Сабақтың тақырыбы: Ұжымдық композиция жасаймыз. Таныстыру, талдау және бағалау
Мектеп
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні
СЫНЫП: 3
Қатысқан оқушылар саны
Қатыспағандар
Оқу мақсаттары
«Көлемді-кеңістікті композиция» ұғымымен таныстыру.
Көлемді бейнелер жасап, ұжымда жұмыс істеп үйрену.
Бағдарламалық міндеті
3.2.1.1
3.2.3.1
3.3.3.1
Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер
Мұғалімнің міндеті: «көлемді-кеңістікті композиция» түсінігімен таныстыру, көлемді бейнелер жасап үйрету, ұжымда жұмыс істеу барысында міндеттерді бөлу.
Оқушылардың шығармашылық міндеті:көлемді- кеңістікті композиция жасап, оған атау беру.
Оқушылардың міндеті
Жасайтын жұмысының идеясын айтып, топтағы әрбір қатысушының міндеттерін белгілеу. Мұғалімнің сұрақ- тарына жауап беру. Жұмыстарын таныстырып, талқы- лау. Терминдерді үш тілде білу.
Тірек сөздер:көлемді-кеңістікті композиция, ұжымдық жұмыс, жұмысты жоспарлау, міндеттерді бөлу,
жұмыстарды таныстыру.
Талқылауға арналған сұрақтар мен жауаптар: Көлемді-кеңістікті композиция дегеніміз не? Жауап. Бұл – жан-жағынан қарауға болатын компози- ция. Онда заттар бір-бірінен алшақ орналасады.
«Хайуанаттар бағы», «Құстар ауласы» көлемді-ке- ңістікті композицияларында нені бейнелеуге болады? Жауап. Мұндай композицияда әртүрлі аңдар мен құс- тарды бейнелеуге болады (бірнешеуін атайды).
Ұжымдық жұмыс пен жеке-дара жұмыстың айыр- машылығы неде?
Жауап. Жеке-дара жұмысты бір адам орындайды. Ұжымдық жұмысты бірнеше адам орындайды, олар идеясын ортаға салып, жұмыс ретін жоспарлап,
міндеттерді өзара бөліседі. Мұндай жұмыста бәрі бір мақсатқа жұмылады.