(Ж) «Ұялы телефон» әдісі Оқушылар бір-біріне СМС (хабарлама) жазу арқылы төмендегі сұрақтарға жауап жазады.
- Бүгінгі тақырып не туралы болды?
- Бүгінгі тақырыпта не ұнамады?
- Бүгінгі тақырып несімен ұнады?
- Мені қызықтырғаны ...
- Сабақта қандай сезімде болдың?
- Тақырыпқа не қосар едің?
-Тақырыптан қандай үлгі алдың?
Менің қолымнан ... келеді.
Ширату тапсырмасы. «Боди-арт» ойыны. Барлық қатысушылар бірінің артына бірі тұрады. Соңғы ойыншы алдыңғының арқасына өзі қалаған суретті салады, ол ойыншы ненің суретін сезінгенін өзінің алдындағы оқушыға салады. Осылайша алдыңғы қатысушыға дейін сурет салу жалғасады. Соңғы және бірінші баланың суреттері салыстырылып, кімнің тұсынан ағаттық кеткені анықталады. /Бұл ойын арқылы сыныпта психологиялық жағымды ахуал туады/.
4. Топтастыру:
«Мозаика» әдісі Оқушылар мұғалім үстелінен сурет қиындысы бейнеленген бір дана қағаз қиындысын таңдап алады. Алынған қағаз қиындысында бейнеленген суретті жинақталып құрастыру арқылы екі топқа бірігеді.