173
12 БӚЛІМ. ТАРТЫМ ЭЛЕКТРЛІ ҚОЗҒАЛТҚЫШЫ (ТД)
Тартым электрлі қозғалтқышы электрлік энергияны бір сатылы тік тісті
редуктор қҧрылғысымен доңғалақ жҧбына берілетін механикалық энергияға
тҥрлендіру ҥшін арналғын. Әр доңғалақ жҧбы айналымға жеке тартым
электрлі қозғалтқышымен айналымға келтіріледі.
GE 5GEB30 маркалы тартым электрлі қозғалтқышы қысқа тҧйықталған
роторлы ҥш фазалы асинхронды электр машинасы болып келеді.
Ол негізгі ҥш компоненттен қҧралады: станина (корпус), статор және
қысқа тҧйықталған ротор.
Станина ҥш функцияны орындайды: бірінші, статор және ротор
элементтері бекітілетін корпус ролін, екінші, статордың магниттік ӛрісінің
әсерінен басқа тҥйіндер мен агрегаттарды қоғайды, ҥшінші, қоршаған
ортаның әсерінен қорғайды. Тартым электрлі қозғалтқыш статоры
орамасының негізгі негізгі тағайындалуы – машинаның ішінде айналмалы
магнит ӛрісін жасау. Ротор ӛзекшесі электртехникалық болат қабатты
беттерден жиналады, сыртқы жағына ойықтар орналасады, оларға рортордың
қысқа тҧйықталған орамасы салынады. Ондай орама «тиін дӛңгелегін» еске
салады және оны «тиін торы» деп атайды. Қысқа тҧйықталған роторы бар
қозғалтқыштың жылжымалы тҥйісулері болмайды (колекторлы-щеткалық
тҥйін). Осы ерекшеліктер есебінен электрлі қозғалтқыштар жоғары
сенімділікке ие болып келеді. Ротор орамасы мыстан, алюминийден, жезден
және басқа материалдардан жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: