Сабақ №1. Гигиена -аурудың алдын алу жөніндегі негізгі медициналық ғылым


Семинарлық сабақ №10 Ет, сүт, банкідегі консервілердің залалсыздығын гигиеналық бағалау



бет13/21
Дата22.06.2023
өлшемі47,69 Kb.
#102986
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Семинарлық сабақ №10 Ет, сүт, банкідегі консервілердің залалсыздығын гигиеналық бағалау
Мақсаты: Ет пен сүтті органолептикалық бағалауды үйрену жөніндегі білімдерін қалыптастыру. Тағам инфекцияларының, гельминтоздарының, және тамақтан уланулардың дамуындағы тағам факторының рөлі және олардың алдын алу туралы түсінік беру, алдын алу шараларын жүргізуді үйрету жөніндегі білімін қалыптастыру.
Оқыту міндеттері:
- Тағамдық азықтарды санитарлық сараптау мақсаты, міндеттері, әдістері мен жүргізу әдістері жөніндегі білімдерін қалыптастыру;
-Тағамдық азықтарды сапа санаттары жөнінде білімін қалыптастыру;
- Ет, сүт, банкідегі консервілерді санитарлық сараптау жөніндегі білімін қалыптастыру;
- Есептеу мәліметтерін тағамдық заттар мен энергияға физиологиялық мұқтаждық нормаларымен, сондай ақ тәуліктік энергия шығын көрсеткіштерімен салыстыра отырып тағам рационы толық құндылығын гигиеналық бағалау жөніндегі білімді қалыптастыру.
Студент орындай алуы керек:
Негізгі тағамдық өнімдердің (ет,сүт, консерві) сапасына баға беру және органолептикалық, физико-химиялық, гельминтологиялық және басқа да зерттеу түрлерінің мәліметтеріне сүйене отырып, қолдану мүмкіндігі туралы қорытынды беру жөніндегі білімді қалыптастыру.

  • Тамақтан уланулардың жіктелуін, себебін, көздерін, механизмдерін, қоздырғыштардың берілу факторларын, табиғаты микробты және микробты емес тамақтан уланулардың белгілері жөніндегі білімін қалыптастыру;

-тамақтан улануды зерттеудің санитарлық-эпидемиологиялық тәсілі жөнінде білімін қалыптастыру;
- Тамақтан улануларды тексеру кезіндегі дәрігердің атқаратын міндеттері жөнінде білімін қалыптастыру;
- Тамақтан уланудың алдын алу жөнінде нақтылы шараларды әзірлеу жөнінде білімін қалыптастыру;
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Сүт, ет, банкідегі консервілердің тамақтық және биологиялық құндылығы
2. Сүт, сүт өнімдерінің ет және банкідегі консервілердің эпидемиологиялық қауіптілігі, химиялық ластанумен байланысты пайда болған аурулар.
3. Жарамсыз тамақты қабылдаумен байланысты аурулардың алдын алу. Тағам өнімдерін санитарлық сараптау.
4. Ет, сүт және банкідегі консервілерді сараптау
5. Тағам өнімдерінің эпидемиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етілуін бақылаудағы санитарлық дәрігердің жұмыс істеу тактикасы.
6. Тағам өнімдерінің санитарлық сараптамасы, жүргізу мақсаты, міндеттері, әдістері тәртібі.
7. Тағам өнімдерінің сапа категориялары.
8. Сүттің залалсыздығын анықтау.
9. Сүттің эпидемиологиялық рөлі. Сүт және сүт өнімдері арқылы берілетін аурулардың алдын алу.
10. Еттің санитарлық сараптамасының әдістемесі: органолептикалық зерттеу, физико-химиялық сынамалар, бактериологиялық, гельминтологиялық зерттеу.
11. Ет арқылы берілетін жануарлардың жұқпалы және инвазивтік аурулары, олардың алдын алу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет