Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
1-7 мин.
|
1. Сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.
|
Ширату тапсырмасы
«Жылдам фото» ойыны
Бұл ойын оқушылардың зейіндерін шоғырландырып, есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін жүргізіледі. Оқушылар шеңбер құрып отырады да, 1-2 минут бір-бірін көзбен жылдам фотоға түсіреді. Содан соң кері бұрылып отырып, мұғалімнің түрлі сұрақтарына жауап береді. Өзінен кейін үшінші кім отырғанын, қарсы отырған оқушының үстіндегі киім түсін, кімнің көк көзілдірік тағып отырғанын т.с.с сұрауға болады.
Соңында қайта бір-біріне қарап, өз фотоларының дұрыс-бұрыстығына көз жеткізеді. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық тұрғыдан жағымды көңіл-күй сыйлайды/.
|
|
|
4. Топтастыру:
|
«Жыл мезгілдері» әдісі. Қатысушылар үнсіз өздері дүниеге келген жыл мезгілдері бойынша топқа бөлінеді. Содан соң әр топ өз жыл мезгілдерін пантомимо арқылы бейнелейді, қалған топ табады.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.
|
1-топ: «Қыс»
2-топ: «Көктем»
3- топ: «Жаз»
4-топ: «Күз».
|
|
|
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.
|
«Ой қозғау» әдісі.
Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға мұғалімнің көмегімен (бағыт-бағдары, нұсқауымен) жауап іздейді.
|
Бәйге – қазақтың ұлттық ат жарысы. Шабандоз бәйге алаңын толық бір айналып шықты (1-сурет).
Шабандоздың әрекетін ретімен ата.
Алаңды толық бір айналу оқиғасын неше әрекетке бөлесің? (2-сурет).
|
ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беру барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
|
|
Жаңа сабаққа дайындық.
|
Жаңа сабаққа кіріспе.
Мұғалім сөзі: Күн сайын түрлі іс-әрекеттерді, үлкендердің тапсырмаларын орындайсың. Бір-бірімен байланысқан белгілі бір іс-әрекеттердің ретін алгоритм деп атайды.
|
(МК, Д) Оқулықпен жұмыс.
Оқушылар оқулықтағы мәтінді оқып, мысалдармен танысып, өзара бір-бірімен ой бөліседі. Мұғалім толықтырып отырады
|
ҚБ: Мұғалім сабаққа қатысып, белсенділік көрсеткен оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
|
Оқулық
|
Сабақтың ортасы
(26 мин)
|
(МК, Т) Дәптермен жұмыс.
№1 тапсырма: Асқардың қысқартылған қозғалыс алгоритмі берілген. Осы алгоритмге блок-сызба құрастыр.
|
Дескриптор:
Топта бір-бірімен ақылдасып, ой бөліседі.
Берілген алгоритмге блок-сызба құрастырады.
Топтар арасында бір-бірімен бөліседі.
|
|