Сабақ Бөлімі: 1-бөлім. Ақпараттық этикет


ҚБ: Топтық жұмыста белсенділік көрсеткен оқушыларды топ басшысы «Смайликтер» әдісі



бет23/42
Дата24.04.2023
өлшемі187,21 Kb.
#86169
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42
Байланысты:
Цифрлық сауаттылық 3-4-тоқсан 1-сынып

ҚБ: Топтық жұмыста белсенділік көрсеткен оқушыларды топ басшысы «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды

Сабақтың соңы
7 мин.


Сабақты бекіту. Рефлексия.



(Ө) Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді.



  • Бүгін мен не білдім?

  • Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім?

  • Сабақ маған ұнадыма? Неліктен?

  • Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Смайликтер» әдісі арқылы бағалайды.

Интерактивті тақта




9- сабақ

Бөлімі:

2-бөлім. Программалау (ортақ тақырып: «Дәстүр және фольклор»)

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Практикалық тапсырмалар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.4.2.1. программалау ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу (Scratch).
1.4.1.1. сызықтық алгоритмді іске асыру.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

  • Сызықтық алгоритм құрады.

  • Жоба скриптерімен жұмыс жасайды.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
1-7 мин.

1. Сәлемдесу.
2. Оқушылар-ды түгендеу.
3. Психологиялық жағымды ахуал орнату.










4. Топтастыру:

Оқушылар конвертті ашып, ішінен геометриялық фигуралардан қалағанын алады. Бірдей фигуралар топтасып, бір топқа бірігеді.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.



1-топ: «Төртбұрыштар»
2-топ: «Үшбұрыштар»
3- топ: «Жұлдызшатер»






Фигуралар салынған конверт



(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.

«Ой қозғау» әдісі.
2 тапсырма.
Алдыңғы білім мен практикалық тапсырмаларды байланыстыру мақсатында төменде берілген кроссвордты шешеді.

Көлденеңінен:

  1. Алгоритм түрі

  2. Командалар жиыны

  3. Іс-әрекеттер реті

  4. Алгоритмнің әр қадамы

Тігінен:

  1. Сахна кейіпкері

  2. Іс-әрекеттер тізбегі




ҚБ: Мұғалім тапсырманы орындауда белсенділік көрсетіп, дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»

Интерактивті тақта



Жаңа сабаққа дайындық.

(Ұ). «Қане, қайтала!» ойыны
Ойын шарты: мәтінді оқып шыққаннан кейін қолдарына қалам мен қағаз алып, сұрақтар құрастырады. Сұрақтарын өз іштерінен сайланған жүргізушіге өткізеді. Барлықтары сұрақ құрастырып болған соң, жүргізушіден кез келген парақты алып, жауабын ойластырады. Жауаптарын талдағаннан кейін, мәтін тәртібі бойынша орналастырады. Содан кейін өздерінің жауаптары бойынша құрастырылған мәтінді мазмұндап береді. Ойын соңында өз мәтіндерін берілген үзіндімен салыстырады. Ойын қорытындысы бойынша ең белсенді оқушы анықталады.

Сабақтың ортасы
(26 мин)

(Ж) 3- тапсырма
Асқарда қазынаның жасы-рылған картасы бар. Карта бойынша жүру командалары: алға, артқа, оңға, солға. Мысалы, 4 м оңға (2-сурет).
1. Қазынаны іздеу оқиғасын сөз арқылы сипаттайды.
2. Асқардың іс-әрекетінің блок-сызбасын құрады.

Жұптық жұмыста белсенділік көрсетіп, тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»

Оқулық






(Ө) 4- тапсырма
1) 2-суреттегі жобаға атау бер. Себебін түсіндір.

2) Қолданған командаларға тиесілі блоктарды анықта.



ҚБ: Мұғалім тапсырманы орындауда белсенділік көрсетіп, дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»







(Т) 5- тапсырма
Әлия табиғат аясына серуенді ұнатады (4-сурет). Оның сөзбен сипатталған қозғалыс алгоритмі берілген. Осы алгоритмді Scratch жобасына айналдыр.

ҚБ: Топтық жұмыста белсенділік көрсетіп, тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»




Сабақтың соңы
7 мин.


Сабақты бекіту. Рефлексия.



(Ө) Оқушылар төменде берілген қорытынды сұрақтарға жауап береді.



  • Бүгін мен не білдім?

  • Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім?

  • Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

  • Мен сабақта өзімді қалай сезіндім?

ҚБ: Мұғалім тапсырма орындау барысында белсенділік көрсеткен оқушыларды «Мадақтау сөзі» әдісі арқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Талпын!»

Интерактивті тақта





10-сабақ

Бөлімі:

3-бөлім. Біздің өміріміздегі роботтар (ортақ тақырып: «Тағам және сусындар», «Дені саудың-жаны сау»)

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Робот жайлы не білеміз?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.5.1.1 білім беру роботының негізгі моделін жинау.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

  • Робот және робот түрлерімен танысады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:
1-7 мин.

1. Сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.

Ширату тапсырмасы: «Қар көшкіні» ойыны.
Оқушылар шеңбер құрайды, мұғалім да оқушылар арасынан орын алады. Әрбір қатысушы өз есімін атап, оған бастапқы әріптен басталатын бір сын есімін қосады. Мәселен, «Айнаш» есімі «А» әрпінен басталады, яғни Айнаш өз есіміне «алғыр» (немесе «ақылды», «айбынды», «асқақ», «айлалы», «арынды»т.б) сиақты сын есімді қосады. Келесі оқушы да дәл осылай өз есімін атайды, оған сын есім қосады да, алдында тұрған барлық оқушылардың есімдері мен эпитеттерін қайталап шығуы керек: «Алғыр Асан, думанды Дәмеш, сабырлы Сейітжан, әділ Әбілғазы, реңді Рызуангүл, жалынды Жомарт! Ал мен - берекелі Бақытпын!».
Бұл тәсілді қолданғанда оқушыларға мұқият тыңдау мен зейін қою қасиеттерін іске қосу қажет. Мұғалімнің танысуды өзінен бастауына болады, ал егерде ол оқушыларға өзінің жады мен есте сақтау қабілетін көрсеткісі келсе, онда ең соңында жауап береді.







4. Топтастыру:

«Конверт» әдісі
Оқушылар конвертті ашып, ішінен геометриялық фигуралардан қалағанын алады. Бірдей фигуралар топтасып, бір топқа бірігеді.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.

1-топ: «Төртбұрыштар»
2-топ: «Үшбұрыштар»
3- топ: «Жұлдызшатер»




Фигуралар салынған конверт



(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі

(МК, Ұ) Миға шабуыл. «Ой қозғау» әдісі
Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген суреттер бойынша сұрақтарға жауап береді.

  • Робот дегенде көз алдыңа не келеді?

  • 1-суретте роботтар сияқты үй жұмысына көмектесетін қандай құрылғыларды айта аласың?

  • Саған робот жайлы қандай ойын, мультфильмдер ұнайды? (2-сурет)






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет