
ОМЫРТҚАЛЫЛАР ЗООЛОГИЯСЫ. Наумов

6-класс тармағы. САУСАҚ ҚАНАТТЫ БАЛЫҚТАР
(Сгоssорtегуgіі)
Саусақ қанаттылар — өте ескі, әрі толығынан дерлік құрып біткен балықтардың ерекше тобы. Девон мен карбон дәуірінде кеңінен таралып, мезозойда олардың түрлері азайып, тараған ауданы да қысқарған. Бұл таңғажайып балықты ең бірінші рет 1938 жылы 70 м терендіктен Үнді мұхитынан Африканың
оңтүстік жағалауынан, Халумна өзенінің сағасына жақын жерден ұстады. Бұл ұзындығы 150 см, салмағы 57 кг болатын ірі түрі болатын. Оны латимерия (Lаtimегіа Сһаlиmпае) деп атады. Екінші данасында 1952 ж. сол Үнді (Иидия) мұхитының Анжуан аралына жақын маңнан жағадан- 200 метрдей қашықтықтан 15 м тереңдіктен ұстаған. Кейін де осы ауданнан бірнеше рет саусақ қанатты балықтар ауланған. Саусақ қанаттылардың қос тынысты балықтар сияқты желбезек-терімен қатар өкпелері де болған, бірақ олар өзгеріске ұшыраған ішкі танау тесіктері жоқ. Олардың мезозойда тіршілік еткен саусақ қанаттылардан айырмашылығы ауадағы оттегімен тыныс ала алмайды.
Қос қанаттарының құрылысында өздеріне сәйкес өзгешелік-тері бар. Олардың табан жағында етті жалпак қалақшасы бо-лады, соның ішінде қанат қаңқасының негізгі бөлімдері жата-ды. Аяқтарының бұлшық еттері жер бетінде тіршілік ететін омыртқалылардікі сияқты, аяқтарының қозғалып тұратын бө-лімдеріне бекіген. Кейбіреулерінің қанат қаққалары бес сау-сақты алақан сияқты болып келеді. Қанат негізінің тіреуі боза-лия болады және ол иық сүйегіне ұқсайды. Иық сүйегінен кейін базалияның екі элементтері тарайды, бұлар кәрі жілік пен шынтақ сүйектеріне ұқсайды, одан әрі қарай бірнеше саусақ сияқты қауырсындар тарайды. Сондықтан оларды саусақ қанатты балықтар деп атайды.
Дене пішіні ромб немесе дөңгелек келген қалың сүйек плас-тинкаларымен — космоидты қабыршақтармен қапталған. Пластинкалардың үстіңгі беті түрі өзгерген дентинмен, яғни космин-мен және жұқа эмаль қабатымен жабылған. Терісінің мұндай сүйектенуі алғашқы кездегі амфибилерді еске түсіреді. Соны-мен қатар, саусақ қанатты балықтарда висцеральдық саңылаудың қалдығы бар, ол амфибилерде ортаңғы құлақ қуысына айналады.
Саусақ қанаттылардьщ қос тынысты балықтарға жакын еке-нінде ешқандай күмән жоқ және олар бір түбірден тараған бо-луға тиіс. Олар алғашқы кезде тұщы суларда тіршілік еткен және онда әрдайым оттегі жеткіліксіз болған болу керек. Соның салдарынан қос тыныс жолы пайда болып, оттегі жетіспеген кезде бұл балықтар да қос тыныстылар сияқты әлсін-әлі су бетіне көтеріліп, атмосфералық ауамен өкпесі арқылы тыныс алған. Су өсімдіктерінің және олардың қалдықтарымен ластануы
55
қанаттарыньщ жүзу қызметін атқарумен қатар денеге тірек бо-луына бейімделуіне себепші болған. Сондықтан бұл жүзу қанаттарының бес саусақты аяққа айналуына себепші болған факты болып саналады. Мезозойда саусақ қанатты балықтар теңізде тіршілік етуге көшкен. Осындай саусақ қанатты балықтар тобының қалдықтары осы кездегі латимериялар болып саналады,
БАЛЫҚТАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫ
Су — тіршіліктік орта болғандықтан тіршілік ету үшін қо-лайлы жағдайлар жасайтын өзіндік көптеген ерекшеліктері де болады. Ондай ерекшеліктеріне: 1. Судың қозғалыста болуы. 2. Су температурасының өзгергіштігі. 3. Газдарды еріту қасиет-тері. 4. Мұз қабатының пайда болуы (судың қатуы).
1. Су орталығының қозғалыста болуы. Судың үздіксіз коз-ғалуы, өзен мен теңіздің ұдайы ағуынан және тайыз, тұйық су қоймаларының өзінде де өзіндік ағыстардың болуынан. Соны-мен қатар, жылудың әсерінен су қабаттары төменнен жоғары, жоғарыдан төмен қарай қозғалып тұрады. Су орталығының осындай ерекшелігі балықтардың тіршілігіне әр түрлі жолмен әсер етеді. Судың қозғалысы механикалық фактор ретінде ба-лықтардыд сыртқы пішініне, қанаттарының дамуына, дене жа-бындыларының сипатына әсерін тигізеді. Мысалы, ағыны қатты тау өзендерінде тіршілік ететін балықтардың формасы ұзынша торпеда тәрізді болады (форель балығы). Ақпайтын немесе жай ағатын суларда тіршілік ететін балықтардың тұрқы қысқа, денесі екі жағынан қысылған болады, мысалы — қарабалық, сазан тағы басқалары.
Судың қозғалғыштығы балықтардың, бір жерден екінші жер-ге ауысуына, еріксіз араласуына себепші болады. Мысалы, Норвегия майшабағының личинкалары, Скандинавияньщ батыс жағалауында уылдырықтан шығады да, Гольфстрим ағысының бір саласымен солтүстік шығысқа қарай, 3 ай ішінде жағалаумен 1000 километрдей қашықтыққа ағып келеді.
Көптеген лосось тәрізді балықтардың өмірі негізінен теңіз-дерде өткенімен уылдырығын ірі өзендердің жоғарғы, ағысы қатты жерлеріне шашады, одан шабақ шығады. Сол шабақтар өзендердің ағысымен пассивті түрде ағып теңіздерге келеді.
Сол сияқты судың қозғалысы қоректік заттардың — планк-тондардың еріксіз қозғалуына, оған байланысты балықтардың да қозғалып, еріксіз араласуына себепші болады.
Температураның өзгергіштігі. Жер бетіне қарағанда судың температурасының өзгеруі азырақ болады. Мысалы, ауаның максимальды температурасы +58° болады (Кіші Азияда), ал минимальды температура —70° (Якутияда). Сонда, ауадағы температураның амплитудасы шамамен 130 градусқа тең болады. Осымен қатар жер бетінде тіршілік ететін жануарларға тек
56
ауа температурасы әсер етіп қана қоймай, өздері үстінде қозғалып жүретін топырақтың да температурасы әсер етеді. Шөл дала шағылдарының үстіңгі кабатының температурасы жазда + 78 градусқа дейін жететіні анықталған, Осыған қарағанда жер бетінде мекен ететін жануарлар температураның амплитудасы 150° шамасындай жағдайда өмір сүреді.
Судағы температураның жағдайы өзгеше болады. Сондық-тан балықтар бұл ортадан жер бетіндегі температураға қара-ғанда әлде кайда төмен температурада тіршілік етеді. Сонымен қатар температурасы +50° шамасындай ыстық бұлақтарда да тіршілік ететін балықтардың түрлері бар. Мысалы, тісті карптар (Сугріпоdопtiае) тұқымдасына жататын Сургіпоdап тасиІагіиs деп аталатын калифорния балығы. Бірақ көпшілік жағдайда балықтар кездесетін ортгдағы температураның жоғарғы шегі +30, +40 градустанәлде қайда төмен болады. Әсіресе, өте тұзды мұхит суларының төменгі қабаттарының температурасы —2 градустан төмен болмайды. Олай болса, балықтар тіршілік ететін судың, яғни ортаның нағыз амплитудасы 35—45 градусқа тең болады.
Сонымен қатар судың температурасының — тіршілік әреке-тінде үлкен маңызы бар екендігін ескерген жөн. Су орталығы-ның температурасы балық организміне тікелей және жанама жолмен әсер етумен қатар судағы газдарды еріту арқылы да әсер етеді.
Балықтар “салқын қанды'” жануарларға жатады. Сондық-тан олардың дене температурасы “жылы қанды” жануарлар-дың дене температурасындай түрақты болмай, тіршілік еткен ортасының (судың) температурасына байланысты өзгеріп оты-рады. Бұл организмдердің физиологиялық ерекшеліктеріне, анығырақ айтқанда жылу пайда болу процесіне байланысты. Балықтарда жылу пайда болу процесі өте баяу орындалады. Мысалы, салмағы 105 г болатын карптар тәулігіне 1 кг сал-мағына 10,2 килокаллория жылу шығарса, салмағы 74 г қара торғай 1 кг салмағына тәулігіне 270 килокаллория жылу шыға-рады. Балықтардың тіршілік еткен ортасының және дене тем-пературасының жоғары немесе төмен болуы, олардың жыныс продуктыларының жетілуіне, уылдырықтарының дамуына, қо ректенуіне үлкен әсер етеді. Су температурасының төмендеуі көптеген балықтарды ұйқыға кетуге мәжбүр етеді. Мысалы са-зан, қарабалық, бекіре тұқымдастары т. б.
Судың жанама әсері балықтардағы газ алмасу құбылысын-дағы ерекшеліктеріне бакылау жасау арқылы болады. Судың газдарды әсіресе оттегін еріту қабілеті оның температурасы мен тұздылығына кері пропорционал болады. Сонымен қатар судың температурасы артқан сайын балықтардың оттегіне мұқтаждығы арта түседі.
57
Қорыта келгенде түрлі балықтардың оттегіне мұқтаждығы түрліше болады. Осы ерекшеліктеріне қарай, оларды төрт топ-қа бөлуге болады.
а) Оттегін өте көп керек ететін балықтар. Олардың тіршілік етуіне қалыпты жағдай болу үшін, бір литр суда 7—11 см3 оттегі болу керек, мысалы, құмжа (Sаlmо tгиttа), гольян (Рһохіnіз рһохіnus), голец (Nеmасһіlиs ЪагbаtuІиs) балықтары.
б) Оттегін көп керек етуші балықтар. Бұлар балықтар тірші-лік ету ушін бір литр суда 5—7 см3 оттегінің ертіндісі болу ке-рек: хариус (Тһуmаllиs tһуmаllиs), голавль (Lеисіsсиs серһа-Іиз), аққайран (GаЬіо gаbіо) т. б.
в) Оттегін басқалардан гөрі азырақ мөлшерде қажет ететін яғни 1 л суда 4 см3 оттегінің ертіндісі жеткілікті болатын балық-тарға: плотва (Rиtilиз rutilиз), алабұға (Регса Паvіаtilіз), тау-тан балықтары (Асегіпа сегпио) жатады.
г) Су ішіндегі оттегінің ертіндісі өте аз болса да тіршілік ете алатын балықтар да бар. Мысалы, сазан, қарабалық, карась. Бұлар 1 л суда 0,5 см? оттегі болса да тіршілік ете береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   129




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет