Бағалау критерийлері:
- айнымалыны дұрыс енгізеді;
-есептін шарты бойынша берілгендер мен байланысын дұрыс анықтайды;
-математикалық моделін дұрыс құрады (теңдеуді,теңсіздікті);
-теңдеуді (теңсіздікті) дұрыс шешеді;
-есептің шартына сәйкес жауапты дұрыс таңдайды
|
Слайд-16-20
Қосымша 2
|
Сабақтың соңы
5 минут
|
Осы сабақ бойынша өз пікірлеріңіз
Осы сабақты жақсарту үшін не істеуге болады?
Қандай тақырыптарға көп көңіл бөлгіңіз келеді?
Үйге тапсырма беру
Есеп 1
Үш таңбалы сан және осы цифрлардан, бірақ кері ретпен орналасқан цифрлардан құралған сандардың айырмасы 99-ға қалдықсыз бөлінетінін дәлелдеңіз.
Шешімі:Үш таңбалы санды 100х+10у+z түрінде жазамыз, онда осы санға кері ретпен орналасқан цифрландан құралған санды 100z+10y+x түрінде жазамыз. Осы екі саның айырмасын келесідей жазамыз
100х+10у+z-(100z+10y+x)=99х-99z=99(x-z)
Есеп2
Боялған фигураның ауданың табыңыз
|
Слайд-21
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Жұппен жұмыста қабілеті жоғары оқушы жұбына көмектеседі (Жұппен жұмыс орындаудың алдында қабілеттерін ескере отырып өзім жұпқа бөлемін).
|
Құрастырылған критерийлер бойынша бірін-бірі, өздерін бағалайды. Сонымен қатар бағалау критерийлері арқылы бағаланады.
|
Сабақ барысында оқушылармен орындалатын тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді.
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|