Сабақ. Адамның онтогенезінің ерте сатысының жасушалық механизмдері. Ақпараттық-дидактикалық блок Онтогенез


сонымен қатар миграцияның бұзылуы микро-



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата15.11.2023
өлшемі269,46 Kb.
#122465
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
7 тақырып Ақпараттық блок Онтогенез

, сонымен қатар миграцияның бұзылуы микро-
және макрогирия, полигирия, агирияға
ақауларының пайда болуына әкеледі. Мысалы,үлкен 
ми сыңарларында (микрогирия мен полигирия- көп майда йірімдердің аномальды орналасуы; 
макрогирия (пахигирия)- йірімдердің жуандауы; агирия-үлкен ми сыңарлардың иiрiмдерi мен 
қыртыстарының болмауы (тегiс ми). Сондай -ақ миграцияның бұзылуына жұмыртқаның ұмаға 
түспеуі крипторхизм мысал болады.
Жасушалардың сұрыпталуы
және олардың таңдамалы адгезиясы қалыпты дамуды 
қамтамасыз етiп, морфогенезде маңызды роль атқарады және генетикалық бақылау мен қоршаған 
жасушалар әсерiнің бақылауында болады. Эмбриогенез үдерісі кезінде жасушалар бөлініп, бір-
бірін танып, топтасып жабысады және нақты жасушаның қабатын түзеді, әрі қарай жасушалар 
таңдамалы сұрыпталады. Жасушалардың сұрыпталуы гастуляция кезінде белсенді жүреді. 
Мембраналардың ерекшелігі мен жасушаның қозғалу дәрежесі сұрыпталудың міндетті шарты 
болып табылады. Амфибий ұрығының гаструла сатысына эксперимент жүргізілді: трипсин 
ферментінің көмегімен жасушаларды диссоциациялады, жасушаларды ретсіз орналасқанша 
араластырады, белгі бір уақыт өткеннен кейін жасушалар бір-бірімен еркін миграцияланып қайта 
топтасады. Содан ретсіз араласқан жасушалар қайта топтасып жасушаның үш қабатын түзеді: 
экто-, мезо-, энтодерма. Бір типті жасушалар өз-ара жабысып сұрыпталу қасиетіне ие болады. 
Жасушалардың таңдамалы сұрыпталуы кезінде жасушалардың өзара байланысуы мембрананың 
антигендік қасиетіне байланысты мембраның бетіндегі зарядтардың айырмашылығының 
негізінде генетикалық бақылануымен жүзеге асатын үдеріс.


Таңдамалы адгезия
– қалыпты онтогенездің қажетті шарттарының бірі. Iсiк 
жасушалардың метастазға қабiлеттiлiгi таңдамалы адгезияның бұзылуына байланысты.
Жасушалардың жойылуы
апоптоз және некрозға бөлiнедi. Апоптоз қалыпты 
физиологиялық жағдайдарға тән. Некроз ортаның зиянды факторларының әсерiнен 
физиологиялық емес жағдайларда пайда болады (О2-нiң жетiспеуi, токсиндер). Апоптоз 
онтогенез үдерісінде маңызды роль атқарады. Апоптозға мысал: алдыңғы бүйректің 
(пронефроса) жасушаларының жойылуы немесе саусақаралық жарғақтардың, жасына 
байланысты бас миының нейрондарының санының азаюы, лактацияның тоқталуынан кейін сүт 
безіндегі лактациттердің жойылуы, етеккірдің алдында эндометрия қабатындағы функционалды 
жасушалардың жойылуы. Апоптоздың бұзылуы да бірқатар ақаулықтарға алып келеді: 
синдактилия (саусақаралық жарғақ), тік шектің атрезиясы, ішектің бітеулігі. Сонымен қатар 
онтогенездің жасушалық механизмі: пролиферация, жасушаның миграциясы, жасушаның 
жойылуы және таңдамалы адгезия яғни белгілі бір уақыт аралығында, нақты белгілі бір жерде 
өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет