Сабақтың
басталуы
7 минут
Сабақтың
ортасы
9 минут
12 минут
10 минут
Сабақтың аяқталуы
2 минут
|
1. Оқушылармен амандасу. Психологиялық ахуал .
2. Сабақ тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийі таныстырылады.
Қызығушылықты ояту
«Хронология» әдісі
Интерактивті тақтадан немесе кинопроектордан жыраулар жайлы презентация (http://www.myshared.ru/slide/1372251/ ) көрсетіледі.
«Дөңгелек үстел» стратегиясы
Сынып оқушыларына Бұқар жырау «Ай не болар күннен соң» және Ақтамбердінің «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет» толғаулары таратылады. Оқушылар оқып, төмендегі сұрақтар бойынша топпен талдап, өзіндік пікір білдіреді:
Ақтамберді мен Бұхар толғауларында материалдық және рухани құндылықтардың қайсысы басымдылық танытады?
Екі жырау толғауларының біздің заманымыздағы маңыздылығы қандай?
Салыстыру
4- тапсырма «Венн диаграммасы»
Екі жырау толғауларындағы тақырып пен идея ұқсастығы мен айырмашылығын «Венн диаграммасына» арқылы салыстырыңыз.
6.Бағалау
5- тапсырма «Әдеби шеңбер»
1. Талқы себепшісі –Ақтамберді жыраудың толғаулары бойынша 5 сұрақ құрастырады. (шығарманың тарихи маңыздылығын бүгінгі күнмен үндестіру)
2. Белгілеуші – толғаудың ең маңызды эпизодтық бөлігін тауып белгілейді.
3. Байланыстырушы – шығарманы өмірмен байланыстырады, дәлелдейді.
4. Қорытындылаушы – шығармадағы өзекті ойға баға беріп, қорытындылайды.
Үйге тапсырма: 6-тапсырма
|
Оқушылар екі топқа бөлінеді. Бір топ «Оқырмандар», екінші топ «Зерттеушілер» болады. Оқушылар алдымен презентациядан бұл адамдардың кім екенін анықтайды. Содан кейін «Зерттеушілер» тобы суреттегі Ақтамберді мен Бұқар жыраудың өмірі мен шығармашылық жолына шолу жасау арқылы хронологиялық кесте құрып, оқырмандар тобын таныстырады. «Оқырмандар» тобы ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты білгісі келген сұрақтарды «Зерттеушілер» тобына қояды. Сұрақ саны үштен аспауы керек. Сұраққа жауап алғаннан кейін «Оқырмандар» тобы «Зерттеушілер» тобының жұмысына баға береді. Бүгінгі сабақта алған мәліметтерінің құндылығы жайында қорытынды пікір айтады.
|
|