Сабақ «Жанды табиғат» бөлімі Сабақтың тақырыбы: Сені қоршаған орта. Симметрия дегеніміз не? Мектеп Күні



бет7/128
Дата16.05.2023
өлшемі367,11 Kb.
#93469
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   128
Бағдарламалық міндеті

3.1.3.1
3.2.1.1

Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер

Мұғалім үшін: штрих пен бояу жағындысының әсерлі мүмкіндіктерімен таныстыру.
Оқушылардың шығармашылық міндеті: білім- біліктерін №1 жұмыс дәптерінің 7–11-беттеріндегі тапсырманы орындағанда пайдалану.

Оқушылардың міндеті

Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.
Штрих пен бояу жағындысын сипаттау. Штрих пен бояу жағындысы туралы білімдерін пайдаланып, графикалық және кескіндеме туындыларын суреттеу.
Тірек сөздер: штрих – қысқа сызық, штрих әртүрлі болады, штрих әртүрлі фактураларды бейнелеуге көмектеседі. Бояу жағындысы – бояулы қылқаламның ізі, ол алуан түрлі болады. Суретші бояу жағындысы арқылы табиғаттағы әртүрлі заттарды бейнелейді.
Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:

  1. Сызық туралы не білесің? Ол қандай болады? (Өткен материалды еске түсіреміз).

Жауап. Сызық әртүрлі болады: түзу, тік, көлденең, көлбеу; дөңгелектенген; зигзаг тәрізді, жіңішке, түрлі түсті. Ол өкпелі, көңілді, салмақты, нәзік болып, әртүрлі көңіл күйді білдіреді.

  1. Штрих қандай болады? Онымен нені бейнелеуге болады?

Жауап. Қысқа, айқыш-ұйқыш. Онымен қылқан шөпті, шырша мен кірпінің тікенін және т.б. бейнелеуге
болады.
Жұмсақ әрі нәзік. Онымен үлпілдек жүнді балапанды, мысықты, қауырсынды бейнелеуге болады.
Дөңгелектенген, шапшаң. Онымен бұйра шөптер мен қошақанды, ағаш жапырағын, жағалаудағы тастарды бейнелеуге болады.

  1. Бояу жағындысы қандай болады? Штрих туралы жауаппен бірдей.

  2. Бұл әсерлегіш құралдар суретшілерге жұмысын әсерлі етіп көрсетуге көмектесе ме? (Сұрақ оқулықтағы

бірнеше иллюстрацияны немесе график және кескіндемеші-суретшілердің репродукцияларын көргеннен кейін қойылады.)
Жауап. Иә, көмектеседі. Толық жауап беруді талап ету керек, картиналардың бірін мысал ретінде келтіреді.

  1. Сендерге штрих табиғаттағы қандай нысандарды бейнелегенде керек болады?

Жауап. Ағаш жапырақтарын, шөп, шырша, кірпі, теңіз толқынын, өзен суын, аңдар мен құстарды және т.б.
бейнелегенде керек болады.

  1. Штрихты немен салуға болады?

Жауап. Қарындаш, бор, қалам, фломастер, пастельмен.

  1. Бояу жағындысын немен жазады? Жауап. Бояу және қылқаламмен.

  2. Штрих пен бояу жағындысы сендердің көмекшілеріңе айнала ала ма? Олармен орындаған жұмыстарың әсерлі




бола ма? (Сұрақ сабақтың соңында қойылады.)
Балалардың жауабы жаңа тақырыптар қаншалықты қызықты болғанын көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет