Сабақ Бөлім: 1-бөлім: Дананың сөзі ақылдың көзі



бет32/40
Дата25.11.2023
өлшемі3,16 Mb.
#126292
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   40
Байланысты:
8 кл әдебиет ҚМЖ 1 тоқсан ДҰРЫСЫ 2023 2024ж 2

Шалкиіз жырау (1465-1560) - ақын, жырау, батыр. Шалкиіз - туындылары орыс тіліне аударылған ақын-жыраулардың бірі. Оның шығармашылығын сол дәуірдегі орыс оқымыстылары мен зерттеушілері жоғары бағалаған. Темір биге айтқандары әртүрлі жинақтар мен басылымдарда бірнеше мәрте басылды. Жыраудың қазақ көне әдебиетіндегі орны ерекше. Шалкиіз жырау ғүмырының көп бөлігін Ноғай ордасының билеушісі Темір бидің қол астында өткізеді. Турашылдығымен, әділдігімен, даналығымен ел алдында беделді болады. Өмірінің соңғы жылдарын Хақназар хан тұсындағы Қазақ мемлекетінде өткізеді.
Шалкиіздің бізге жеткен жырлары түгелдей азаматтық, әлеуметтік лирикаға жатады. Ол өз көңіл-күйін толғайтын бірді-екілі толғауларының өзінде де өмір заңдылығын, заман үрдісін қатар суреттеп отырады. Жырау отбасы, ошақ қасының қарапайым пендешілік халін емес, өзіне дейінгі және өз заманындағы қилы-қилы сырларға көз жібереді, өмірде көрген көп жайларын көңіл таразысына салып, қорыта толғайды, көсем көңілмен, өнегелі сөзбен ізгілікке үндейді. Шалкиіздің бір шоғыр жыры Темір биге арналады. Соның бірі – «Би Темірге бірінші толғауы». Жыраудың Би Темірге арнаулары ең алдымен сыршылдығымен ерекшеленеді. Бірінші толғаудан аспанды бұлт құрсаған, күн жауарға ұқсайтын би мен екеуінің арасында болған бір түсініспестіктің сырын іздеген жыраудың жүрегінен жарып шыққан, билеушісіне шын берілген адал ниетті жанның кіршіксіз көңілі аңғарылады. Көп ішінде бір жалғыз, Көп мұңайып жылайды. Күйбеңдескен көп жаман Сөзі тигенге ұқсайды, - деп, екеуінің арасындағы татулықты күншіл жандардың өсек сөзі бұзды ма деген күдігінен бастап, бірнеше шумаққа көңілінің бар күйін-сесін де, кегін де, айбарын да, ақыл-өсиетін де, өзі мен өзгеге берер бағасын да, ханына деген өксікті өкпесін де сыйғызады. Жырау бұл толғауында теңеулер мен метафораларды кеңінен қолданады. Толғау бастан-аяқ мақалға бергісіз дидактикалық ақыл-өсиеттен тұрады.
Тапсырма
1. Берілген үзінді идеясының ұлттық ерекшелігін талдап жазыңыз.
Тобылғының берегі
Иіл болып беріш бітсе,
Айбар болар терегі.
Атаның ұлы жақсыға
Малыңды бер де, басың қос,
Бір күні болар керегі.
Бостаны* бар-ды теректің,
Болаты бар-ды беректің,
Тұсыңдағы болған нартың* қорлама,
Тұсыңдағы болған нартың қорласаң,
Табылмас-ты керекте.
Айдын шүйсең, тарлан шүй,
Көтерілген сона құтылмас.
Жауға кисең, берен ки,
Егеулеген болат өте алмас.
Есендікте малыңды бер де, батыр жи,
Басыңа қыстау іс түссе,
Дұспанның қолы жете алмас!
Бар күшіңді сынамай,
Балуандармен күреспе –
Таң боларсың әлемге,
Сөз боларсың күлемге.
Қорытынды
Толғаудағы теңеулерді негізге ала отырып, би мен жырау бейнесін салыстырыңдар.
3-тапсырма. Толғаудағы теңеулерді негізге ала отырып, сұлтанға мінездеме беріңдер.
4-тапсырма. «Ақылсыз дос – адамға сын» тақырыбында өз ойларыңды
баяндаңдар. Толғаудан дәлел тауып, мағынасын түсіндіріп беріңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет