Хатталған немесе иелік етуге тыйым салынған не тәркілеуге жататын мүлікке қатысты заңсыз әрекеттер (357-бап)
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарына сәйкес егер айыпкер, сезікті қылмыс істеу арқылы мүліктік зиян келтірсе келтірілген зиянның орнын толтыру мақсатымен олардың мүлкі хатталуға, пайдалануға тыйым салынуға немесе иелік етуге шектелуі мүмкін. Қылмыстың объектісі-соттың әділсоттылықты жүзеге асыру және сот үкімін орындау жөніндегі дұрыс қызметін реттейтін қоғамдық қатынастар. Қылмыстың затына-хатталған, тыйым салынған немесе иелік етуге шектеу қойылған мүліктер (357-баптың 1-тармағы), тәркілеуге жататын мүліктер (357-баптың 2-тармағы) жатады. Қылмыс объективтік жағы бойынша хатталған, тыйым салынған немесе иелік етуге шектеу қойылған мүлікті осы мүлік сеніп берілген адамның ысырап етуі, иеліктен шығаруы, жасырып қалуы немесе заңсыз беруі, сол сияқты несие ұйымдары қызметкерінің тыйым салынған, не жұмсау операциялары тоқтатылып қойылған ақша қаражатымен банк операцияларын жүзеге асыруы арқылы жүзеге асырылады. Мүлік өзіне сақтауға сеніп берілген адамның оны өз қажетіне жаратып ысырап етуге, ал осы мүлікті бөтенге сату, айырбастау, беру немесе сыйлау жолымен өткізу иеліктен шығару деп танылады. Мүлікті алуға қиындық туғызуға байланысты жасалған кез келген әрекеттер оны жасырып қалу деп, ал тергеушінің немесе судьяның келісімінсіз мүлікті басқа біреуге сақтауға беруін заңсыз беру деп түсінген жөн. Несие ұйымдары қызметкерлерінің кінәлының хатталған салымдарын басқа адамдардың атына аударуы, осындай ақша қаражаттарын төлем ақы ретінде жұмсауы банк операцияларының ережелерін бұзуға жатады.Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған, мүлік өзіне сақтауға сеніп берілген адам немесе тыйым салынған не жұмсау операциялары тоқтатылып қойылған адам қаражатымен банк операцияларын жүзеге асырған несие ұйымдарының қызметкері.
Сотталғандар мен басқадай қылмыстық-құқықтық
күштеу шараларын өтейтіндердің жасайтын қылмыстары.
Достарыңызбен бөлісу: |