Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 4-бөлім. Сүйіспеншілік пен достық



бет3/7
Дата24.08.2022
өлшемі204,22 Kb.
#38241
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Ж. «Алма кетті домалап» әдісімен жеке оқушы тақтаға шығып, үй тапсырмасын қорғайды.
ҚБ. «Алма ағашы» әдісімен түрлі түсті алмалар арқылы оқушылар бірін-бірін бағалайды.




Өте жақсы!




Жақсы!




Жаман емес!


Слайд









Сабақтың ортасы
5 минут

6 минут


6 минут

3 минут


3 минут

6 минут



Тыңдалым алдындағы тапсырма.
С. Ой шақыру.
Дос-досқа айна
-«Дос-досқа айна» дегенді қалай түсінесіздер?
-Дос деген кім?
-Айна деген не?
-Дос қандай болу керек?
ТЖ. «Күн сәулесі» кластер жасау (графикалық органайзер)
Мақсаты- шашыраңқы ойларды жинақтау, танымдық қабілетін кеңейту үшін кластер жасату
адами құндылығы жоғары қамқор
Дос қандай болу керек?

шынайы
жауапкершілікті


адал
Тыңдалым тапсырмасы
С. 1-тапсырма. Аудиомәтін
Аудиомәтін тыңдатудың мақсаты- Мәтін мазмұны арқылы достың қадірі мен маңыздылығын ұқтыру .Оқушылардың есте сақтау, зейін қойып тыңдау, байқампаздық, ойлау қабілеттерін дамыту, факт пен көзқарасты ажырата білуге қалыптастыру.
Тыңдалым мәтіні
Достық туралы бірер сөз
Жақсымен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елпектеп...
Жаманмен дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер өсектеп.
Махамбет ақын
«Достық» туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды», - депті. Шынайы достық қандай да болмасын өмірлік жағдайларда досыңа көмекке келіп, оны қолдай білуді талап етеді. Өзінің досынан белгілі бір нәрселерді қажет ететін адам шынайы достыққа лайық емес. Бұрын адал достық ең жоғарғы адами құндылық саналатын, сондықтан оны белгілі ақындар жырға қосқан. Біздің ойымызша, бұрын достыққа үлкен сезіммен және жауапкершілікпен қараған. Достық үшін құрбан болуға да дайын болған. Бұрын асыл қасиет саналған достық бүгінде жай ғана қарым-қатынас немесе іскери байланыспен ғана шектеледі. Яғни, қазіргі таңдағы қарым-қатынас киноға бару және бірге отырып теледидар қарау шеңберінде қалған сияқты. Мүмкін бізге достар да, достық та қажет емес шығар? Әрине, жоқ! Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары: «Достық нешеу?» – деп сұрақ қояды. Сонда Әйтімбет тұрып: –Достықтың екі түрі болады. Бірі - адал достық, екіншісі - амал достық. –Енді оларды қалай ажырата аламыз? – дегендерге: – Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, – деп жауап берген екен Әйтімбет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет