С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім


Куәнің немесе жіәбірленушінің жауап беруден бас тартуы немесе жалтаруы (353-бап)



бет196/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   231
Куәнің немесе жіәбірленушінің жауап беруден бас тартуы немесе жалтаруы (353-бап)

Қылмыстық іс және Азаматтық іс жүргізу кодекстері куәгерге немесе жәбірленушіге сотта немесе алдын ала анықтау жүргізу, сондай-ақ алдын ала тергеу жүргізу кезінде дұрыс жауап беруді міндеттейді. Куәгердің немесе жәбірленушінің шындыққа сай келетін жауабы дәлелдеменің көзі болып табылады. Бұлардың жауап беруден бас тартуы сот төрелігінің жүзеге асырылуына кедергі келтірудің нысаны ретінде қарастырылады. Қылмыстың объектісі-сот, тергеу және анықтама органдарының бірқалыпты дұрыс қызметі. Қылмыс объективтік жағынан куәнің немесе жәбірленушінің сотта немесе алдын ала анықтау жүргізу немесе алдын ала тергеу кезінде жауап беруден бас тартуы немесе жалтаруы арқылы көрініс табады. Бас тарту әрекет арқылы (ауызша немесе жазбаша түрде жауап беруден бас тарту) немесе әрекетсіздік арқылы (жауап беру туралы ұсынысқа үндемей қою) көрініс табады. Жалтаруға куәның немесе жәбірленушінің сотқа, тергеуге немесе анықтама органына шақыру туралы хабарлама ала тұра, себепсізден себепсіз келмеуі, жалтару мақсатымен тұратын орнын ауыстыруы, жасырынуы, бірнеше рет шақыруға мән бермеуі т.с.с. жатады. Бас тарту мен жалтарудың тәсілі қылмысты саралауға әсер етпейді. Қылмыс құрамы формальдық. Қылмыс заңда көрсетілген адамдардың жауап беруден заңсыз бас тартуы немесе жалтаруы орын алған сәттен аяқталған деп танылады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлы адам жауап беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны сезеді және соны тілеп әрекет немесе әрекетсіздік жасайды. Қылмыстық ниет әр түрлі болуы мүмкін, ол жаза тағайындағанда есепке алынады.Қылмыстың субъектісі арнаулы, 16-ға толған куә және жәбірленуші.




Алдын ала анықтаудың немесе алдын ала тергеудің деректерін жария ету (355-бап)

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес тергеуші қорғаушыға, куәларға, жәбірленушіге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың заңды өкілдеріне, сарапшыға, маманға, аудармашыға, қалыс адамдарға және тергеу іс-әрекеттерін жүргізу кезінде қатысқан басқа адамдарға өзінің рұқсатынсыз істелген мәліметтерді жария етуге жол берілмейтіні туралы ескертеді, бұл туралы аталған адамдардан олардың жауапкершілігін ескерте отырып, қолхат алады.(205-баптың 2-тармағы). Заң бойынша алдын ала тергеу деректері жария етілмеуге тиіс. Олар егер бұл тергеу мүшелеріне қайшы келмесе немесе басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты болмаса, онда тек тергеушінің, анықтаушының, прокурордың рұқсатымен қандай көлемде жария ету мүмкін деп танылса, сондай көлемде ғана жария етілуі мүмкін. (ҚР ҚІЖК-нің 205-бабының 2-тармағы)Заңның осы көрсетілген талаптарын бұзу әділсоттылықтың мүддесіне орасан зиян келтіруі мүмкін. Қылмыстың тікелей объектісі-тергеу және анықтама органдарының дұрыс қызметі. Қылмыстың объективтік жағы жариялауға жол беруге болмайтыны туралы заңда белгіленген тәртіппен ескертілген адамның алдын ала анықтаудың немесе алдын ала тергеудің деректерін прокурордың, тергеушінің немесе алдын ала анықтау жүргізуші адамның келісімінсіз жария етуі арқылы сипатталады. Тергеу әрекеттері (мысалы тінту) жөніндегі мәліметтерді, сарапшылық тағайындап, куәларды шақыру, заттай немесе әр түрлі құжаттық дәлелдемелер жөніндегі деректерді тергеушінің, анықтама жүргізуші адамның, прокурордың келісімінсіз жұртқа жаю осы деректерді жария ету деп танылады. Жария етудің тәсілі сан түрлі (ауызша, жазбаша, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы) болуы мүмкін.Қылмыстың істелу тәсілдерінің іс-әрекетті саралауға қатысы жоқ. Қылмыс құрылысы жөнінен формальдық құрамға жатады және ол алдын ала анықтаудың, алдын ала тергеудің деректерін жария еткен уақыттан бастап аяқталған деп табылады. Жария ету қылмыстық іс жүргізу процесінің алдын ала анықтау, алдын ала тергеу сатысында ғана іске аксырылады.Қылмыс субъективтік жағынан тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлы адам өзіне деректерді жарияламау туралы ескерту жасалғанына қарамастан оны жариялаудың қоғамға қауіпті екенін сезеді, бірақ-та соны жариялауды тілейді. Қылмыстың субъектісі-қылмыстық іске қатысушы 16-ға толған арнаулы адамдар-куә, жәбірленуші, сарапшы, аудармашы, қалыс адам, қорғаушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер ж.т.б. Егер мұндай деректерді құқық қорғау органдарының қызметкерлері жария етсе, онда олар лауазымдық қылмыстар үшін жауапқа тартылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет