Бекітемін:_________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 2-сабақ
Бөлім:
1-бөлім: Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография
Педагогтің Тегі, Аты, Әкесінің аты :
Күні:
Сынып: 6
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Менің Отаным – Қазақстан
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
6.2.6.1 - оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу.
6.4.1.1 -тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек жəне дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу
Сабақтың мақсаты
Оқылым стратегияларын қолдану арқылы мәтінді рөлге бөліп оқи отырып, мәтін мазмұнын түсіндіре алады. Тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек жəне дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жаза алады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі// уақыты
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басталуы
5 минут
5 минут
Сабақтың ортасы
10 минут
10 минут
10 минут
Сабақтың соңы
5 минут
Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу.
1.Психологиялық ахуал қалыптастыру
2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;
Ой шақыру 1.«Түркістан» атауына қатысты қандай ақпараттар білесіңдер?
2.«Түркістан – ер түріктің бесігі» дегенге өз ойың қандай?
5-тапсырма Мәтінді мұқият оқыңыз. Негізгі тірек сөздердің астын сызыңыз. Тірек сөздердің мәтін мазмұнын ашудағы рөліне талдау жасаңыз.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Түркістанды неліктен ер түріктің бесігі санайды?
2. Тұранның тарихына қатысты қандай деректер білесің?
3. Өлеңнен қандай қажетті ақпараттар алдым деп ойлайсың?
4.Оған қандай дәлелді пікірлер келтіресің?
6-тапсырма. Қазақстан, туған жер, атамекен туралы жазылған өлеңдердің
бірін таңдап, ондағы бірге жазылатын сөздерді кестеге жаз. Өлеңді оқығанда орфоэпиялық заңдылықтардың сақталуына мән бер.
Бірге жазылатын сөздер
8-тапсырма. Төмендегі картадан өз облысыңды тауып, ондағы қазба байлықтар, өзен, көлдер, таулар, көрікті жерлер туралы басқа облыста тұратын досыңа хат жазып, мақтанышыңмен бөліс. Хатта бірге жазылған сөздерге мән беріп, орфографиялық норманы сақтауды ұмытпа.