Рефлексиялық-бағалау кезеңі
Оқушылардың оқу мақсаттарына жету бойынша кері байланыс:
а) Жапырақтарды қызыл, сары және қызғылт түстерге әртүрлі тәсілмен бояу әдісі ұсынылады. Мысалы, қызыл, сары және қызғылт;
қызыл, қызғылт және сары; сары, қызыл және қызғылт; сары, қызғылт және қызыл; қызғылт, қызыл және сары; қызғылт, сары және қызыл;
б) Саралап іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер: оқушыға дербес көмек көрсету, оқу тапсырмалары оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу түрінде ұйымдастырылады.
Тапсырмалар үлгісі ретінде есептер ұсынуға болады. Мысалы,
Мараттың ойыншықтарын әртүрлі ретпен неше қатарға орналастыруға болады?
Тапсырма жауаптары тақтада көрсетіледі, оқушылар өз жұмыстарын тексереді.
Рефлексия: Мен не үйрендім? «Оқушы үні». Жекелеген оқушылар өз ойларын жариялайды. Қандай тапсырмалар орындау қиындық туғызғанын,
қандай тапсырмалармен жұмыс жасау ұнағанын,
|
Бүгінгі сабақтағы өзінің әрекеті туралы, жаңа білімді меңгерудегі өзінің жетістіктері мен қиыншылығы туралы ой бөліседі.
|
Рефлексия: Мен не үйрендім? «Оқушы үні».
|
|