Е) Ол әндер ерлікті де, елдікте де, сұлулықты да сыйдырған.
Сабақты қорытындылау. - Міне, балалар, бүгін біз қос нүкте жайлы түсінігімізді кеңейттік, оның қойылатын орындарын анықтай отыра, даналарымыздың «достық» жайлы ұлы сөздерін кәдемізге жараттық. Әртүрлі тапсырмалар орындау барысында теориялық білімді практика жүзінде көрсете білдік.
Достық - адамдардың бір-бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтқысыз сеніп, тілектес, мұраттас болуы. Достық туралы ұлы философтар мен ақын-жазушыларға қоса, ұстаздар мен педогог-психолог ғалымдардың ой толғамағаны, оның мәнін, сырын білуге талпынбаған адам кемде-кем. Мұның өзі достықтың адам өмірінде алатын келелі орнына, зор маңызына байланысты екені даусыз.
Осымен сабағымызды да аяқтаймыз.
Үй тапсырмасы: 177-жаттығу. Мақал-мәтел, дәйексөздерді пайдалана отырып, «Жақсы дос – асыл қазына» тақырыбында шағын шығарма жазып, өздерің қолданған тыныс белгілерін қою себептеріңді түсіндіріңдер.
Бағалау.
Қос нүкте. Жақша. Тырнақша Күні: 27.04.13 жыл Сынып: 9
Сабақ атауы
Қос нүкте. Жақша. Тырнақша
Сілтеме
9-сынып оқулық; Мұғалімге арналған нұқаулық;
Жалпы мақсаттар
Оқушылар өздігімен жаңа тақырыпты түсініп, ұзақ мерзімге есте сақтауға мүмкіндік жасау. Мүмкіндігінше өз ойларын еркін айтуға, айтқан ойларын дәлелдеуге дағдыландыру. Оушылардың сабақты талдауына ыңғайлы атмосфера тудыру.