Дамытушы сұрақтар: 1.Мәтінде не туралы айтылған? Қалай түсіндіңіздер?
2.Әйтімбет шешен достың неше түрін көрсетті?
3.Амал дос, адал дос қандай болады?
4. Олай болса, слайдтағы кестеде көрсетілген сөйлемдер арқылы қандай мәселені анықтаймыз?
5.Проблемалық сұрақты қалай қоямыз?
«Жауабы мынадай болса, сұрағы қандай болады?» әдісі
№
Көтерілген мәселені айқындайтын сөйлем
Проблемалық сұрақтар /ықтимал жауап/
1
1 Бұрын адал достық ең жоғарғы адами құндылық саналатын, сондықтан оны белгілі ақындар жырға қосқан, бұрын достыққа үлкен сезіммен және жауапкершілікпен қараған. Достық үшін құрбан болуға да дайын болған.
Қалай ойлайсың, бұрын асыл қасиет саналған достық бүгінде жай ғана қарым-қатынас немесе іскерлік байланыспен ғана шектеліп қалған сияқты емес пе?
2
Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары: «Достық нешеу?» – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып: «Достықтың екі түрі болады. Бірі - адал достық, екіншісі - амал достық», - деп жауап беріпті.
Адал достық пен амал достықтың арасын қалай ажыратуға болады?
Досыңның жақсы екенін қайдан, неден жаман, білуге болады?
ТЖ.4-тапсырма.«Сыныптастар» әдісі арқылы оқушы мәтін бойынша проблемалық 3 сұрақ дайындап, сұрақты сағат тілімен келесі топқа ұсыныңыз. Оқушылар топ ішінде проблемалық сұраққа сəйкес келетін ерекше сұрақты сынып ішінде талқыға салады.