Жұмыртқа жасушасының полярлығы сарыуыздың
орналасу сипатына байланысты, бұл ядроның эксцентрлік орналасып, анималді полюске қарай
ығысуын және цитоплазмалық қосындылардың орналасу ерекшеліктерін көрсетеді.
Цитоплазманың әртүрлі аймақтарының химиялық құрамы және потенциясы да әртүрлі.
Цитоплазманың анимальді полюсінің аймағы эктодермалық, ал вегетативті полюс аймағы –
энтодермалық, экваторлық аймақ – мезодермалық потенцияларға ие. Жұмыртқа жасушасының
цитоплазмасында пайда болған жергілікті айырмашылық, оның ішкі сапасының әртүрлі болуына
алып келеді, оны
ооплазматикалық сегрегация деп атайды. Ооплазматикалық сегрегация
ұрықтанудан кейін жұмыртқы жасушасының цитоплазмасының гетрогенділігі күшей түседі,
биологиялық белсенді морфогендердің біркелкі таралумауынына әкеледі. Дрозофила
зиготасының түзілуіне дейін аналық геннің өнімі м-РНҚ болашақ эмбрионның осінің ұзына бойы
біркелкі таралмайды. Бұл ооплазматикалық сегрегация ұрықтанудан кейін күшейеді де, ұрықтың
бастапқы жіктелуіне негіз болады. Жұмыртқа жасушасына сперматозоид енген соң
цитоплазмадағы компоненттердің қайта бөлінуі жүреді, сондықтан зиготаның бөлшектенуі
кезінде бластомерлерге түскен цитоплазманың құрамы да әртүрлі болады. Ары қарай осыған
сәйкес жасушалар цитоплазманың әртүрлі құрамы әртүрлі ұлпалардың дамуына бастама береді.
Бластомерлердің нақты бағытта дамуы цитоплазмада әртүрлі аймақтарында жиналған заттардың
тұқым қуалауына тәуелді болады. Әр бластомерлердегі морфогендердің концентрациясының
әртүрлілігі әрі қарайғы дамуы жайлы ақпарат алады,
оны позициялық ақпарат деп атайды.
Ооплазматикалық сегрегацияға байланысты болашақ ағзаның құрылысының дамуы
жоспарланады, жоспардың негізі биологиялық белсенді заттардың градиентке қарай таралуы,
мысалы РНҚ және ақуыздардың концентрациясы яғни анималды полюстен вегатативті полюске
қарай азаяды. Жасушаның