шығарма əуенінің ноталары əр аспапқа арнайы жазылады. Оны «партитура» деп атайды. Партитура арқылы бір мезгілде барлық аспаптарда орындалып жатқан дыбысты қадағалауға болады».
Зерттеу тапсырмасын орындау жалғастырады. Балалар «Би күйінен» қысқа үзінді орындайды.
«Би» күйінің əуенін нотаға қарап орында.
«Би күйінен» үзіңді
Үлгі:
Берілген əуенді ырғақтық партитураға лайықта.
Əуенді бір топ орындайды, екінші топ ұрмалы музыкалық аспаптарды қолданып, ырғақтық сүйемел жасайды.
Оқушылар өздерінің ырғақтық сүйемелін өз партитурасын орындағандай сезінуі тиіс.
4-тапсырма. Əн орындау.
Оқушылар А. Жұбановтың «Ақ көгершін» əнін үйренеді. Əннің сөздерінің мағыналық жағын мұғалім оқушылармен бірге талдап өтеді. Əнді жай, баяу темпте үйрену қажет. Əннің диапазондық жағымен көп жұмыс жүргізу керек.
Сабақтың соңы
Мұғалім «Ақ көгершін» əнінің алғашқы əуенінің ноталық жазылымын балалармен бірге орындауына болады. Əн келесі сабақта да үйретіледі.
Саралау – Оқушыларға қалай көбірек қолдаукөрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғарыоқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлапотырсыз?
Бағалау– Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін
пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанада берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Сабақ жоспарында қандай ауытқулар болды, неліктен?
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2.
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындық- тары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
№26 cабақ жоспары
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі 6-бөлім: Атақты тұлғалар
Мектеп:
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 3
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы
Музыкалық калейдоскоп
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме)
3.1.1.1 – тыңдалған əуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуіш құралдарын анықтау жəне салыстыру;
3.1.2.1 – көркем образдарды аша отырып, түрлі сипатты əндерді орындау;
3.1.3.3 – музыкалық шығармаларды талдау барысында негізгі музыкалық ұғымдарды анықтау жəне ажырату;
3.1.3.6 – нотамен қарапайым əуендер орындау;
3.2.1.2 – қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару жəне суырыпсалмаасжау үшін музыкалық көркемдеуіш құралдарды қолдану.
Сабақ мақсаты
Барлық оқушылар:
қазақтың атақты тұлғаларының шығармашылығымен танысады;
ұлы тұлғалар жөнінде мəліметтер жинайды;
ұлы тұлғалар шығармаларына таныстырылым (презентация)
жасауда мұғалімнің көмегіне сүйенеді;
музыкалық сауаттылығын дұрыс пайдалануға тырысады;
сыныптастарымен бірге өз жұмыстарын таныстырады.
Оқушылардың көпшілігі:
қазақтың атақты тұлғаларының шығармашылығына қызығу- шылық білдіреді;
ұлы тұлғалар жөнінде мəліметтер жинауда, өмірімен танысуда сыныптастарымен өзіндік белсенділігін көрсетеді;
ұлы тұлғалар шығармаларына таныстырылым (презентация)
ұлы тұлғалар шығармаларына таныстырылым (презентация)
жасауға тырысады;
өзінің жəне мүмкіндігінше өзгенің жұмыстарын таныстырады жəне бағалай біледі.
Тілдік мақсаттар
атақты тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы жайлы шығармашылық жұмыс құру үшін идеялар ұсынады;
өз шығармашылық жұмыстарын көрсетеді, өзінің жəне өзгелердің жұмыстарын бағалай біледі.
Құндылықтарды дарыту
Халық əндерін орындау, тыңдау арқылы мəдени тұлғаларды тəрбиелеу
Пəнаралық байланыстар
Тарих. Əдебиет
Бастапқы білім
Алдыңғы бөлімдерде алған білімдеріне сүйене отырып білім алу
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-əрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
«Музыкалық калейдоскоп» сабағы бөлімді қорытын- дылайтын сабақ болып табылады. Мұндағы берілетін тапсырмалар ойын жəне таныстырылымдық орындау түрінде берілген.