2.1.1.2. Екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру.
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар екі таңбалы сандарды оқиды, жазады және үлгі бойынша графикалық модельдің көмегімен, реттік нөмірі бойынша, разряды бойынша екі таңбалы сандарды салыстырады.
Көптеген оқушыларекі таңбалы сандарды графикалық модельдің көмегімен, реттік нөмірі бойынша, разряды бойынша салыстырады.
Кейбір оқушылар жаңа білімін есептеулерде тиімді қолдана алады, өзгелерге түсіндіреді. Өзіндік пікір ұсынады.
Сабақтың кезеңі/уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Кіріспе-қызықтырушылық кезеңі Жаңа білімді меңгеруге дайындық жұмысы ретінде практикалық жұмыс орындалады. 10 оқушыны қатарға тұрғызу. Әр баланың қолында бір таңбалы сандар жазылған қима қағаздар және сан сәулесінде жазылған сандар ұсынылады. Әр жұп өздеріне тиесілі бір таңбалы сандарды атайды, салыстырады.
Бір таңбалы сандарды қалай салыстырдың?
«Сандарды натурал сандар қатарындағы орнына қарай, сан сәулесінде орналасу реттілігіне байланысты салыстыруға болады»
деп білімдерін пысықтайды. Сонымен қатар математикада цифрлар қазақ тіліндегі сияқты
Практикалық жаттығу жасау барысында оқушылар сандарды салыстырады, қалай салыстырғандарын түсіндіреді.
Бүгінгі сабақ мақсатымен танысады.
Практикалық жұмысқа кері байланыс: «Өзара бағалау».
Сандар жазылған қима қағаздар.
рөл атқаратыны, цифрлардан әртүрлі сандар құралатыны, сандардың көмегімен заттарды санауға, өлшеуге, салыстыруға (енін, биіктігін, ұзындығын, заттың салмағын өлшеуге ) және т. б. білуге болатыны пысықталады.
Екі таңбалы сандарды қалай салыстыруға болады?
Бүгінгі сабақ мақсаты таныстырылады: екі таңбалы сандарды салыстыруды үйрену.
Сабақтың ортасы
Операционалдық-танымдық кезеңі Оқулықпен жұмыс. тапсырмада жаңа білімді меңгеруге негізделген.
Сан сәулесінде жазылған сандарды оқиды. Қалып қойған сандарды атайды. 10 санының
«көршілерін» атайды. 15 санына қатысты алдыңғы, кейінгі сандарды атайды.
тапсырмада оқушылар 17 мен 19 санын натурал сандар қатарындағы орнына қарай салыстырады.
Екі натурал санды салыстырғанда натурал сандар тізбегінің оң жағында тұрған сан артық болады деген тұжырымды есіне түсіргені маңызды.
Сандардың разрядтық құрамына сүйеніп, 17 мен 19 сандарын қалай салыстырады?
Сандардың разрядтық құрамына сүйене отырып, 17 мен 19 сандарын қалай салыстыруға болады? Түсіндір.
17 мен 19 сандарын салыстыру үшін орындалатын қадамдар:
1-қадам. Алдымен үлкен разряд бірлігінен бастап салыстырады, демек, ондықтарды салыстырамыз.
Ондықтарды салыстыру нәтижесінде қай сан артық екенін анықтай алмаймыз, себебі
ондықтар саны бірдей.
Оқулықпен жұмыс.
тапсырмада сан сәулесінде жазылған сандарды оқиды.
Қалып қойған сандарды атайды. Ұсынылған санның
«көршілерін» атайды. 15 санына қатысты
алдыңғы, кейінгі сандарды атайды.
тапсырмада жаңа білімдерін қолдана отырып, екі таңбалы сандарды разряды бойынша салыстырады, түсіндіреді, өзіндік тұжырым ұсынады. Оқулықта берілген ережемен танысады.
тапсырма. Сөзбен бағалау: мұғалім мен оқушы
арасындағы ауызша кері байланыс.
тапсырма.
Критерий:
екі таңбалы сандарды салыстырады. Дескриптор:
екі таңбалы сандарды разряды бойынша салыстырады.
Сан сәулесі
2-тапсырма.
Слайдтар: «Сан сәулесі, 20 көлеміндегі екі таңбалы санның түрлі графикалық модельдері».
CD диск,
көрнекі кестелер:
«Екі таңбалы сандарды салыстыру, оқу, жазу, разрядтық қосылғыштарға жіктеу».
№2 кесте .
2-қадам. Бірліктерді салыстырамыз. 17 санының бірінші разрядында 7 бірлік, 19 санының бірінші разрядында 9 бірлік бар, салыстырамыз: 7 < 9, сондықтан 17 < 19. Қандай тұжырым ұсынасың?
Бұл тапсырма оқушыларды «Сандарды натурал сандар қатарындағы орнына қарай, сандардың разрядтық құрамы негізінде, сан сәулесінде орналасу реттілігіне байланысты салыстыруға болады» деп қорытынды шығаруға жетелейді.
ТҰЖЫРЫМ
Екі таңбалы сандарды натурал сандар қатарындағы орнына қарайсалыстырады.
Екі таңбалы сандарды разряды бойынша ондық разрядтан бастап салыстырады. Егер ондықтар саны бірдей болса, онда бірліктер разрядынсалыстырады.