Барлық оқушылар: көлемді-кеңістікті композицияның не екенін біледі. Ұжымдық композицияны талқылауға қатысып, ортақ композиция жасағанда өзіне
міндеттелген жұмысты атқара алады.
Оқушылардың көпшілігі: көлемді-кеңістікті компо- зицияны қалай, ненің көмегімен, қандай материалдар-
мен және құралдармен жасайтындарын анықтайды.
Бұл сабақта мына пәндермен байланыс орнайды: жа- ратылыстану, әдебиеттік оқу, музыка. Оқушылар жа- ратылыстану сабақтарындағы білім-біліктерін
пайдаланады. Шығармашылық шабыттарын дамыту үшін №2 қосымшадағы өлеңдерді оқиды.