10.4.1.4 График бойынша функцияның қасиеттерін сипаттайды:
1) функцияның анықталу облысы;
2) функцияның мәндер жиыны;
3) функция нөлдері;
4) функция периодтылығы;
5) функцияның монотонды аралықтары;
6) функцияның таңба тұрақтылық аралықтары;
7) функцияның ең үлкен және ең кіші мәндері;
8) функцияның жұп, тақтылығы;
9) функцияның шектілігі;
10) функцияның үзіліссіздігі;
11) функция экстремумдары.
Сабақ мақсаттары
Функцияның симметриялы жиын, жұп, тақ, периодты, шектелген, үзіліссіз, функция монотондылығы, экстремумдары ұғымдарымен және олардың графиктерінің қасиеттерімен таныстыру.
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы 5 минут
Ұйымдастыру кезеңі:
1.Амандасу, сыныпты түгендеу.
2. Үй тапсырмаларының дәптерлерін жинау.
3. Сабақ тақырыбымен таныстыру (Сабақ тақырыбымен байланыстыра отырып, оқушыларға бүгінгі сабақтың мақсатының қандай болатыны туралы ойлауды ұсыну және оны жалпы сыныппен қорытындылау)
Психологиялық сәт.
Тренинг: «Жылы лебіз» - шаттық шеңберге тұрғызып, бір – бірлеріне жақсы тілектер айтқызу. Топтарға суреттер бойынша біріктіру.
Оқушыларды сабақ тақырыбымен, оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарымен таныстыру, бірлесіп сабақ мақсаттарын қою.