тапсырмада диаграмма – сандар арасындағы қатынасты көрнекі көрсететін сурет екендігі пысықталады. Бағандық диаграмманы оқи білу, сұрақтарға жауап іздеу білігі жетіледі.
Диаграмма көмегімен балалардың санын анықтайды.
Диаграмма көмегімен нысанның саны туралы ақпарат алу.
Диаграмма көмегімен сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар құрастыру.
Сурет салу үйірмесіне неше бала барады?
Домбыра үйірмесіне ше?
Тоғызқұмалақ үйірмесіне неше бала қатысады?
Футболға баратын бала саны нешеу?
Өзің де сұрақтар құрастыр.
Есептеулерді тиімді жүргізу үшін қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін қолдануға қатысты білім мен дағдыны дамыту мақсатында ұсынылған 7-тапсырмаүй тапсырмасы ретінде ұсынылады.
8-тапсырма шығармашылыққа берілген. Тоғжанның ойлаған санын 18-ге кеміткенде, 25 шықты. Тоғжан қандай сан ойлағанын тап.
х – 18 = 25
х = 25 + 18
х = 43
43 – 18 = 25
25 = 25
Ж: Тоғжанның ойлаған саны – 43.