Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 4-бөлім. Сүйіспеншілік пен достық
|
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Шантасов А.С.
|
Сынып: 7
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Дос – досқа айна
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
7.Т/А3. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу.
7.О5.Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру.
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар орындай алады:
|
Мәтін мазмұнын түсінеді
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
|
Ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата біледі.
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
|
Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады.
|
Бағалау критерийі
|
Мәтін мазмұнын түсінеді.
Ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажыратады.
Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады.
|
Білу деңгейі
|
Түсіну және білу
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады: факт мен көзқарастары бойынша өз ойларын айта алады және ажыратып,
мәселеге сүйене отырып сұрақтар құрастыра алады.
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
«Дос – досқа айна» дегенді қалай түсінесіздер?
Сіздің ойыңызша, өмірде достың неше түрі бар?
«Адал достық – өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады» деген пікірмен келісесіздер ме? Неліктен?
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: шынайы достық, адал, амал достық, өмірлік нұсқа, адами құндылық, факт, көзқарас, проблемалық сұрақ
|
|
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Әр адамға дос керек. Өйткені..., Сыйластық бар жерде..., Меніңше, дегенмен.
|
|
Құндылықтарға баулу
|
2) Қазақстан Республикасының əр азаматының патриоттық борышы – Қазақстанның халықтарының достық пен келісім дəстүрін сақтап, ұлғайтып, ұрпақтан ұрпаққа беру. Достықты қадірлеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
|
|