Жасушалардың дифференциациялануы - бiртектi жасушалар мен ұлпалардың арасында
айырмашылықтардың пайда болуы олардың өзгерулері арнайы жасушалардың түзілуіне ары
қарай түрлі мүшелер мен ұлпалардың қалыптасуына әкеледі. Дифференцация жасушалардың
құрылыс пен қасиеттердiң өзгеруiне негiзделген (жүйке жасушалары жүйке импульстарын
тасымалдайтын қасиетке ие, бездi жасушалар секреция бөлу қабiлетіне ие болады және т.б).
Дифференциацияның негiзгi факторлары- алғашқы эмбрион жасушалардағы цитоплазмасының
ерекшелігі мен көршiлес жасушалардың арнайы өзара әсерi-индукцияға тәуелді.
Дифференциялану
этаптары
жүйелi
түрде
былай
жүредi:
1.
жасушалардың
дифференциялануының 1-шi себебi жұмыртқа жасуша цитоплазмасының химиялық құрамының
әртүрлiлiгi болып табылады; ол ұрықтанудан кейiн күшейедi: сперматозоидтың жұмыртқа
жасушасына енген кейін цитоплазма компоненттерiнiң қайта біркелкі болып таралмайды
(ооплазматикалық сегрегация); 2. жұмыртқа жасушасы цитоплазманың химиялық құрамының
әртүрлiлiгі бластомерлердiң цитоплазманың химиялық құрамының әртүрлiлiгiне ауысады. Әрбір
бластомерлер нақты морфогенездің концентрациясының градиентімен орналасады.
Эмбриональды индукция -дамып келе жатқан ағза бөліктерінің өзара әсері, мұнда бір
бөлігі -индуктор, екінші бөлiгi- жауап қайтаратын жүйемен әрекеттесіп, оның даму бағытын
анықтайды. Эмбриональды индукцияны қосмекендiлер ұрығының эктодермалық эпителийiндегi
көз бұршағын зерттеген кезде Шпеман ашты (1 сурет): көз көпiршiгi → көз бокалы → көз
бұршағы (хрусталик) → қасаң қабық. Кейінірек ол, осы жануарларда гаструланың
эктодермасынан жүйке пластинкасы түзілу үшін, хордомезодермамен эктодерманың жанасуы
керек екенін көрсетті. Бұл қарым-қатынас бiрiншi реттi эмбриональды индукция деп, ал
бластопордың арқа ернi бөлігінің қалыптастыратын ұйымдастырушы индуктор -деп аталды.
1 сурет . Көз бұршағының индукциясы. 1-алдыңғы ми; 2-эктодерма, 3- көз көпіршігі; 4- көз
бокалы; 5-көз бұршағының бастамасы; 6-көз бұршағы; 7-қасаң қабық; 8- торлы қабат.
Тәжiрибе көрсетiлгендей, жауап беру жүйесi индуктордың әсерiнен дифференцияланып,
одан ары жиі өзі пайда болатын мүшелер бастамасы мен ұлпалардың индукторы болады,
ұрықтың бүкiл дамуына индукциялық қарым-қатынастардың тiзбегi болып табылады. Бірқатар
жағдайларда индуктордың әсері ғана емес әсерді қабылдайтын жүйенің де ары қарай
индуктордың жіктелуіне септігін тигізетіні анықталды. Индукция жүзеге асу үшін индуктордың
әсерiне ұшырайтын жасушалар керектi компетенцияларға ие болу керек. Компетенция деп -
эмбриональды материалдың әртүрлi өзгерiстер әсерiне жауап қайтару қабiлетiн айтамыз.