Ұрықтану – жыныс жасушаларының қосылып, диплоидты жасуша - зигота түзіледі.
Ұрықтану кезінде гаметалардың жақындауы, жұмыртқа жасушасының активтелінуі және
гаметалардың қосылуы (сингамия) жүреді. Гаметалардың жақындауы жыныс жасушаларынан
бөлінетін гамондарының (гаметалар гормоны) әсерінен гаметалардың жақындауы жүреді.
Гамондар сперматозоидтардың қозғалуын және сперматозоидтың жұмыртқа жасушасының
қабықшасына жанасуын активтендіреді. Сперматозоид жұмыртқа жасушасының қабықшасына
жанасқанда акросомдық реакция жүреді де, жұмыртқа жасушасының қабықшалары ериді.
Сперматозоидтың центриолі мен ядросы жұмыртқа жасушасының цитоплазмасына өтеді,
сперматозоидтың
мембранасы
жұмыртқа
жасушасының
мембранасына
қосылады.
Сперматозоидтың жұмыртқа жасушасына жанасу нәтижесінде, жұмыртқа жасушасы
активтеледі: бұл құрылымдық және физико-химиялық күрделі өзгерістер.Жұмыртқа
жасушасымен бір сперматозоид қосылған соң, бірден оның үстіңгі жұқа қабығы бөлектенеді, бұл
ұрықтану қабығы, кортикальды реакция жүреді. Осы реакцияның нәтижесінде басқа
сперматозоидтардың жұмыртқа жасушасына енуі тоқталады. Қосымша енген сперматозоидтар
өзгеріске немесе ұрықты өлімге алып келеді. Жұмыртқа жасушасының активтелінуі овогенез
кезінде трансляциялық деңгейде ақуыз синтезінің басталуымен, м-РНҚ, т-РНҚ, рибосомалар
және энергиясының жинақталуымен аяқталады. Гаметалардың қосылуынан (сингамия)
синкарион түзіледі – бұл екі: аталық және аналық пронуклеустің қосылуы. Әр пронуклеусте n 2c
сәйкес келетін тұқым қуалайтын материал бар. Зиготаың митоздық бөлінуі екі ұрықтық
жасушаның (бластомерлердің) түзілуіне алып келеді, олардың әрқайсысында хромосомалар
жиынтығы 2n2c.
Онтогенездің ерте сатысы. Жұмыртқа жасушасы цитоплазмасының әр аймағының
химиялық құрамы да әртүрлі болады. Жұмыртқа жасушасының цитоплазмасына эмбрионалдық
дамудың ерте сатысына қажетті ақуыздардың синтезделу үшін энергия қоры және м-РНҚ мол
жинақталады. Бұл заттар жұмыртқа жасушасының цитоплазмасында біркелкі таралмаған.
Жұмыртқа жасушасында сарыуыздың орналасуының маңызы зор, өйткені болашақта ұрықтың
кеңістіктік құрылымын анықтайды.