8.2.4.1 шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу
Сабақтың мақсаты
Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жаза алады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басталуы 5 минут Сабақтың ортасы 12 минут
7 минут
6 минут
10 минут
1.Оқушылармен амандасу. Психологиялық ахуал Амандасу. Оқушылармен амандасу, қатысуын түгендеу.
Психологиялық ахуал 2. Сабақ тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийі таныстырылады.
1-тапсырма Жұптық жұмыс Шалкиіз жыраудыңнақыл сөздерін өңдеп жазыңдар.
Үзінділер
Оқушының өңдеуі
1.Асқардан биік тау болмас-
Басына балапан ұшып қона алмас.
Бүркіттен қыран құс болмас-
Бауыры жайылмай бөрі алмас.
2.Күле кіріп, күңіреніп шыққан достан сақтан.
3.Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық-ты.
4.Жаманның жалаңдаған тілі жау
Ұқсастықтары
2-тапсырма Жеке жұмыс «Кейіпкерге хат»
1-қадам: Жыраудың нақылдарын оқиды.
2-қадам: Кейіпкерін анықтайды.
Кейіпкерлер: жырау, дос, дұшпан
3-қадам: Оқушылар кейіпкерге хат жазу барысында бірнеше жуан, жоғары дәрежелі сұрақ қоюы керек.
Егер..., не болар еді? Неге...? Неліктен...?
4-қадам: Осы сұрақтарға өзі мүмкіндігінше балама жауап ұсынуы қажет. Мүмкін, ... ... болған шығар?
5-қадам: Хат соңында кейіпкерге ұсыныс жазылады. Жыраудың нақыл сөздері:
1.Күле кіріп, күңіреніп шыққан достан сақтан.
2.Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық-ты.
Қорытынды І бөлім бойынша тест тапсырмалары 1.«Баба атын шығармаған жігерсіз ұл баба белін бүгілткенше, бүгілтпегені игі. Баба атын шығаратын дәулетті ұл болғаны игі. Жалған сөз бұл дүниеде болғанша, болмағаны игі». Қай шығармада айтылғанын табыңдар.
А) «Хандар шежіресі»
Ә) «Қорқыт ата кітабы»
Б) «Мұсылмандық шарты»
В) «Қаһарлы күндер»
2. Қорқыт атаның «Байбөрі баласы Бамсы – Байрақ туралы жыр» шығармасы халқымыздың қай эпостық жырына жақын екендігін табыңдар.
А) «Қобыланды батыр» жыры
Ә) Алпамыс батыр» жыры
Б) «Қамбар батыр» жыры
В) «Ер Тарғын» жыры
3. «Қорқыт ата кітабының» қолжазбалары қайда сақталған?
А) Түркістанда
Ә) Стамбул мен Каирде
Б) Лондон мен Парижде
В) Ватикан мен Дрезденде
4. Қорқыт атаның жер бетіндегі барлық жан-жануарлардың тілін білетіндігі туралы қай аңызда айтылғанын табыңдар.
А) «Желмая» күйі
Ә) «Байбөрі баласы Бамсы – Байрақ туралы жыр»
Б) «Байлаулы киіктің зары»
В) «Ұшардың ұлуы»
5. Аспанды бұлт құрсайды –
Күн жауарға ұқсайды.
Көлдерде қулар шулайды-
Көкшіліден ол айуан
Соққы жегенге ұқсайды. Үзіндіде қолданылған көркемдік тәсілді табыңдар.
А) Ассонанс Б) Теңеу
Ә) Аллитерация В) Метафора
6. Туған халқын өз атамекеніне орнықтыруға зор еңбек еткен жырауды табыңдар.
А) Ақтамберді Б) Ясауи
Ә) Шалкиіз В) Қорқыт ата
7. «Балаларыма өсиет:
Қылмаңыздар кепиет,
Бірлігіңнен айырылма,
Бірлікте бар қасиет». Кімнің сөзі екенін анықтаңдар.
А) Абылай Б) Ақтамберді
Ә) Абай В) Қорқыт
8. Ислам дініндегі сопылық бағытты ұстанған ақынды белгіле.
А) Ясауи Б) Ақтамберді
Ә) Шалкиіз В) Қорқыт ата
9.Сен алтынсың – мен пұлмын, Сен жібексің – мен жүнмін. Сен сұлтансың – мен құлмын, Сен сұңқарсың – мен қумын. Жемсауыңа келгенде, Сұлтан ием, сом жүрегім аяман. Кімнің сөзі екенін және үзіндіде қолданылған көркемдік тәсілді ажырат.
А) Қорқыт, нақыл сөздер
Ә) Ақтамберді эпитет
Б) Шалкиіз, метафора
В) Ясауи , теңеу
10. Ахмет Ясауидің шығармасын көрсет.
А) «Құтадғу білік»
Ә) «Диуани - лұғати – т- түрк»
Б) «Диуани хикмет»
В) «Қисас- ул-әнбиа»