*Ұсақ жасушалы рак



бет6/8
Дата04.04.2023
өлшемі1,81 Mb.
#79198
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Тест 604-2к ТОЛЫК

Дерматовенерология

#1
*!35жасар әйел оң жақ қолтық аймағындағы қатты ауру сезіміне шағымданып қаралды. Ауру жедел басталған. Тексергенде оң жақ қолтық шұңқырында көлемі үлкен бұршақтай бірнеше көтеріңкі, қою-қызыл түсті ауру сезімі бар түйіндер, дене қызуы 37,60 С. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:



*сыздауық
*көршиқан
*+итемшек
*лимфаденит
*остеофолликулит

#2
35 жасар ер адамның желкесінде қатты ауыратын инфильтрат, көлемі бала алақанындай. Объективті: инфильтраттың бетіндегі тері қошқыл-қызыл, ортаңғы бөлігі көкшіл түсті және бірнеше жыланкөздері бар, одан қою, қан аралас, жасыл түсті іріңді некротикалық масса бөлініп тұр. Басы ауырып, денесі қалтырайды. Дене қызуы 38,50С.Берілген диагноздың қайсысы дұрыс:



*сыздауық
*+көршиқан
*остеофолликулит
*гуммозды сифилид
*колликвативті туберкулез

#3
*!Маникюрдан кейін, 28 жасар әйелдің оң қолының ІІІ саусағында ауру сезімі пайда болды. Тексерген кезде жалпы жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы 37,0 С, тырнақ фалангасының бүйір бетінде тырнақ көбесінің айналасы ісінген, терісі қызарған, аздаған ірің бөлініп тұр. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:



*шиқан
*+күбіртке
*сыздауық
*эризипелоид
*қатты шанкр

#4
*!Дәрігерге 35 жасар ер адам аяқ-қолының сыртқы бетіне, басының, кеудесiнiң терiсiне пайда болған көптеген ұсақ ашық қызғылт түсті, ақ күміс түсті қабыршықтармен жабылған бөртпелерге шағымданды. Ауырғанына 3 жыл, ауру қыста қозады. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:



*+ псориаз
*екіншілік мерез
*атопиалық дерматит
*қызыл жазық теміреткі
*Жибердің қызғылт теміреткісі

#5
*! 52 жасар ер адамды жарақаттан кейін пайда болған ауру, күйдіру сезімі бар жара пайда болды. Ауырғанына 5 ай. Қосымша ауруларынан ошақты өкпе туберкулезі, аяқтағы көк тамырларының тромбофлебиті бар екендігін айтты. Тексергенде: оң жақ сирағының латералды бөлігінен аяғының басына дейін, шеті иректелген, жиегі тығыздалған, қабынған, түбі тегіс емес, әлсіз, босаң, сұр түсті грануляциямен жабылған, айтарлықтай жалқықты іріңді бөліндісі бар жара. Ем тағайындау үшін төменде берілген дәрілердің қайсысы орынды болып табылады:


*анальгетиктер
*цитостатиктер
*+антибиотиктер
*безгекке қарсы
*стероидты гормондар

#6
*!50 жасар ер адамның мойынның артқы жағына қатты ауыратын инфильтрат пайда болып, біртіндеп өсіп бала алақанына дейін жеткен. Инфильтраттың бетіндегі тері қошқыл-қызыл, ортаңғы бөлігі көкшіл түсті және бірнеше жыланкөздері бар, одан қою, қан аралас, жасыл түсті іріңді некротикалық масса бөлініп тұр. Бас ауырып, денесі қалтырайды. Дене қызуы 38,50С.Қандай емдеу тактикасын тағайындау орынды болып табылады:


*ультродыбыстық ем
* сұйық азотпен күйдіру
*анилин бояуымен өңдеу
*магнито-сәулелі-лазерлік ем
*+хирургиялық ем, антибиотик

#7
*!32 жасар ер адам терісіндегі бөртпеге, қышу сезіміне шағымданды. Ауырғанына бір ай. Қарап тексергенде: дене жабындысы толығымен қызарған, инфильтрацияланған, тері суреті айқындалған, ірі тілікті көп мөлшердегі қабыршықтану. Алақан, табан терісі қалыңдаған, жарылған.Қолтықасты, шап лимфа түйіндері кептер жұмыртқасының көлеміндей ұлғайған, консистенциясы тығызэластикалы.Бет терісінде бірен саран қызғылт түсті, күміс-ақ түсті қабыршықтары бар шетке қарай өсуге бейім түйіншектер. Жергілікті ем тағайындау үшін төменде берілген дәрілердің қайсысы орынды болып табылады:


*антибиотиктер
*антиоксиданттар
*безгекке қарсы
*+кортикостероидтар
*сульфон тобыныңпрепаратары

#8
*! Дәрігер дерматологқа 55 жасар әйел қышу, ауру сезімі, тыртысумен байқалатын табанда орналасқан бөртпелерге шағымданды. Науқас жиі бассейнге барады. Тексергенде: табан күмбезінде және башпай аралықтарында ісінген эритема фонында топтасқан қақпағы тығыз, ақшыл түсті, лайлы сұйықтыққа толы, езілген күріш дәніне ұқсас, көпіршікшелер және көпіршіктер байқалады. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:



*табан рубромикозы
*дисгидротикалық экзема
*эпидермофития, қабыршықты түрі
*эпидермофития, интертригинозды түрі
*+эпидермофития, дисгидротикалық түрі

#9
*!Ауруханаға 65 жасар ер адам башпай арасында орналасқан бөртпеге, қышу және күйдіру сезіміне шағымданып түсті. Тексеру кезінде 5-ші және 4-ші, 4-ші және 3-ші башпай аралықтарында ісіну, ақжемделу, эрозия және жарылу анықталды. Ауырғанына 2 ай. Емделмеген. Моншада жұмыс істейді. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:





*ихтиоз
*екіншілік мерез
*дисгидротикалық экзема
*алақан-табан кератодермиясы
*+интертригинозды эпидермофития

#10
*!48 жасар ер адамның табанында әсіресе тері жүлгелерінің бойында орналасқан ұн тәрізді қабыршықтану байқалады. Аяғындағы барлық тырнақ пластинкалары-сұрғылт-сарғыш түсті, қалыңдаған, жартылай бұзылған. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:



*табан сүйелі
*кәсіби экзема
*екіншілік мерез
*алақан-табан псориазы
*+ табан рубромикозы

#11
*!Дәрігерге 25 жасар ер адам күнге күйгеннен кейін мойынның және денесінің жоғарғы бөлігінде пайда болған көп мөлшерде көлемдері әр-түрлі пигментті дақтардың пайда болуына шағымданумен қаралды. Объективті: сүт қосылған кофе түстес, әртүрлі пішіндегі, көлемдері бетінде кебекті қабыршықтары бар дақтар. Берілген диагноздың қайсысы дұрыс:





*токсидермия
*рецидивті мерез
*+кебекті теміреткі
*себореялық дерматит
*Жибердің қызғылт теміреткісі

#12
*!Дәрігерге 53 жасар ер адам қышу, құрғау, қабыршықтануға шағымданып қаралды.Ауырғанына үш жыл болған, алғаш рет табан терісінің құрғауы, жарылуды аңғарған. Ауруын жоғары тершеңдікпен байланыстырады, өйткені жоғары температуралы цехта жұмыс істейді. Жұмыстан соң күнделікті көпшілік жуынатын душта шомылады. Тексергенде: барлық аяқ-басы башпай аралық қатпарлары зақымданған: қабыршықтану, жарылу, табан терісі инфилтративті, құрғақ, табан жүлгелері айқын көрініп тұр, оларда айқын ұн тәрізді қабыршықтану. Зақым табанның бүйір беттеріне және саусақтарға таралған. Берілген диагноздың қайсысы дұрыс:



*+рубромикоз
*эпидермофития
*қарапайым ихтиоз
*алақан-табан псориаыз
*алақан-табан кератодермиясы

#13
*!10 жасар бала біраз қышу сезіміне, бет терісіндегі және кеудесіндегі бөртпеге шағымданып келді. Ауруқаңғыбас мысықпен ойнағаннан кейін пайда болған. Объективті: бет терісіндегі және кеудесінде бірнеше эритематозды дөңгелек, сұрғылт қабыршықтармен жабылған ошақтар бар. Ошақтардың жиегі ұсақ көпіршікше және серозды қабықтардың әсерінен сәл көтерілген, анық шектелген. Қандай жергілікті емдеу тактикасын тағайындау орынды болып табылады:


*гормоналды крем
*анилин бояулары
*вирусқа қарсы май
*+саңырауқұлаққа қарсы май
*антибиотигі бар қоймалжың

#14
*!11 жасар қыздың басының шашты бөлігінде қызарған терең инфильтрат, беті қалың іріңді қабықпен жабылған. Ошақтың орта бөлігінде- тері жабындысының бұзылуымен байқалатын шаш фолликуласының абсцесі. Фолликуладан аққан ірің«бал ұясын» еске түсіреді, шаш оңай жұлынады.Бала әлсіздікке, дене қызуының 38º-қа көтерілуіне, бас ауруына шағымданады. Мойындағы лимфа түйіндері фасоль көлеміне дейін үлкейген. Қандай жергілікті емдеу тактикасын тағайындау орынды болып табылады:


*лазерлік ем
*сұйық азотпен күйдіру
*ошақты иод ертіндісімен өңдеу
*кератолиткалық май
*+гипертониялық ертіндімен таңба

#15
*!16 жасар қыз басының шашты бөлігінде қышу және шаштарының сынуымен жүретін бөртпелерге шағымданды. 4 айдан бері ауырады. Науқас жер үйде тұрады, үйінде иті және мысығы бар. Тексергенде: бастың шашты бөлігінде диаметрі 2х3см, шекарасы айқын емес, дұрыс емес пішінді бірнеше эритематозды-қабыршықты ошақтар көрінеді. Ошақтағы кейбір шаштар тері бетінен 6-8 мм жоғарыда сынған. Шаш сынықтары саңырауқулақ спораларының тығыз футлярымен қоршалған. Қандай емдеу тактикасын тағайындау орынды болып табылады:


*лазерлік емс
*сұйық азотпен күйдіру
*кератолитикалық майлармен өңдеу
*+ошақты йод ертіндісімен өңдеу
*гипертониялық ертіндімен өңдеу

#16
*!Дерматологтың қабылдауына 35 жасар ер адам жыныс мүшесінде орналасқан бөртпелерге, қышу және күйдіру сезіміне шағымданып қаралды. Объективті: жыныс мүшесінің басында, қызарған фонда жалқықты сұйықтығы бар, топтасқан көпіршікшелер анықталды. Бөртпе бейтаныс әйелмен жыныстық қатынасқа түскеннен кейін пайда болған. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:



*хламидиоз
*гарднереллез
*жұмсақ шанкр
*біріншілік мерез
*+гениталды ұшық

#17
*!13 жасар жасөспірімнің қолбасының сыртқы бетінде көп мөлшерде, шектелген, тығыз, ауру сезімінсіз, тері бетінен көтеріңкі, жарты шар тәрізді, қабынусыз, кір-сұрғылт түсті, диаметрі 5 мм, беті кедір-бұдыр түйіншектер. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:



*ұшық
*экзема
*мерез
*псориаз
*+сүйел

#18
*!13 жасар баланың ЖРВИ-тан кейін бетінде пайда болған айқын гиперемия фонында пайда болған көпіршікшелерге, ауру сезімі, күйдіруге шағымданып қаралды. Ошақ айқын қызарған. Бөртпелер беттің жүйке-жүйесінің бойымен орналасқан. Бірнеше күн бұрын зақымдалған ошақта қоңыр түсті қабықтар пайда болды. Тыныштық жағдайда және қозғалған кезде қатты ауру сезімі мазалайды. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:



*жай теміреткі
*+белдеулі теміреткі
*вульгарлы пемфигус
*буллезді эпидермолиз
*герпетиформды Дюринг дерматозы

#19
*!7 жасар баланың бетінде түстері тері түсіндей, інжу тәрізді жылтыр, көлемдері 0,1-ден 0,5 см-ге дейін, жарты шар тәріздес, ортасында кратер тәрізді шұңғылы бар түйіншектер. Пинцетпен түйіншекті қысқан кезде ірімшік тәрізді қоймалжың бөлінеді. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:



*фолликулиттер
*жазық сүйел
*тікенекті теміреткі
*+жұқпалы моллюск
*қызыл жазық теміреткі

#20
*!55 жасарер адам іріңдіктер, қызару, ісіну, сулану, қабық пайда болған. Зақым ошағы ірі ошақты, жиегі иректелген, жан-жағындағы тіннен айқын шектелген, көкшіл-қызыл түсті, қабынған. Қабықты алғанда асты ылғалды, мөлдір жалқық бөлетін микроэрозиялар бар. Берілген дәрілік препараттардың қайсысыг тағайындау орынды:


*анальгетик
*цитостатик
*+антибиотик
*стероидты гормондар
*безгекке қарсы дәрілер

#21
*!38 жастағы әйел білек және кеудесінде пайда болған бөрпеге байланысты шағымдалды. Ауырғанына 3 жыл болған. Ауру көбіне диетаны бұзумен, әсіресе шоколад жеген соң пайда болады. Тексергенде: бет, мойын, білек терісі аздап инфильтрацияланған, көкшіл-қызыл түсті. Осы фонда көптеген майда түйіншектер, микровезикулалар, жалқықты аймақтар. Кеуде мен жамбаста жиегі айқын емес, көлемі әртүрлі эритематозды-қабыршықты бөртпелер бар. Субъективті – аздаған қышыну сезімі. Берілген жергілікті ем тактикасының қайсысын тағайындау орынды:


*лазерлік ем
*гормоналды майлар
*ультродыбыстық ем
*сұйық азотпен күйдіру
*+сулы-құрғақ таңба

#22
*!40 жастағы қойшы бетінде, мойнында қызыл дақтардың пайда болғандығына шағымданады. Бұрын өкпе қабынуы, гастрит аурулармен ауырған. Жанұясында мұндай аурумен ешкім ауырмаған. Былтырғы көктемнен басталған. Қарағанда: маңдайының, құлақтарының, мойнының терісінде диаметрі 3 см тең, дөңгелек, қып-қызыл түсті эритематоздың ошақтар орналасқан. Бетінде тығыз орналасқан қабыршақтар бар, оларды алғанда ауырады. Кейбір дақтардың оралығында – семулі тыртық анық көрінеді. Берілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін:


*+қызыл жегі
*қызғылт безеу
*склеродермия
*кәдімгі безеу
*себореялық экзема

#23
*!19 жасар әйел 2 жылдан бері тері ауруымен ауырады. Ауыру созылмалы, көктемде, жазда қозып кетеді. Қарағанда: мойнының екі жағында диаметрі 1-5 см дөңгелек және үлгісі дұрыс емес 3 зақым ошағы орналасқан. Зақым ошағында эритема, қабыршақтар, ортасында сему көрінеді Ошақтардың шеттерінде телеангиэктазиялар байқалады. Берілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін:


*қызғылт безеу
*псориаз
*+дискоидттық қызыл жегі
*аллергиялық дерматит
*туберкулезді жегі

#24
*!23 жастағы әйелдің кеңсірік пен қабақ терісінде «көбелек» тәрізді инфильтратты эритематозды табақшалар орналасқан, беттері тығызданған қабыршықтармен жабылған. Ошақтың ортасында тыртықты атрофия, шетінде- телеангиэктазия, гипер және депигментация. Берілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін:


*диссимирленген қызыл жегі
*табақшалық псориаз
*+дискоидты қызыл жегі
*табақшалы склеродермия
*жүйелі қызыл жегі

#25
*!25 жасар науқас созылмалы ағымда өтетін, көктем-жаз айларында асқынатын тері ауруымен 2 жыл ауырады. Тексергенде мойынның бүйір беті терісінде диаметрі 1-5 см, домалақ және дұрыс емес пішінді 3 зақымдану ошағы анықталды. Ошақта эритема, қабыршықтану, ортасында атрофия. Ошақ жиегімен және айналасында телеангиоэктазиялар анықталады. Берілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін:


*қызғылт безеу
*+дискоидты қызыл жегі
*туберкулездік жегі
*аллергиялық дерматит
*табақшалы склеродермия

#26
*!Қандай диагностикалық тәсілдер сіздің диагноды нақтай алады: кеңсірік пен қабақ терісінде «көбелек» тәрізді инфильтратты эритематозды табаңшалар орналасқан, беттері тығызданған қабыршықтармен жабылған. Ошақтың ортасында тыртықты атрофия, шетінде- телеангиэктазия, гипер және депигментация. Сіздің диагнозыңызды қай симптомдар бекітеді:


*Уикхем белгісі
*Никольский белгісі
*Асбо-Хансен белгісі
*псориаздық үштік
*+«әйел өкшесі» белгісі (мүйізді тікенекшелер)

#27
*!34 жастағы әйелдің кеңсірік пен қабақ терісінде «көбелек» тәрізді инфильтратты эритематозды табақшалар орналасқан, беттері тығызданған қабыршықтармен жабылған. Ошақтың ортасында тыртықты атрофия, шетінде- телеангиэктазия, гипер және депигментация.Қандай дәрілік препараттарды тағайындау орынды болып табылады:


*антибиотиктер
*антиоксиданттар
*+безгекке қарсы
*кортикостероидтар
*саңырауқұлаққа қарсы

#28
*!29жасар ер адам, бет терісінің және бастың шашты бөлігінің зақымына шағымданып қаралды. Қарап тексергенде: бастың шашты бөлігінде беті тегіс атрофиялық тыртық, оның ортасында тері түссізденген, шетінде жалпақ гиперпигментация зонасы анықталды. Оң жақ жақтың терісінде 5 тиынның көлеміндей, сұр қабыршықтармен жабылған, айқын инфильтратты зақым ошағы. Қабыршықтарды алғанда ауырсынады, қабыршықтың артқы бетінде өсіндісі бар. Науқастың күнге шыққаннан кейін жағдайы нашарлады.Қандай дәрілік препараттар тобын тағайындау орынды болып табылады:


*антибиотиктер
*антиоксиданттар
*+безгекке қарсы
*кортикостероидтар
*вирусқа қарсы

#29
*!Дәрігер венерологқа 28жастағы ер адам бір апта бұрын пайда болған жыныс мүшесінің басындағы жарақатқа шағымданған. 1,5 ай бұрын бейтаныс ер адаммен жыныстық қатынаста болған. Тексергенде: жыныс мүшесінің басындағышекарасы айқын, шеттері тегіс, көлемі 0,5 см, дөңгелек эрозия байқалған. Эрозияның түбі табақшатәрізді, түсі шикі еттің түсіндей, жылтыр, аздаған жалқықты бөліндісі бар. Пальпация кезінде негізінде тығыз инфильтрат анықталды. Субьективті сезімдері жоқ. Сол жағында шаптағы лимфа түйіндері орман жаңғағы көлеміне дейін үлкейген, консистенциясы тығыз-эластикалы, қозғалмалы, ауырмайды. Серологиялық реакциялары теріс.Төменде берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:


*+типті қатты шанкр


*индуративті отек
*гангреноздықатты шанкр
*жұмсақ шанкр
*шанкр тәрізді пиодермия

#30
*!46 жасар маскүнем еркектің денесінде ірі розеолезалар орналасқан. Жыныс мүшесі аймағында-ақжемделген, топтасқан түйіншектер бар. Жыныстық серіктесіндеекіншілік қайталама мерез.РВ, ИФР, БТИР-оң нәтижелі. Төмендегі диагноздардың қайсысы дұрыс?



*біріншілік серонеготивті мерез
*екіншілік жаңа мерез
*+екіншілік қайталама мерез
*үшіншілік мерез
*жалған мерездік түйіншектер

#31
*!22 жасар әйел оң жақ үлкен жыныс ерні күрт ұлғайған, түсі көкшіл түсті, басқан кезде із қалмайтын шағымдармен гинеколог қабылдауында болды. Қанын тексергенде КСР оң, лимфа түйіндері екі жақта да 2,0х1,5 см қозғалмалы ауру сезімінсіз. Анамнезінде ретсіз өмір сүреді. Төменде берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:



*ерте жасырын мерез;
*+біріншілік серопозитивті мерез;
*үшіншілік белсенді мерез;
*екіншілік жаңа мерез;
*екіншілік рецидивті мерез.

#32
*!32 жасар әйелдің аузының шырышты қабатын тексергенде эритематоздық ангина анықталды, Эритема қызыл-көкшіл түсті, анық шектеулі, бадамша бездерін, доғаларды қамтыған. Лабораторлық зерттеуде RW-4+, ИФР-4+. Төмендегі диагноздардың қайсысы дұрыс?



*бейспецификалық ангина
*белсенді үшіншілік мерез
*екіншілік қайталама мерез
*+екіншілік жаңа мерез
*біріншілік серопозитивтік мерез

#33
*!43 жасар ер адамның медициналық тексеру кезінде артқы тесік аймағында гипертрофиялық, вегетациялық, беті ақжемделіп суланған түйіншектер анықталды. Алақандары мен табандарында да түйіншектер бар басындағы шашы селдіреп түсіп қалған.КСР 4 +


Төмендегі диагноздардың қайсысы дұрыс?

*папилломатоз
*геморрой
*үшкір кондиломатоз
*екіншілік жаңа мерез
*+екіншілік қайталама мерез

#34
*!47 жасар ер адам артқы тесік аймағындағы қышынуға, жағымсыз сезімге шағымданып келді. Осы сезімдер екі апта бұрын пайда болған. Қарағанда: жыныс мүшесі мен анус аймақтарында өзара бірігіп кеткен, түбі сіңбелі, беті эрозияланған, қоңыр-қызыл түсті вегетациялық құрылымдар көрінді. Сонымен қатар ер адамда алақаны және табанында түйіншектер, шашы селдіреп түсіп қалған.КСР 4 +Қандай болжамды диагноз қоюға болады?



*+екіншілік қайталама мерез
*токсидермия
*кәсіби экзема
*үшкір кондиломалар
*екіншілік жаңа мерез

#35
*!36 жасар әйелдің бетіндегі көкшіл-қызыл түсті, диаметрі 0,8 см, консистенциясы тығыз, төмпешіктер орналасқан. Ауырғанына үш айдай болған. Вассерман 4+( титр 1:5), БТИР 87%.Төменде берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:



*екіншілік жаңа мерез
*екіншілік рецидивті мерез
* жасырын мерез
*+үшіншілік белсенді мерез
*жасырын туа біткен мерез

#36
*!45 жасар еркектің денесінде ірі бозғылт түсті бірер розеолалар бар. Алақаны мен табанында топтасып түйіншектер орналасқан, полиаденит айқын емес. 1:80 титрде КСР-4+. Төмендегі диагноздардың қайсысын болжауға болады?



*+екіншілік қайталама мерез
*екіншілік жаңа мерез
*ерте жасырын мерез
*туа біткен кеш мерез
*үшіншілік белсенді мерез

#37
*! 35 жасар ер адамның жыныс мүшесінде дөңгелек пішінді, шекарасы айқын, түсі шикі еттің түсіндей, түбінде тығыз сіңбесі бар эрозия анықталды. Субьективті сезімдері жоқ. Қанды зерттеген кезде КСР оң нәтижелі.Төменде берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:



*+біріншілік мерез
*қатерлі жара
*шанкр тәрізді пиодермия
*қотырдағы эктимасы
*гениталдық ұшық

#38
*!24жасар ер адамның басының шашты бөлігінде біркелкі шаштың сиреу ошақтары және дөңгелек пішінді, бір-бірімен қосылмаған 10-15 тиын көлеміндей таз ошақтары. Шаш түскен жердің терісі тегіс, қабыршақты, қабыну белгісі жоқ, шаштар сынбаған. Субъективті сезім жоқ. Ошақтар "күйе жеген теріге" ұқсайды. Қанды зерттеген кезде КСР оң нәтижелі.Төмендегі диагноздардың қайсысы болжамды?



*микроспория
*трихофития
*+екіншілік қайталама мерез
*ошақты таз
*себореялық экзема

#39
*!Анасына екіншілік рецидивті мерез диагнозы қойылған. Емшектегі 9 айлық нәрестені тексерген кезде, қызыл еріннің төменгі бөлігінде көлемі 0,5х 0,5см дөңгелек пішінді, негізі тығыз, ауру сезімінсіз, қабықпен жабылған эрозия анықталды. Жақ асты лимфа түйіндерініңкөлемі 2,5 Х 3,0 см, тығыз-эластикалық, ауырмайды, жан жағындағы тінмен байланыспаған, РВ 4+. Төменде берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:



*+біріншілік серопозитивті мерез
*езулік (заеда)
*молочница
*хейлит
*жай ұшық

#40
*!55 жасар әйелдіңмұрын қырында гумма, денесінде топтасқан төмпешік және мозаикалы тыртық табылды. ВР-теріс.РИФ 4+, РИБТ 95%. Төменде берілген диагноздардың қайсысы дұрыс?





*+үшіншілік белсенді мерез
*біріншілікмерез
*екіншілік жаңа мерез
*екіншілік рецидивті мерез
*обыр жарасы

#41
*!30 жасар әйелдің мойнының артқы бетінде гиперпигментті фонда депигментті ошақтар бар, шаштың диффузды түсуі байқалады. Өзін соңғы екі ай аурумын деп санайды.Тексерген кезде РВ 4+, РИТ 80%. Төменде берілген диагноздардың қайсысы дұрыс?





*кебекті теміреткі
*витилиго
*розеолезді сифилид
*+екіншілік мерез
*токсидермия

#42
*!Венерологтың қабылдауына 27 жасар ер адам жыныс мүшесінің ісінуіне шағымданып қаралды. Шағымы бейтаныс әйелмен жыныстық қатынасқа түскеннен кейін 3 аптадан соң пайда болған. Қарап тексергенде күпекте ауру сезімінсіз, басқан кезде із қалмайтын ісік анықталды. Тері тоқыраулы-қызыл түсте. Жедел қабыну белгілері жоқ. Шап аймағында регионарлы лимфа түйіндерінің ұлғаюы байқалады. Төменде берілген диагноздардың қайсысы дұрыс?



*+индуративтіісік
*лимфогрануломатоз
*шанкр тәрізді пиодермия
*жұмсақ шанкр
*гениталды ұшық

#43
*!Әйелдің үшінші жедел босануы, 3,5 кг уақыты жеткен босанумен аяқталды. Баланың алақан, табан терісінде, денесінде жалқықты сұйықтыққа толы, негізінде тығыз инфильтраты бар көпіршіктер. Баланың анасы әйелдер кеңесінде жүктілік бойынша есепте тұрмаған. Анасын тексерген кезде КСР оң нәтижелі. Төменде берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:



*Риттер ауруы
*+туа біткен мерез
*көпіршікті эпидермолиз
*стафилококты пемфигус
*жайкөпіршікті теміреткі

#44
*!Нәрестенің бет аймағында инфильтрация, соның салдарынан тері қатпарлары жазылған, сипағанда тығыз, созылмайды. Ерні қалыңдау, ісінген, сарғыш-қызыл түсті, қызыл ерін және шырышты қабық кернеулі, зақым ошағының беті ақжемделген және сулы. Жылағанда қызыл ерінді қамтитын беткей және терең жарылулар пайда болады. Жарылулар ауызға перпендикулярлы орналасқан, қанайды және жылдам қабықпен жабылады. Сәбидің анасында екіншілік рецидивті мерез. Төменде берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:



*екіншілік мерез
*біріншілік мерез
*үшіншілік мерез
*+туа біткен мерез
*ерте жасырын мерез

#45
*!10 жасар ұл бала физикалық және интелектуалды жағынан дамуы төмен, жиі суық тиіп ауырады. Бас сүйегі бөксе тәрізді, мұрны ер тоқым тәрізді, ауыз қуысының шырышты қабығы өзгермеген. Алдыңғы жоғарғы екі кескіш тісі бөшке тәрізді. Тістің кескіш беті жарты ай тәріздіойылған. Таңдайы жоғары орналасқан. Бала балалар үйінде тұрады, ата анасы белгісіз. РИФ 4+ и РИБТ 94 % .Төменде берілген диагноздардың қайсысы дұрыс



*ихтиоз
*дерматомиазит
*склеродермия
*+туа біткен мерез
*балалардың церебралды параличі

#46
*!Екі айлық нәрестенің ішкі ағзаларында және терісінде көзге көрінерлік өзгеріс болмаса да, аяқ қолының қозғалысы шектелген. Қол басы «тюлень табаны» секілді бүгілген, аяғында контрактура бар. Аяқ-қолы қимылдағанда ауру сезімінің әсерінен бала шыңғырып жылайды.Тері сезімталдығы аяқ-қолда сақталған. Рентгенограммада эпифиз және диафиз аралығында қою түсті ыдырау белдеуі. Төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын диагнозды нақтау үшін тағайындау орынды:


*дақылдық
*микроскопиялық
*+серологиялық
*иммунологиялық
*цитологиялық

#47
*!58 жасар әйел қатты таңдайдың шырышты қабығындағы, тамақ ішкенде қиындық туғызатын, болар-болмас ауыратын жараға шағымданып қаралды. Зақымның пайда болғанына бірнеше ай. Тексергенде: жара саңылау тәрізді некрозды өңезі бар, жараның түбінде қатты таңдайдың перфорациясына айналуына әкелетін, сүйектің дефектісі.Төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын диагнозды нақтау үшін тағайындау орынды:


*бактериологиялық
*патогистологиялық
*цитологиялық
*+серологиялық
*бактериоскопиялық

#48
*Венерологтың қабылдауына 28 жасар әйел жыныс мүшелерінде шыққан бөртпелерге шағымданып келді.Объективті: гениталии көптеген аймағында көптеген лентикулярлық, мыс-қызыл түсті, тығыз-эластикалық түйіншектер анықталды. Диагнозды анықтау үшін қандай зерттеулер қажет?


*+серологиялық
*культуралдық
*люминисценттік
*гистологиялық
*биохимиялық

#49
*!Гинеколог дәрігерге 20 жасар әйел, кездейсоқ жыныстық қатынастан кейін пайда болған көп мөлшердегі көпіршікті бөліндіге, вульвааймағындағы қышу, күйдіру сезіміне шағымданды. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:



*+трихомониаз
*хламидиоз
*соз
*кандидоз
*микоплазмоз

#50
*!Дәрігерге 27 жасар ер адам, жыныс мүшесінен бөлінген көп мөлшердегі іріңді бөліндіге, зәр шығару кезіндегі күйдіру сезіміне шағымданды. Ауырғанына 5 күн. Ауруын кездейсоқ жыныстық қатынаспен байланыстырады. Қарап тексергенде уретра еріндерінің шырышты қабығы қызарған және ісінген. Жыныс мүшесінен көп мөлшерде іріңді бөлінді. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:



*кандидоз
*+соз
*трихомониаз
*хламидиоз
*гарднереллез

#51
*!20 жасар Т-деген әйелді, әйелдер кеңесі бөлімінен тексеруге жіберген, өйткені оның жұбайы ОТВД-де жаңа созбен емделуде. Бөгде адаммен жыныстық қатынаста болмаған. Тексергенде: қынаптың шырышты қабаты және жатырдың мойны қызарған, қынаптың артқы ылдиында көп мөлшерде іріңді бөлінді. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:



*+жаңа жедел соз
*жаңа торпидті соз
*гонококк тасымалдаушы
*созылмалы соз
*клиникалық белгісі жоқ соз

#52
*!Келесі клиникалық – лабораториялық белгілерге сүйеніп диагноз қойыңыз: таңертең мардымсыз шырышты-іріңді бөлінді көрінеді, ауырғанына 3 ай болған, арнайы бояғанда жағындыда жасушалардың ішінде және сыртында орналасқан, қызғылт жұп кокктар табылған.


*жаңажеделдеу соз
*+созылмалы соз
*жаңа баяусоз
*бактериалды уретрит
*уреаплазмоз
#53
*!Венерологтың қабылдауына екі апта бұрын бейтаныс әйелменжыныстық қатынасқа түскен ер адам келді. Жыныстық қатынастан кейін 5 күннен соң зәр шығарғанда кесу сезімі, уретрадан көп мөлшерде іріңді бөлінді пайда болды. Объективті:уретра еріндері ісінген, қызарған, көп мөлшерде іріңді бөлінді.Зәрдің бірінші бөлігі - лайлы, екіншісі - мөлдір, таза. Уретрадан алынған жағындыда гонококтар анықталды.Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:

*кандидоз
*+соз
*трихомониаз
*хламидиоз
*гарднереллез

#54
*!23жасар әйел жыныс мүшесіндегі аздаған шырышты іріңді бөліндіге шағымданып келді. Тексергенде: жатыр мойны ісінген, қызарған, жатыр мойнының сыртқы айналасында кіші көлемді эрозия байқалады. Романовски- Гимзе тәсілімен боялған препаратты микроскоппен зертегенде, қызғылт түсті цитоплазматикалық қосындылар табылған. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:



*гонореясоз
*трихомониаз
*микоплазмоз
*уреоплазмоз
*+хламидиоз
#55
*!23 жасар әйел сыртқы жыныс мүшесі аймағындағы ашу, қышу, жағымсыз иісті, сүт түстес бөліндіге шағымданып дәрігерге қаралды. Клиникалық қарау нәтижесінде келесі өзгерістер анықталды: жедел кольпит, артқы ылдиында көп мөлшерлі ірімшік тәрізді бөлінді, 10% КОН сынамасы оң. Жағындыда лейкоциттер саны көп, «кілттік» жасушалар >20%, бүршіктенуші ашытқылы жасушалар және жалған мицеллилер. Дақылдық ортада қынап трихомонадасы табылмады. Берілген диагноздардың қайсысы дұрыс:

*урогениталдық бактериалды вагиноз
*+жедел кандидоз, гарднерелез
*жедел урогениталдық кандидоз
*жедел урогениталдық хламидиоз
*жедел урогениталдық уреаплазмоз

#56
*!37жасар әйел етеккір келген кезде күшейетін сол жақ бүйіріндегі ауру сезіміне, мардымсыз жалқықты бөліндіге шағымданды. Акушерлік гинекологиялық анамнезі:соңғы екі жүктілігі ерте мерзімде жүктіліктің 8-9 аптасында түсікпен аяқталған. Берілген тексеру әдістерінің диагноз қою үшінқайсысы орынды болып табылады:


*дақылдық зерттеу
*экспресс-диагностика әдісі
*+полимераздытізбекті реакция
*нативті препараттарды зерттеу
*Грамм бойынша боялған шырыш қырындысы

#57
*!Әйелдер кеңесіне, науқас әйел етеккір келген кезде күшейетін ішінің төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне, бедеулікке шағымданып қаралды. Анамнезінде:сальпингит. Жағындыда Trichomonas vaginalis анықталды, ИФА нәтижесі Neisseria gon.титрының оң екенін көрсетті.Берілген науқасты жүргізу тактикасыныңқайсысы дұрыс:


*антибиотик және физиоем тағайында
*венеролог дәрігерге бағыттау
*бір уақыттасоздық және трихоманадтық инфекцияны емдеу
*арандатудан кейін ем тағайындау
*+создық және трихоманадтық инфекцияны ретімен емдеу

#58
*!40 жасар әйелдің ішінің төменгі бөлігіндегі тартып ауыратын ауру сезімі, көп мөлшердегі көпіршікті бөлінді. Тексергенде: қынаптың шырышты қабығы қызарған, қынаптың артқы ылдиында көп мөлшерде іріңді бөлінді. Жағындыда Trichomonas vaginalis қоздырғышы анықталды.Төменде берілген дәрілердің қайсысын тағайындау орынды болып табылады:


*диклофенак
*цефтриаксон
*+метронидазол
*микосист
*ацикловир

#59
*!32 жасар әйел гинекологқаішінің төменгі бөлігіндегі тартып ауыратын ауру сезіміне,етеккір кезінде күшейетін бөліндіге, бедеулікке шағымданып. Анамнезінде: екі жақты аднексит.Жағындыда: лейкоциттер 7-8 көру аймағында, Trichomonas vaginalis анықталды, ИФА нәтижесі Neisseria gon.титрының оң екенін көрсетті.Төменде берілген дәрілердің қайсысын тағайындау орынды болып табылады:


*+трихопол, доксициклин
*трихопол, флюконазол
*трихопол, циклоферон
*трихопол, зовиракс
*трихопол, эриус

#60
*!37 жасар әйел ауру және күйдіру сезімімен қабаттасқан жыныс мүшесінен бөлінген көп мөлшердегі іріңді бөліндіге шағымданып келді. Ауырғанына 3күн. Объективті:қынаптың шырышты қабығы және жатыр мойнының ісінуі және қызаруы, қынаптың артқы ылдиында көп мөлшердегі бөлінді. Аналды және перианалды аймақта қызару, ақжемделу, сфинктер қатпарының ісінуі анықталды. Төменде берілген дәрілердің қайсысын тағайындау орынды болып табылады:


*висмут препараты
*йод препараты
*вирусқа қарсы
*+антибиотиктер
*дәрумендер

ВИЧ

#1
*!АИВ–инфекциясын біріншілік анықтауға қолданылатын зерханалық диагностикалық әдіс:


*+иммуноферменттік анализ
*иммуноблот
*полимеразды тізбектік реакция
*вирустың микроскопиясы
*комплементтің байланыс реакциясы

#2
*!АИВ–инфекциясы жағдайында диагнозды нақтылауға қолданылатын зерханалық диагностикалық әдіс:


*иммуноферменттік анализ
*+иммуноблот
*полимеразды тізбектік реакция
*вирустың микроскопиясы
*комплементтің байланыс реакциясы

#3
*!АРТ-нің тиімсіздігінің алғашкы айғағы:


*туберкулездің дамыуы
*+вирустық жүктеменің көтерілуі
*оппортунистік ауралардың пайда болуы
*науқастың жағдайының нашарлауы
*реконструция синдромының дамыуы

#4
*!АИВ-пен өмір сүретін адамдардың АРТ-ға тұрақтылықтың төмендігі салдарынан болатын жағымсыз нәтиже:


*+АРВ препараттарына резистенттіліктің дамыуы
*жанама әсерлер
*науқастың жағдайына әсері жоқ
*вирустық жүктеменің төмендеуі
*ЗТО тағайындауды керек етеді

#5
*!АИВ-инфекциясының өршуінің клиникалық белгілері:


* ауыз қуысының кандидозы, «түкті лейкоплакия»
* герпетикалық инфекция
* қызба, әлсіздік
* диарея, салмақ жоғалту
* + көрсетілгендердің барлығы

#6
*!АИВ-инфекциясының I клиникалық сатысына тән белгілер:


*мононуклеозға ұқсас синдром
*терінің және сілемейлердің жеңіл зақымдануы
*+персистерленген жайылмалы лимфаденопатия
*ішөтпе
*герпес инфекциясы

#7
*!АИВ-инфекциясының II клиникалық сатысында көрінетін симптомдар:


*+белдемелік лишай
*криптоспоридиоз
*персистирленген жайылмалы лимфаденопатия
*өкпенің туберкулезі
*жайылмалы герпес инфекциясы

#8
*!АИВ-инфекциясының IIIклиникалық сатысында науқаста көрінетін белгілер:


*өкпеден тыстуберкулез
*+өкпенің туберкулезы
*өкпенің кандидозы
*Капоши саркомасы
*цитомегаловирусты ретинит

#9
*!АИВ-инфекциясының I клиникалық сатысы сипатталады:


*дене салмағының азаюымен
*субфебрилитпен
*миалгиямен, артралгиямен
*әлсіздікпен, терлеуімен, жұмысқа қабілеттілігі төмендеуімен
*+АИВ-ке қанда антиденелердің болуымен

#10
*!АИВ-инфекциясының жедел фазасының ең алғашқы симптомдары:


*дене салмағының азаюы
*ұзақ диарея
*жайылмалы лимоаденопатия
*Капоши саркомсы
*+мононуклезге ұқсас синдром

#11
АИВ-инфекцияның II клиникалық сатысында пайда болатын симптомдар:


*+белдемелік лишай
*криптоспоридиоз
*персистирленген жайылмалы лимфаденопатия
*өкпенің туберкулезі
*жалпылама герпес инфекциясы

#12
*!АИВ-инфекциясының III клиникалық сатысында науқаста пайда болатын белгілер:


*өкпеден тыс туберкулез
*аргулярлы хейлит
*+ауыз қуысының кандидозы
*Капоши саркомасы
*цитомегаловирусты ретинит

#13
*!АИВ-инфекциясының IV клиникалық сатысы сипатталады:


*терінің және сілемейлі қабықтарының саңырауқұлақты, бактериальды және (немесе) вирусты этиологиясымен қайталана беретін зақымдануы
*1 айдан астам тұрақты қызба
*+цитомегаловирусты ретинит
*1 айдан астам тұрақты диарея
*өкпе туберкулезі

#14
*!Кері транскриптазаның нуклеозидті тежегішінің әсер ету механизмі:


*+препарат кері транскрипция үрдісін тежейді (вирустық РНҚ матрицасында вирустық ДНҚ синтездейді)
*препарат хемокин рецепторларына әсер етеді
*препарат провирустық ДНҚ-ның адам ДНҚ-сына түзілуін тежейді
*препарат АИВ-тің протеазасымен бірлеседі де вирустық нәруыздың әсерін тежейді
*препарат вирусты толығымен жойып жібереді

#15
*!Протеаза тежегішінің әсер ету механизмі:


*препарат кері транскрипция үрдісін тежейді (вирустық РНҚ матрицасында вирустық ДНҚ синтездейді)
*препарат хемокин рецепторларына әсер етеді
*препарат провирустық ДНҚ-ның адам ДНҚ-сына түзілуін тежейді
*+ препарат АИВ-тің протеазасымен бірлеседі де вирустық нәруызды бөлшектеп кесуді тежейді
*препарат вирусты толығымен залалсыздандырады

#16
*!Жедел АҚТҚ-инфекциясы кезіндегі тромбоцитопениялық пурпураның белгілері:


* мұрыннан қан кету
* экхимоздар, геморрагиялар, петехиялар
* қызыл иектен қан кету, жатырдан қан кету
* тромбоциттер саны 40 000-нан бірайдан 3 айға дейін
* + жоғарыда айтылғандардың барлығы

#17
*!Интеграза тежегішінің әсер ету механизмі:


*препарат кері транскрипция үрдісін тежейді (вирустық РНҚ матрицасында вирустық ДНҚ синтездейді)
*препарат хемокин рецепторларына әсер етеді
*+препарат провирустық ДНҚ-ның адам ДНҚ-сына түзілуін тежейді
* препарат АИВ-тің протеазасымен бірлеседі және вирустық нәруыздың пайда болуын тежейді
*дәрілер вирусты толығымен жояды

#18
*!АИВ-пен зақымдалған жүкті әйелдерден нәрестеге жұғу қаупін төмендету үшін антиретровирустік ем жүргізілетін жағдай:


*вирустік жүктемесі 1000 көшірме/мл кем
*вирустік жүктемесі 1000 көшірме/мл астам
*вирустік жүктемесі 1000 көшірме/мл кем және CD4 саны қалыпты деңгейде
*вирустік жүктемесі 1000 көшірме/мл астам және CD4 саны төмен деңгейінде
*+вирустік жүктемесіне және CD4 санынан қарамастан АИВ-пен зақымдалған барлық әйелдерге

#19
*!АРТ қабылдайтын науқаста зертханалық бақылау жүргізілетін зертханалық көрсеткіштер:


*+ART нәтижелерін бағалау үшін 6 ай сайын ВЖ және 3 ай сайын CD4 лимфоциттер саны анықталады
*вирустық жүктеме AРT басталғанға дейін және 12 айда 1 рет анықталады
*ВЖ айына бір рет анықталады
*CD4 лимфоциттерінің саны 3 айда 1 рет өлшенеді
*CD4 лимфоциттер саны AРT басталғанға дейін, содан кейін 12 айда бір рет анықталады

#20
*!АИТВ инфекциясы кезіндегі криптококкты менингиттің диагностикалық белгілері:


* субфебрильді қызба
*бас ауруы
*жүрек айнуы
*+менингиальды белгілер, фотофобия,көру нервінің ісінуі, VI жұп БМН параличі
*CD4 лимфоциттерінің деңгейі 500 жасушадан / мкл төмен

#21
*!АИВ кезіндегі церебральды токсоплазмозды диагностикалаудың клиникалық-диагностикалық өлшемдері:


*энцефалопатия
*фебрильді құрысулар
*температураның қысқа мерзімді жоғарылауы
*+ МРТ-да мидың бірнеше ошақтық зақымдануы
*менингит

#22
*!Жедел АИВ-инфекциясы кезіндегі полиаденопатияның сипаттамасы:


*қызба, терлеу, қалтырау
*шаршағыштық, жұмысқа қабілеттің төмендеуі
*алдымен шүйде лимфа түйіндерінің, содан кейін мойын, жақ асты, қолтық асты, шап бездерінің ұлғаюы
*лимфа түйіндері жұмсақ, ауыртпалықсыз, бір-біріне жабыспаған
*+жоғарыда айтылғандардың барлығы

#23
*!АИТВ-инфекциясының соңғы сатысындағы асқазан-ішек жолдарының зақымдалуы мыналармен байқалады:


*кандидоз, криптоспоридиоз, изоспориоз
*цитомегаловирус және герпетикалық инфекциялар
*Капоши саркомасы және лимфома
*микобактериоз
*+жоғарыда айтылғандардың барлығы

#24
*!АИВ-инфекциясы кезіндегі бүйректің зақымдануының негізгі түрлері:


*гломерулосклероз
*гломерулонефрит
*интерстициалды нефрит
*некротикалық нефроз
*+жоғарыда айтылғандардың барлығы

#25
*!АИВ-ның соңғы сатысы бар науқастарда өкпенің зақымдануын көрсетіңіз:


*инфекциялық пневмония
*микоздар
*Капоши саркомасы
*лимфоидты интерстициальды пневмония, альвеолярлы протеиноз
*+барлығы көрсетілген

#26
*! Дәрілерді қабылдамайтын АИВ-инфекциямен науқас жоспарлы тексеріске келді. 6 ай бұрын тексерісте лимфоциттердің саны CD4 860 мкл–1 болған, лимфоциттердің пайыздық бөлігі CD4 46%, вирустік жүктемесі 562 көшірме/мл. Қазіргі уақытта лимфоциттердің саны CD4 620 мкл¬–1, лимфоциттердің пайыздық бөлігі CD4 -40%. Вирустік жүктемесі анықталмайды. Алдағы уақытқа дұрыс тактиканы таңдаңыз:


*сол зертханада CD4 лимфоциттердің санын санауын қайталау
*басқа зертханада CD4 лимфоциттердің санын қайталау
*Т-лимфоциттердің толық талдауын жасау
*+ештене істемеу керек тек 6 айдан кейін науқасты зерттеу керек
*вирустік жүктемесін қайталау

#27
*!Науқас бір жылдай бір АРТ схеманы қолданған, 3 айға дәрі ішіуін тоқтатқан. АРТ қайталап бастау үшін сіздің тактиканыз?


*+АРВ препараттарына сезімталдықты анықтап, бұрын алған АРТ схемасын жалғастыру
*сезімталдыққа зертеу жүргізу, соның нәтіжесіне қарап АРТ схеманы бастау
*барлық үш АРВ препараттарды аустыру
*екі АРВ препараттарды аустыру
*бір АРВ препаратты аустыру

#28
*! ҚР-да 18 айға дейінгі балаларға АИВ диагноз кою критериялары:


*ИФА АИВ 2 оң нәтіже және ИБ оң нәтіжесі
*ИФА АИВ оң нәтіжесі, ИБ оң нәтіжесі және ВЖ 2000 копия мл жоғары
*+ПЦР провирустық ДНКнің 2 оң нәтіжесі және ВЖ 5000 копия мл жоғары
*ПЦР провирустық ДНКнің оң нәтіжесі және СД4 жасушінің денгейі 15% төмен
*ИФА АИВнің оң нәтіжесі, ПЦР провирустық ДНКнің оң нәтіжесі

#29
*!АИВ-жұқпасы бар 3 жыл бойы AРT қабылдаған әйелге 8 апта жүктілік диагнозы қойылды. Әйел жүктілікті ұзартуға шешім қабылдады. Сіздің тактикаңыз қандай?


*түсік жасатуға кеңес беру
*жүктіліктің 28 аптасына дейін AРT тоқтау
*14 аптаға дейін AРT тоқтату
*+AРT-ны үзіліссіз жалғастыру
*AРT сызбасын өзгерту

#30
*!АИВ жұқтырған әйелдің бас ауруы, безгегі, эпилептикалық ұстамалар бар. CD4 лимфоциттерінің саны - 56 мкл-1, лейкоциттер саны - 3200 мкл-1, МРТ бойынша шеткі аймақта контраст жинақталған екі сақина тәрізді зақымдануды анықтады. Ол метадоннан басқа дәрі қабылдамайды. Ең ықтимал диагноз:


*лимфома
*+токсоплазмоз
*криптококкоз
*прогрессивті мультифокальды лейкоэнцефалопатия (PML)
*герпетикалық энцефалит
#31
*!АИВ-ның анадан балаға берілуінің акушерлік қауіп факторлары:
*плацентарлы ақау
*CD4 жасушаларының төмен деңгейі
*әйелдің жасы
*әйелдерде ВЖ жоғары деңгейі
*+амниотомия

#32
*!24 жастағы О. Жүкті әйел, АИВ-инфекциясы диагнозы 3 жыл бұрын қойылған, АРТ-ны алмаған. Жүктілік мерзімі- 28 апта. ЖИТС орталығында диспансерлік бақылауда тұр: вирустық жүктеме 1000 дана / мл-ден аз, CD 4 лимфоциттер 500-ден астам жасуша / мл


Сіздің тактикаңыз қандай?
*АРТ профилактикалық емнің қажеттілігі туралы кеңес беру және бір препараттың көмегімен АРТ тағайындау
*диспансерлік бақылау, АРТ тағайындаудың қажеті жоқ
*босанар алдында ғана AРT тағайындау
*бала туылғаннан кейін AРT тағайындау
*+AРТ профилактикалық емнің қажеттілігі туралы кеңес беру және 3 компонентті ART тағайындау

#33
*!АРТ қабылдамайтын АИВ-инфекцисы бар науқас жоспарлы тексеруден өтуге жіберілді.


Алдыңғы сараптамада 6 ай бұрын CD4 лимфоциттерінің саны 860 мкл - 1, CD4 лимфоциттерінің үлесі 46%, вирустық жүктеме 562 дана / мл болған. Қазіргі уақытта CD4 лимфоциттерінің саны 620 мкл - 1, CD4 лимфоциттерінің үлесі 40% құрайды. Вирустық жүктеме анықталмайды. Төмендегі тактиканың қайсысы дұрыс болады?
*сол лабораторияда CD4 лимфоциттерінің санын қайталаңыз.
*басқа лабораторияда CD4 лимфоциттерінің санын қайталаңыз.
*Т-лимфоциттерге егжей-тегжейлі талдау жасаңыз.
*+ештеңе жасамаңыз, 6 айдан кейін науқасты қайта тексеріңіз.
*вирустық жүктемені қайталаңыз

#34
*!27 жастағы ер адам, МСМ, АИВ-ға қарсы антидене сынағын алды, нәтижесі теріс, бірақ қауіпті әрекеттерді жалғастыруда. Оның АИВ-инфекциясы жоқ екеніне көз жеткізгісі келеді. Осы мақсатта қан анализінің ең сезімтал әдісі:


*p24 антиген сынағы
*+ стандартты серологиялық ИФА
*кері транскрипция әдісі
*АИВ РНҚ концентрациясын өлшеу
*АИВ культурасын бөліп алу

#35
*!Емдеу сәтсіздігі (ART):


*вирустық жүктеме ART басталғаннан кейін 1 айдан кейін төмендемейді
*вирустық жүктеме ART басталғаннан кейін 3 айдан кейін төмендемейді
*+үнемі анықталатын вирустық жүктеме, 2-4 апта аралығындағы екі қатар өлшеу нәтижелері бойынша, бірақ ART басталғаннан кейін алты айдан ерте емес.
*интеркуррентті ауру аясында вирустық жүктеменің жоғарылауы
* вирустық жүктеме 50 дана / мл-ден кем

#36
*!Химиопрофилактика жүргізілетін оппортунистік аурулардың тізімі:


*+туберкулез (науқастағы белсенді туберкулезді қоспағанда, АҚТҚ жұқтырған барлық адамдар үшін бір рет)
*CD4 <500 жасуша / мкл жағдайында пневмоцистік пневмония
*токсоплазмоз, CD4 жағдайында <300 жасуша / мкл
*МАК инфекциясы - CD4 <200 жасуша / мкл болған жағдайда
*герпетикалық инфекция

#37
*!Пневмоцистік пневмония диагнозы келесі негізде расталады:


*қоректік ортаға қан себіндісінің оң нәтижесі
*медиастинальды лимфа түйіндерінен пункты цитологиялық зерттеудің оң нәтижелері
* пневмоцистке антиденелерге оң серологиялық сынақ
*+бронхопульмоналды шаюдан пневмоцисттерді бөліп алу
*рентгеноскопии

#38
ЖИТС-пен байланысты кешеннің (ЖБК) негізгі белгілері:


*тұрақты салмақ жоғалту
*қалтырау және терлеу, ентікпе, ұйқышылдық, бас ауруы
*анорексия, диарея
*терінің қышуы, пиодермия, себорейлік дерматит, герпетикалық бөртпелер
*+барлығы көрсетілген

#39
*!Анадан балаға АИВ-инфекциясының берілуінің алдын алу бағдарламасының компоненті:


*+босанар алдындағы вирусты жүктемені ескере отырып босану тәсілін тағайындау
*АРВ препараттарды тек қана босану кезінде шұғыл тағайындау
*жүктілікті тоқтату
*АРВ препараттарды нәрестеге бермеу
*болашақ ананаға жүктілік кезінде кеңес беру керек емес

#40
*!Клиникалық көрсетілімдер бар кезде баланы АИВ-инфекциясына зерттеу үшін дәрігердің тактикасы:


*ата-ананының ауызша түрінде зерттеуге келісімін алу
*сырқаттамада ата-ананасының балаға зерттеу жүргізуіне келісім бергенін жазу керек
*+ата-ананасымен ақпараттық сұхпат жүргізіп, балаға зерттеу жүргізуге келісімге ата-ананың қол қойылған келісімін алу
*бөлім меңгерушісіне хабарлау
*аурухананың эпидемиологіне хабарлау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет