Құрама есепті шығару жадынамасы: *Есепті оқы. Шарты мен сұрағын түсін.
*Сұрақтарға жауап ізде: Есепте не белгілі?
Есептің барлық деректерін есепке алдың ба?
*Есептің берілуін қысқаша жаз немесе сызба сал.
*Белгісізді табу үшін ережелерді қолдан. Есепті шешу жоспарын құр.
*Бірінші амалды сұрақтарымен, түсіндіруімен орында. Шешуін санды өрнектермен жаз, мәнін тап.
*Екінші амалды сұрақтарымен, түсіндіруімен орында. Шешуін
2. Әктелмеген неше көшет қалды? 100 – 43 = 57
Жауабы: Әктелмеген 57 көшет қалды. немесе
Шешудің 1-нұсқасы: 26 + 17 = 43 (сенбі және жексенбі күндері әктелген көшет саны)
100 – 43 = 57 (әктелмеген көшет саны)
Шешудің 2-нұсқасы: 100 – 26 = 74 (жексенбі күні әктелген және әктелмеген көшет саны)
74 – 17 = 57 (әктелмеген көшет саны)
Шешудің 3-нұсқасы: 100 – 17 = 83 (сенбі күні әктелген және әктелмеген көшет саны)
83 – 26 = 57 (әктелмеген көшет саны) Есептің шешуін өрнек түрінде жазуға болады: 100 – (26 +17 ) = 57 немесе
(100 – 26) – 17 = 57 немесе
(100 – 17) – 26 = 57
Ж: Әктелмеген 57 көшет қалды.
Осы үлгіде (300 + 200) + 100 өрнегі бойынша есеп құрастырады.
6-тапсырма. Ш: (35 + 18) – 27 = 26
Ж: Асханада 26 бәліш пен тоқаш қалды.
Үйге берілетін 7-тапсырмада есептің құрамдас бөліктерін ажырату, анықтау және белгісізді – сұрағын құрастыра білу дағдысын дамытады.