Перифраз (гр. perіphrasіs — айналым) — құбылыстар мен заттардың атын атап, түсін түстемей, айрықша белгі-қасиеттеріне негіздей отырып ауыстыру тәсілі. Перифраз мәтіннің идеялық-эстетикалық және көркемдік байлығын арттырады. Мағыналық реңк пен оның әсерін күшейтеді. Мысалы, орман патшасы (арыстан дегеннің орнына), дала кемесі (комбайн), қара алтын (көмір), пәниден бақи кетті, аққу ұшып көлге кетті (өмірден өтті)...
Риторикалық сұрау(лепті сұрау)-шешендік тәсілге жататын айшықты сөз тіркесі, ойды, сезімді әсерлі ету үшін жауабы өзінен өзі-ақ айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту. Бұл күмәндану, шүбә келтіру мүмкін емес деген айрықша сенімділікті білдіреді. Мысалы: Арыстанмын, айбатыма кім шыдар? Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар? Көкте-бұлт, жерде желмін гулеген, Жер еркесі желдің жөнін кім сұрар?
6-тапсырма
Толғаудағы бейнелеу құралдарын тауып, дәптерлеріңе жазыңдар.
Көркем бейнелеу құралы
|
Мысал
|
Талдау
|
Теңеу
|
|
|
Психологиялық егіздеу
|
|
|
Метафора
|
|
|
Эпитет
|
|
|
Тапсырма
Берілген жолдардағы психологиялық параллелизм, перифраз, риторикалық сұрақтардың қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтаңыз.
***
Қоңыраулы найза қолға алып,
Қоңыр салқын төске алып,
Қол төңкерер ме екеміз?!
***
Ел жазылып жайлауда,
Жақсылар кеңес құрғанда,
Мұртымыз өрге шаншылып,
Бұрын да сөйлер ме екеміз?!
***
Жарлауға біткен жапырақ -
Жамылсақ, тоңар ма екеміз?!
Жазыққа біткен бүлдірген -
Сұғынсақ, тояр ма екеміз!
Үйге тапсырма: 9-тапсырма
|
Оқушылар шарт бойынша қимылдарды қайталайды.
Психологиялық
ахуалды қалыптастыру арқылы оқушылар сабаққа деген құлшынысын оятады.
Сұрақтарға жауап береді.
Толғаудағы бейнелеу құралдарын тауып жазады. Талдау жасайды.
Берілген жолдардағы психологиялық параллелизм, перифраз, риторикалық сұрақтардың қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтайды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |