С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім


Көрінеу кінәсыз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту (344-бап)



бет188/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   231
Байланысты:
С. Т. Иксатова ылмысты Ы ерекше б лім

Көрінеу кінәсыз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту (344-бап)


Қылмыстық кодекстің 344-бабында көзделген осы қылмысты жасау азаматтардың конституциялық құқығын өрескел бұзумен бірге, әділсоттылық мүддесіне, жәбірленушінің заңды құқықтары мен бостандықтарына қылмысты қиянат келтіре отырып, заңдылық қағидасының өрескел бұзылуына әкеп соғады. Қылмыстың тікелей объектісі прокуратура, сот, тергеу, анықтама және басқа да осыларға теңестірілген органдардың дұрыс қызметі. Қосымша тікелей объект жәбірленушінің заңды мүдделері (жеке бостандығы, ар-намысы, адамгершілігі, қызметтік немесе мүліктік, мүдделері). Қылмыс объективтік жағынан алғанда көрінеу кінәсыз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту әрекетін жүзеге асыру арқылы сипатталады. Қылмыстық жауаптылыққа кінәсыз тарту деп-кінәсыз адамды айыпкер ретінде қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы қаулы шығаруды айтамыз. Қылмыстық құқық принципі бойынша қылмыстық жауаптылықтың негізгі-істелген іс-әрекетте қылмыс құрамының барлық белгілерінің болуы (Қылмыстық Кодекстің 3-бабы) шарт. Қылмыс жасады деп айыптау үшін негіз беретін жеткілікті дәлелдемелер болған кезде адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы дәлелді қаулы шығарады (ҚІЖК-нің 206-бабының 1-тармағы) Заңның осы талаптарын сақтамай адамды қылмыстық жауапқа тарту заңға қайшы, қоғамға қауіпті іс-әрекет болып табылады. Көрінеу кінәсыздықтың түсінігі кінәсыздық презумпциясымен тікелей байланысты. Кінәсыздық презумпциясына сәйкес әр адам оның қылмыс жасағандығы үшін кінәлылығы Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген тәртіппен дәлелденген және соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін кінәсыз деп танылады. Ешкімде өзінің кінәсыздығын дәлелдеуге міндетті емес. Айыпкердің кінәлылығы жөніндегі күдік оның пайдасына шешіледі. Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу заңын қолдану кезінде пайда болған күмәндер де айыпкердің пайдасына шешілуі тиіс. Сонымен заңда көрсетілген қылмысты істемен кінәсыз адамды негізсіз жауапқа тарту осы қылмыстың объективтік жағының басты белгісі болып табылады. Қылмыс құрылысы жағынан формальдық құрамға жатады және ол кінәсыз адамды қылмыстық жауапқа тарту туралы қаулы шығарған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Ол туралы заңның өзінде көрінеу кінәсыз адамды қылмыстық жауапқа тарту деп тура көрсетіліп отыр. Кінәлы адамның көрінеу кінәсыз екенін біле тұра өзінің қызмет өкілдігін пайдалана отырып, оны қылмыстық жауапқа тартатынын сезеді және соны тілеп істейді. Қылмыстық ниеттің сан алуан болуы қылмыстың ашылу пайызын көрсетуі (айыпкерді жаңылыстырып, оған ашылмай қалған қылмысты тану, кек алу, қызғаныш, өзге де қара ниет ойлар т.с.с.) мүмкін. Заңсыз қылмыстық іс қозғау бұл қылмыстың құрамына жатпайды. Мұндай ретте кінәлы адам лауазымды қылмыстар үшін жауапқа тартылады. Егер сот немесе тергеудің қатесі бойынша адамды қылмыстық жауапқа, оның көрінеу кінәсіз екендігі анықталмаған жағдайда жауапқа тарту, көрсетілген қылмыс құрамын түзбейді. Мұндай әрекеттер тәртіптік теріс қылық немесе салақтық болып табылады. Қылмыстың субъектісі-арнаулы судья, прокурор, тергеуші және анықтама органдарының қызметкерлері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет