Сабақ жоспары Бөлім: 1-бөлім. Көне күндерден жеткен жәдігерлер



бет2/3
Дата30.09.2024
өлшемі0,6 Mb.
#146274
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
26.09. 7-сынып

3-тапсырма
Ықтимал жауап:
Білге:
Елдің мұңы, жердің қамы үшiн күрескен ұлы тұлға. «Түркі халқы үшін
Түн ұйықтамадым,
Күндіз отырмадым.
Төрт бұрыштағы халықты  
Бәрін бейбіт қылдым, тату қылдым» деген жыр жолдарымен берілген
Күлтегін:
Жастайынан халық қамын ойлап, өзінің ерлік бейнесімен халық құрметіне бөленген батыр. Жырда:
«Жалаңаш халықты тонды,
Кедей халықты бай қылдым.
Аз халықты көп қылдым.
Тату елге жақсылық қылдым» деп зор мақтаныш сезіммен баяндалады.
Тоныкөк:
Тоныкөк (Тонұқық, 646-741) – Екінші Шығыс Түркі қағанатының негізін қалаушылардың бірі, заманында Түркі қағанатының үш бірдей қағанына уәзір болып, түркі елінің халқын көбейтіп, жерін кеңейтуге үлкен үлес қосқан кемеңгер. Көшпелілер тарихында артына өшпес із қалдырып, ақыл-парасатына, қол қайратына, көрегендігіне табындырып, ел-жұртының қасіретін, қуанышын, ерлігі мен елдігін тасқа қашап, мәңгілік мұра қалдырған Тоныкөк – бірегей тұлға.

Тест тапсырмаларынан жауап алу.


1. Руна жазуын алғаш тапқан кім?
А) В.Томсен
Б) М.Кастрен
В) А.Ремюза
2. Орхон-Енисей жазбалары қай дәуірлердің жазбасы?
А) алтай дәуірі
Б) Ғұн дәуірі
В) Ежелгі Дәуір
3. Күлтегін кім?
А) Ел билеген қаған
Б) Қолбасшы батыр
В) Заң шығарушы
4. Күлтегін қай жылы қайтыс болған?
А) 728 ж
Б) 731 ж
В) 698 ж
5. Тоныкөк кім?
А) Батыр
Б) Ел басқарған
В) ерлік мен елдігін тасқа қашап жазған жырау








Бағалау кестесі

Оқушының аты-жөні

«Тізбектей оқу әдісі» әдісі. 1балл

оқыған бөлімнен троптың түрлерін тап
2балл

Шығармадағы кейіпкерлер тұлғасын гуманистік тұрғыдан талда. 2 балл

Кері байланыс: Тест 5 балл

Балл
10 балл









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет