Сабақ Бөлім: 1-бөлім: Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография Педагогтің Тегі, Аты, Әкесінің аты



бет26/44
Дата01.09.2023
өлшемі3,61 Mb.
#105819
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44
Байланысты:
6 кл Қазақ тілі ҚМЖ 1 тоқсан 2023 2024ж

Жеке жұмысты бағалау
Алшы – (9-10 балл)
Тәйке (тауа) – (7-8 балл)
Бүге (бүк) – (4-6 балл)
Шіге (шік) –
(1-4 балл)



Оқулық
6-сынып


«Атамұра» баспасы
2018жыл
Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырма
лар жинағы
6-сынып
Оқулық
6-сынып
«Атамұра» баспасы
2018жыл




Бекітемін_________________


Қысқа мерзімді жоспар Қазақ тілі 14-сабақ

Бөлім:

2-бөлім: Ұлттық жəне отбасылық құндылықтар Фонетика Екпін, оның түрлері

Педагогтің Тегі, Аты, Әкесінің аты :


Күні:


Сынып: 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ел тарихы – ұлттық құндылық

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

6.2.2.1 - ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану;
6.3.2.1 -жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып мінездеме, құттықтау, өмірбаян құрастырып жазу;

Сабақтың мақсаты

Ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы ажырата алады, жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып құттықтаухат құрастырып жаза алады;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//
уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы
5 минут

5 минут

Сабақтың ортасы

10 минут


10 минут

10 минут


Сабақтың соңы
5 минут

Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу.
Психологиялық ахуал қалыптастыру Берілген сөздер арқылы үш топқа бөлініп, өздеріне берілген сөздердің мәнін түсіндіреді.
1-топ: Мақал
2-топ: Тыйым
3-топ: Өсиет
Оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады.
Ойтүрткі
Қазақ халқының бойынан қандай ерекше қасиеттерді атар едің?
Топтық жұмыст
1. Мақалдардың жалғасын тап.
*Туған жердің қадірін ..........(шетте жүргенде білесің),
* Намысы бар жігіттің...........(нар күшіндей күші бар),
* Талабы жоқ жас - .............(қанаты жоқ құс),
* Ақылды өзінен көреді........(ақылсыз ағайыннан көреді),
* Жақсының айтқаны келмейді...........(жаманың сандырағы келеді).
2.Тыйым сөздерді жалғастыр.

*Бос бесікті............... (тербетпе)}


*Нанды бір қолмен……….(үзбе)
*Жағыңды………….(таянба)
*Су шашып……………….(ойнама)
*Пышақты шалқасынан……..(қойма)
*Бас киіммен…………(ойнама)
*Адамды………………(айналма)
*Малды……………………(теппе)
*Отпен…………………….(ойнама)
*Түнде суға………………….......(барма)


3.Қазақтың құнды өсиеттері.
Жеті қазына
Ер жігіт
Сұлу әйел
Ақыл, білім
Жүйрік ат
Қыран бүркіт
Берен мылтық
Жүйрік тазы (ит)
Жеті ата
1. Бала
2. Әке
3.Ата
4.Арғы ата
5. Баба
6. Түп ата
7. Тек ата 
Үш арсыз Үш тәтті
1. Ұйқы арсыз 1. Жан тәтті
2. Күлкі арсыз 2. Мал тәтті
3. Тамақ арсыз 3. Жар тәтті
Жұптық жұмыс
Мәтіндерді мұқият оқып, стилін ондағы сөздер арқылы анықтап, дәлелдеңіз.
1-мәтін
Әке мен бала Бір адам он жасар баласын ертіп, егін даласынан жаяу келе жатса, жолда жатқан бір ескі тағаны көреді. Ол баласына: — Балам, анау тағаны ала жүр, — дейді. — Іммм, сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын? - дейді еңкейіп, тағаны алуға ерінген баласы. Әкесі үндемейді, тағаны өзі иіліп алады да, жүре береді. Қаланың бір шетіне келгенде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, бағанағы тағаны соларға үш тиынға сатады. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алады. Сонымен шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бір-бірлеп жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре береді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түсіп кетеді. Артында келе жатқан баласы жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салады. Біраздан соң және бір шие, одан кейін тағы бір шие, сонымен әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жейді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып: — Балам, көрдің бе, бағана тағаны жамансынып, жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға ерініп едің, енді сол тағаға алған шиені бінеше рет еңкейіп алдың. Бұдан былай есіңде болсын, балам, аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың, азды қанағат ете білмесең, көптен де құр қаласың, - деді.
2-мәтін
Бірде Төле би Мойынқұмдағы елдің дау-дамайын шешіп, ауылына қарай қайтқанда, бір топ қарақшының қолына түседі. Сонда Төле би: «Әй, сендерге керегі мал ма, жан ба, жан керек десеңдер, қинамаңдар, тез өлтіріңдер, мал керек десеңдер, алдарыңа айдатып әкелдірейін, бізді босатыңдар», - дейді. Қарақшылар: «Бізге мал керек», - дейді. Сонда Төле би: «Менде мал көп, бай адаммын. Бірақ сендер сенбейсіңдер. Сондықтан біреуің менің атыма мініңдер, киімімді киіңдер, мен хат жазып жіберейін», - дейді. Хатты былай жазады: «Кенже ұлыма құда түстім. Соған 40 құнан атан, 20 бура, 8 ақбас атанымды осы барған адамнан айдатып жіберіңдер. Бұған қоса оң босағамда тығулы алтынымды, сол босағамдағы күмісімді қоса беріңдер». Қарақшылар екі жігітті бидің аулына жібереді. Ауыл адамдары бидің бұл хатын түсіне алмай, қатты дал болады. Сонда келіні Данагүл былай дейді: «Жоқ, би атам 40 қарақшының қолына түскен екен. 40 құнан атан дегені – 40 мықты жігіт, 20 бура дегені – 20 палуан, 8 ақбас ата дегені – 8 ақсақал кісі, ал атаған алтыны мен күмісі – баласы және келіні – мен ғой. Қой, тез жетіп, би атамды құтқарайық». Сөйтіп Данагүлдің ақылымен хатта көрсетілген малды екі қарақшының өзіне айдатып, олардың соңынан 40 жігіт, 20 палуан, 8 ақсақал, әрі Төле бидің баласы және келіні Данагүл көрінбестен қоса еріп отырады. Осылайша бұлар Төле би мен оның серігін босатып алады. Осы оқиғадан соң, Данагүлдің ақылдылығы мен тапқырлығы елге жайылыпты.

Мә
тін
дер

Сти
лі

Тақырыбы

Маз
мұны

Тіл
дік ерекшелі
гі

































9-тапсырма (оқулықтан)
Төменде берілген сөйлемдерді пайдаланып, Тәуелсіздік күніне арналған құттықтаухат жаз. Екпіннің түрлерін қолдан.
1) Егемен еліміздің тәуелсіздік күні құтты болсын!
2) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Еліміздің бірлігі нығая берсін! Ұрпақтарымыз бақытқа бөленіп, шаттықта өмір сүрсін!
3) Тәуелсіздік – ата-бабаларымыз аңсаған ұлы күн. Әр ұлт үшін, әр халық үшін тәуелсіздіктен асқан бақыт жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет