Жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланыс. Жасуша мембранасының сұйық кристалды моделі. Мембраналық нәруыздардың, фосфолипидтердің, гликопротеиндердің, гликолипитердің, холестеролдың қызметі. Зертханалық жұмыс «Жасуша мембранасының әр түрлі жағдайлардың әсері»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
10.4.2.2 - жасуша мембранасының сұйық кристалды моделін пайдаланып, жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланысты орнату
Сабақтың мақсаты
жасуша мембранасының сұйық кристалды моделін пайдаланып, жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланысты зерттеу
жасуша мембранасының зақымдану механизмін талдау
Бағалау критерийі
жасуша мембранасының сұйық кристалды моделін пайдаланып, жасуша мембранасының құрылымы, қасиеттері және қызметтері арасындағы байланыс факторларын зерттеу жүргізеді
Пәнге қатысты лексика мен терминология: мембрана, мембрананың сұйық-кристалдық моделі, гликокаликс, фосфолипидтік биқабат, фосфолипидтердің, гликопротеиндердің, гликолипитердің, холестеролдың қызметі
Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы Мембрананың .... және .... құрамы мен қызметі арқылы ажыратылады (ішкі, сыртқы жағы).
...... мембранаға иілгіштік, әрі беріктік қасиет береді (холестерол).
жануарлар жасушасының беткі қабаты ..... деп аталады (гликокаликс).
Құндылықтарға баулу
«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» . Еңбек өнімділігін
арттыру – өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында жұмыс атқаратын барлық патриоттардың үлкен еңбегі.