Ароматты көмірсутектерді экстракция әдісі арқылы бөлу схемасы Бастапқы көмірсутекті фракция экстракциялық колоннаның 1 төменгі жағына беріледі, ол жерде жоғарыдан енгізілетін экстрагентке қарама қарсы жоғары қарай қозғалады. Мұнда негізінен ағындарды енгізудің төменгі бөлігі және жоғарғы бөлігінің арасындағы қашықтық сепаратор ролін атқарады. Колоннаның жоғарғы жағынан шығатын рафинат экстрагенттің кейбір бөлігін алып кетеді және оны рекуперациялау үшін рафинат скрубберде 2 сумен жуылады, осыдан кейін отын ретінде пайдаланылады. Қаныққан экстрагент колоннаның 1 төменгі жағынан жылуалмастырғышта 3 ыстық регенерацияланған экстрагентпен қыздырылып және колоннаға 4 бағытталады, ол жерде ароматты көмірсутектерді сумен экстративті жуу жүзеге асырылады. Сепараторда 5 су бөлініп, және оны колоннаға 4 қайтарады, ал ароматты көмірсутектер қоспасы соңғы біржола ректификациялауға беріледі. Экстрагент колоннаның 4 төменгі жағынан салқындатудан кейін экстракциялауға қайтарады, ал оның бір бөлігі регенерациялауға колоннаға 6 бағытталады, ол жерде одан судың артық мөлшері алынып және конденсациялау өнімдерінен тазартылады. Ароматты көмірсутектерді осы осы әдіспен бөлу дәрежесі 93-99%-ға дейін жетеді.
Ароматты көмірсутектердің фракцияларының сипаттамалары. Екі негізгі түрдегі ароматты шикізаттар болады: коксохимиялық және мұнайхимиялық, олар негізінен күкірт органикалық қосылыстарының болуымен ерекшеленеді. Мұнайхимиялық өнімдер бастапқы мұнай фракцияларында күкірт мөлшерінің аз болуынан немесе оларға жасалған гидротазалау процесінің нәтижесінде күкірт мөлшері 0,002% болады, ал коксохимиялық шикізаттарда –күкірт мөлшері шамамен 60-70 есе жоғары болады. Бұл ароматты қосылыстарды өңдеудің каталитикалық процестерінде үлкен маңызға ие, яғни, қосылыс құрамында болатын күкіртті қосылыстар катализатордың жылдам улануына немесе жоғары мөлшерде шығындалуына алып келеді. Басқа қоспалар болып олефиндер (бромды саны 100г шаққанда 0,6 г Вг құрайды) және парафиндер (сульфирленуі 99% дан кем емес). Бензол және толуол сорттарына байланысты 99,0-ден 99,9% дейін негізгі заттан тұрады.