Құрамында әріппен белгіленген белгісіз саны бар теңдікті теңдеу деп атайды.
Теңдеуді шешу дегеніміз оның барлық түбірлерін табу немесе оның бірдебір түбірі болмайтынына көз жеткізу.
Теңдеудің түбірі дегеніміз әріптің теідеуді тура санды теңдікке айналдыратын мәні.
1-мысал
(45-х)⋅3=93
45-х=93:3
45-х=31
х=45-31
х=14
теңдеудің түбірі 14-ке тең
тексеру:
(45-14)⋅3=93-тура теңдік
2-мысал
(х-13):7=2
х-13=7⋅2
х-13=14
х=14+13
х=27
теңдеудің түбірі 27-ге тең
тексеру:
(27-13):7=2
3-мысал
72: (х+12)=4
х+12=72:4
х+12=18
х=18-12
х=6теңдеудің түбірі 6-ға тең
Белгісіз қосылғышты табу үшін қосындының мәнінен белгілі қасылғышты азайту керек.
Мысалы: х+12=18
х=18-12
х=6
Белгісіз азайғышты табу үшін айырманың мәніне азайтқышты қосу керек.
Мысалы: х-17=18
х=18-17
х=1
Белгісіз азайтқышты табу үшін азайғыштан айырманың мәнін азайту керек.
Мысалы: 45-х=31
х=45-31
х=14
Белгісіз көбейткішті табу үшін көбейтіндінің мәнін белгілі көбейткішке бөлу керек.
Мысалы: 9х=36
х=36:9
х=4
Белгісіз бөлінгішті табу үшін бөлгішіті бөліндінің мәніне көбейту керек.
Мысалы: х:7=2
х=2⋅7
х=14
І деңгей тапсырмалары
№ 1. Теңдеудің түбірін табыңдар:
1) (4294 + x) : 54 = 69; 2) 1215 : (71 – y) = 27;
3) (1001 – z) ∙ 13 = 1157; 4) 26 ∙ (z – 23) = 2574.
№ 2. Теңдеудің түбірін табыңдар:
1) (3728 – y) : 54 = 69; 2) 992 : (130 – x) = 62;
3) (148 + z) ∙ 3 =1584; 4) (715 – x) ∙ 83 = 8383.
3. Теңдеудің шешімін табыңдар:
1) 9t + 4t – 286 =0; 2) 14x + 9x + 11x = 272; 3) 265 : x = 465 – 412.
Жауабы: 1) 22 2) 8 3) 5
ІІ деңгей тапсырмалары
1. Теңдеудің түбірін табыңдар:
1) (425 + c) ∙ 5 = 2815; 2) 81 ∙ (b + 47) = 4374.
Жауабы: 1) 18 2) 7
2. Бақтағы жидектердің барлығы 37 түп. Ондағы қарылған қарақаттан 3 түп артық , ал таңқурайдан 2 есе кем. Бақтағы қарлыған неше түп? Бақтағы қарақат неше түп? Бақтағы таңқурай неше түп?
Шешуі: х + (х + 3) + 2( х + 3) = 37,
4х = 37 – 9,
4х = 28,
х = 7.
Жауабы: 1) 7 түп қарақат, 10 қарлыған, 20 таңқурай
3. Жиһангер 5 күнде 45 км жол жүрді. Бірақ әр күні алдыңғы күнгісінен 4 км аз жол жүрді. Жиһангер ең соңғы күні неше км жол жүрген?
Шешуі: І күн – х км десек,
ІІ күн – х -4,
ІІІ күн – х – 8,
IV күн – х – 12,
V күн – х – 16.
x + x – 4 + x – 8 + x – 12 + x – 16 = 45, 5x = 85, x = 17.
V күн = х – 16 =1 км
Жауабы: 1 км жол жүрді
ІІІ деңгей тапсырмалары
1. Теңдеуді шешіңдер:
1). 91 + 48 : (11 –b) = 99 2). 86 – 49 : (2x – 5) = 79
Жауабы: 1) 5 2) 6
2 . Қандай бір санды 7 –мен кеміткеннен кейін 10 есе азайтса алғашқы саннан 34 пен аз сан шықты. Алғашқы санды тап.
Шешуі: (х – 7) : 10 = х- 34 0,1х – 0,7 = х – 34, -0,9х = - 33,3 , х = 37
Жауабы:х = 37
Өзара бағалау ( дескриптор бойынша)
Бағалау СГ 3. Есептердің шығару нәтижелерін көрсету
Оқытудың мақсаты бойынша.
Бағалау кртитериі
|
Дескриптор
|
Кез келген есептерді шығару тәсілдерін мен анықтамаларды пайдаланады
|
Қосымша ақпарат көздерін пайдалана отырып тексереді
|
Шығарылған есептердің дұрыстығын бақылайды
|
Тапсырмалардың нәтижесін тексеру
|
Шығарылған есептердің жақсы үлгілерін көрсетеді
|
|