Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 4-бөлім. Сүйіспеншілік пен достық



бет4/7
Дата24.08.2022
өлшемі204,22 Kb.
#38241
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Жетелеуші сұрақ:
-Дос туралы айтылған ойларыңыз бен тыңдайтын мәтіндеріңіз сәйкес келе ме?
-Мәтінді мұқият тыңдап, білмейтін, жаңа ақпарат кездессе, белгілеп отырыңыздар.
Оқушыларға «Достық туралы бірер сөз» тақырыбында аудиомәтін тыңдату.
Аудиомәтіндегі мәтін оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес, оқу бағдарламасы негізінде алынды. Мәтін 300 сөзден тұрады.Тыңдалым ұзақтығы- 5 минут.

Кері байланыс:


-Мәтін мазмұнын түсіндіңіздер ме?
-Айтылған ойлармен сәйкес келді ме?
-Жаңа ақпарат ала алдыңыздар ма?


ТЖ. 2-тапсырма. «Маңызды конверт» әдісі
Бағыттаушы сұрақ:

-Факт және көзқарас ұғымын қалай түсінесіздер?


- Өз түсініктеріңіз бойынша анықтама шығарыңыздар.
-Өздеріңіз жазған анықтама мен «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіндегі» ақпаратпен салыстырғанда не байқадыңыздар?
Демек, өзіңіз ойлаған пікір- көзқарас болып табылса, нақты дәлел келтіретін болсақ, ол-факт болып табылады.


Көзқарас - пікір, ой, ұғым.
Адамдардың қоршаған ортаға деген түрлі дүниетанымы.
Факт - әр уақытта ешқандай шартсыз ақиқат болатын айтылым. Пролог тілінде қарастырылады. Шынымен болған, ойдан шығарылмаған оқиға, жағдай, құбылыс.
Әр топқа жасыл түсті «Факт конверті» және көк түсті «Көзқарас конверті» және адасқан сөйлемдер беріледі.
Ұсынылған сөйлемдерден факт пен көзқарасты ажыратып, 2 конвертке жылдам уақытта бөліп салыңыздар. Бірінші әрі тапсырманы дұрыс орындаған топ жеңіске жетеді.
Дескриптор:
-мәтін мазмұнын түсінеді
-мәтіннен факт пен көзқарасты ажыратады
Түрлі пішіндер арқылы өзін-өзі бағалайды.
Тапсырманы орындай алдым
Тапсырманы орындадым, бірақ толық емес
Тапсырманы түсінбедім

С. 3-тапсырма. Мәтін бойынша мәселені анықтау.Сөйлемдерге мәселе көтере отырып сұрақтар құрастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет