Статистика – мәліметтерді жинау және талдау ғылымы. Ол адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Статистиканың негізгі бөлігі өте үлкен объект жиынтықтарын сипаттау қажеттілігімен байланысты. Мұндай жиынтықты бас жиынтық деп атайды. Бас жиынтық, мысалы, Астана қаласының тұрғындары, теледидар шығаратын зауыттың айлық өнімі, мектеп оқушылары, болуы мүмкін.
Адамдардың белгілі бір бөлігіндегі қандай да бір адамдар тобына қарастырылып отырылған құбылыстың қалай әсер ететінін анықтап, қорытынды жасауға болар еді. Зерттеу үшін кездейсоқ таңдап алынған бас жиынтықтың бөлігі таңдау деп аталады. Барлық жиынтыққа жасалған таңдаудың зерттеулерінің жалпылау процесін статистика қорытындысы деп атаймыз.
1-мысал. Кезекті топтамадағы 1000 данадан тұратын шамның сапасын анықтау керек болсын. Ол үшін кездейсоқ 100 шам таңдалып, тексеріледі. Бұл шамдардың сапасы тексеру және талдау нәтижесі бойынша анықталады.
2-мысал. Технолог тұтұнушыға жіберілетін консервілерінің дайындалу сапасын тексеру керек. Егер ол барлық консервіні біртіндеп ашатын болса, онда тұтынушыға не қалады? Сондықтан технодог бірнеше мың топтамадан кездейсоқ таңдап алынған 100 консервіні ашып, олардың сапасын анықтап, өнімді жіберуге рұқсат береді.
Жұптық жұмыс
Тапсырмалар:
1. Тасбақа сөйлей бастады.
2. Келесі аптада ауа райы бұзылады.
3. Бейсенбіден кейін жұма.
4. Жұмадан кейін жексенбі.
5. Күн жерді айналып жүр.
6. Анасы баласынан үлкен.
7. Сабаққа саған төрт қояды.
8. Паралель түзулер қиылыспайды.
Жағдайлар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
Ақиқат
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Мүмкін
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Мүмкін емес
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сабақты бекіту
Блиц-сұрақтар:
1. Оқиғаның ықтималдығы дегеніміз не?
2. Ықтималдық теориясы нені зерттейді?
3. Осы теория негізінде қандай ғылым пайда болды?
4. Таңдаудың бас жиынтықтан қандай айырмашылығы бар?
5. Статистикалық қорытындының практикалық мәні неде?
Достарыңызбен бөлісу: |