Сабақ «Жанды табиғат» бөлімі Сабақтың тақырыбы: Сені қоршаған орта. Симметрия дегеніміз не? Мектеп Күні


Алған білімнің өмірмен байланы- сы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу



бет9/128
Дата16.05.2023
өлшемі367,11 Kb.
#93469
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   128
Алған білімнің өмірмен байланы- сы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу

Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіреді, ал оқушылар табиғат нысандары (жануарлар, өсімдіктер) қандай
болатынын суреттейді. Мұғалім оқушылардан нысан- дарды салу барысында жануарлардың үлпілдек жүнін, құстардың қауырсынын, кірпінің тікенегін сала алды ма екенін сұрайды. Өзі сол жануарлардың фотосу- реттерін не репродукцияларын көрсетеді. Балалардың жауабын тыңдағаннан кейін, мұғалім суретшінің жаңа көмекшілері – штрих және сызықпен таныстырады.
Олармен танысу арқылы оқушылар табиғат нысан-
дарын жақсырақ қабылдап, бұрын назарына ілінбеген нәрселерді елей бастайды. Сондай-ақ оқушылар штрих және бояу жағындысы арқылы әсерлі
жұмыстар орындайды.

Тақтаға әртүрлі штрих пен бояу жағындыларын көрсету үшін қағаздар ілінеді. Фломастерлер.

Оқулық.



Анималист- суретшілер мен пейзажшылардың графикалық және кескіндеме
жұмыстарының репродукциялары.

Материал- ды
түсіндіру

Оқушылар сызықпен танысты. Ал бүгін сызықтың көмекшісі – штрихпен танысады. Мұғалім тақтаға немесе ватман қағазына алдымен сызықты, одан кейін
бірнеше штрихті сызып көрсетеді. Одан кейін тағы да

Оқулық.




сызықтар мен штрихтарды сызады. Оқулықтағы штрихтарды қарап шығуға болады. Одан соң «Штрих дегеніміз не?» деген сұрақ қояды. Егер балалар жауап бере алмаса, тағы да сызықты сызып: «Міне, мен
сызық сыздым, ол ұзын, менің оны сызуға уақытым кетеді. Ал штрихті тез-ақ сызып шығамын. Оның ұзындығы қандай? Қайсысы ұзын, штрих пе әлде сызық па?» Бұл сұраққа балалар жауап бере алады.
Сонымен, штрих дегеніміз – қысқа сызық. Суретшіге штрих не үшін керек? Егер біз сызықпен заттың
сыртқы кескінін сызатын болсақ, ал штрихпен ішкі бөлігін толтырамыз. Штрих сызық тәрізді әртүрлі
болады, ол да график-суретшінің көмекшісі. Суретші штрих арқылы мысықтың жұмсақ әрі үлпілдек жүнін, қошақанның бұйра жүнін, шыршаның тікенекті
инесін, ұсақ тастар мен құмды, қылқан шөпті және т.б. бейнелей алады. Суретші шеңберді шар тәрізді етіп штрихтай алады.
Оқушылар штрихтің әсерлілігін көру үшін сызық пен штрихті қағазға сыза отырып әңгімелеген дұрыс.
Сонымен қатар өз беттерінше жұмыс істегенде штрихтің көмегі көп. Одан соң штрихтің әсерлілігіне назар аудара отырып, график-суретшілердің репродукцияларына қарап, оларды талқылайды.
Бояу жағындысы сызық тәрізді әсерлі бола алады.
Сылақшы деген мамандық түрі бар. Ол үйдің қабырғаларын сылап, тегістеп бояуы қажет. Жұмысының сапасы осыған байланысты.
Суретшінің жұмысы өзгешелеу, ол теңіздегі
толқынды, өзендегі судың сылдырын, ағаштардағы жапырақтардың сыбдырын дәл бере отырып, әсерлі туындылар жасауы керек. Ол үшін бояумен жұмыс
істегенде мұқият болу қажет. Өйткені айналамыздағы тамаша құбылысты суретші түс пен тәсілдер арқылы береді. Суретшілердің жұмыстарын көрсете отырып әңгімелеген дұрыс. Түсіндіріп болған соң 5 минут
№1 қосымшадағы ойынды ойнатуға болады. Сондай-
ақ оқулықтағы мәтін, иллюстрациялар мен сұрақтарды пайдаланып, жұмыс істейді.

Анималист-сурет- шілер мен
пейзажшылардың графикалық және кескіндеме
жұмыстарының репродукциялары.
№1, 2 қосымшадағы материалдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет