Көк күшік ауыл тұрғыны болды. (оқиғаның дамуы) Кішкене Құрмаш күшікке «Көксерек» деп ат қойды. Жеке асқұйғыш – итаяқ әзірледі. Мойнына жіп тақты. Құрмаш күшікті қасына алып жатады. Құрмаш көксеректі әбден баптады. Көксерек үлкейді. Бірде-бір ит мұны дос көрмеді. Төбеттер талап тастайды. Бірақ Көксерек «қыңқ» деп дыбыс шығармайды.
Тағы емес пе! Жасымайды! – деді ауыл адамдары.
Көксерек ашқарақ. Жанында адам тұрса, тамақты жемейді. Адам болмаса, тамақты жоқ қылады. Егер қарны ашса, бермеген тамақты жеп қояды. Сосын таяқ жейді. Өзі ешкімге соқтықпайды. Суық. Құрмаш пен әжесі шақырса, келеді. Сондықтан үлкен адамдар:
Бұны өлтіріп, терісін алу керек, ит болмайды, - деді.
Бірақ Құрмаш көнбеді.
Құрмаштың әжесі де:
Туу, көзі жап-жасыл болыпты. Енді мұны өлтіріп, терісін алайық,-деді. Құрмаш бұл сөзге көнбеді. Сол түні Көксерек жоқ болып кетті. Екі күннен соң қайтып келді. Құрмаш пен әжесі бұған қуанды. Көксерек семіріп, орасан боп өсті. Ол шынымен алып қасқыр болды. Күзде Көксерек тағы жоқ болып кетті. Бұл жолы қайтып келмеді.
ІІ топ мәтіні Жотадан жотаға жортты, Көксерек қатты өсті. Көкжал болды. Ауылдың малына қауіп төнді. Даладағы қой, жайлаудағы сиырға шауып,жылқыға шейін жеді. Үш-төрт түйе де жеді. Күніне бір мал жейді. Маңайдағы ауылды түгел шулатты. Адамдар мылтық атып, қорқытты, одан жасқанбады.(оқиғаның шиеленісуі). У берді – оны да жемеді.
Көксерек көп жортты. Көп іздеді. Бір жотаның басында аттылы қойшыны көрді. Айналасында қой жайылып жүр екен. Қойшы айғайлап, бұған қарсы шықты. Қойшы – бала екен. Көксерек қорықпады. Қой қаша жөнелді. Көксеректің арқасына ағаш сарт етті. Сол-ақ екен, Көксерек адамға қарай арс етіп шапшыды. Аузына баланың тоны ілікті. Көксеректе қазір бұрын білінбеген долылық, жайындық бар.
Баланың шошыған айғайы шықты. Бала аттан аударылып, жерге құлады. Домалап жатқан балаға тап берді. Ырылдап, баланы бас салды. (оқиғаның шарықтау шегі) Бұл бала – Құрмаш еді. Қойшы ауырып, әкесі бір күнге қойға жіберген. Үстіне қасқыр төніп келгенде көзі бір ашылып, бір жұмылды. Қасқырдың басы төмендеді. Бала өзіне таныс құлақты көрді. Ақырғы сезгені – сол ... Баланың үні өшті. Қасқырдың аузы тиместен бұрын өліп кетті. Көксерек баланың бір жақ көзін қопарып алып кетті. Жүріп бара жатып, қылғыта салды. Түнде баланың өлігін тауып алды.