Ширату тапсырмасы. «Сенемін-сенбеймін» ойыны Оқушылар шеңбер құрып отырады. Мұғалім тек шындықты айтқан кезде ғана допты қағып алулары керек. Егер жаңылысып, допты қағып алатын болса, онда оған ескерту карточкасы беріледі. Бір ескерту алмаған оқушы «ең зейінді» болып есептеледі.
Мұғалім допты кез келген бір оқушыға лақтырып, былай деп айтады:
– Піл ұша алады;
– Армансыз адам болады;
– Мамандықсыз да ақша табуға болады;
– Құстар апанда ұйықтайды;
– Балықтар құрлықта өмір сүреді;
– Армандар орындалады;
– Ұшпайтын құстар да болады;
– Күлкі адам өмірін ұзартады, т.с.
4. Топтастыру:
Оқушылар шеңбер бойында тұрып үш-үштен саналып, үш топқа бірігеді.
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, критерийлерімен таныстыру.
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.
«Ой қозғау» әдісі. Алдыңғы білім мен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді.
Ойыншық робот құрастырғансың ба?
Роботтар қандай бөлшектерден тұруы мүмкін?
ҚБ: Мұғалім сұраққа жауап беруде белсенділік көрсеткен оқушыларды «Отшашу» әдісі арқылы бағалайды.
Жаңа сабаққа дайындық.
Жаңа сабаққа кіріспе. Оқулықпен жұмыс істеу (МК, Ұ): «Мәтінмен жұмыс» әдісі Тапсырмалар: