Сабақ жоспары Ұзақмерзімді жоспар бөлімі



бет51/177
Дата12.02.2023
өлшемі0,81 Mb.
#67322
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   177
Құндылықтарды
дарыту

Кəсіби музыканы тыңдау арқылы мəдени тұлғаларды тəрбиелеу

Пəнаралық
байланыстар

Тарих. Əдебиет. Математика

Бастапқы білім

Алдыңғы бөлімдерде алған білімдеріне сүйене отырып білім алу

Сабақ барысы:


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-тапсырма. Ақпарат іздеу.
(МК, Ұ) Бөлім музыка мен уақыт тақырыбын қамтығандықтан, олардың өзара байланысы мен музыкалық шығармалардағы көрінісін ашуға бағыт- талған. Сабақта жалпы уақыт, оның өлшемдері туралы əңгіме қозғалады.
Оқушылар оқулықтағы берілген суреттерге қарап, уақыт өлшемдерін атайды.

  • Мына торкөздердің ішінен ең қысқа жəне ең ұзақ уақыт өлшемдерін көрсет.

(Секунд, минут, сағат, тəулік, апта, ай, жыл). Қысқаша уақыт тақырыбына шолу жасалғаннан кейін негізгі тақырып музыка мен уақыт арасындағы байланысы қарастырылады.

  • Қалай ойлайсың, музыка арқылы уақытты көрсетуге бола ма?

«Музыка» оқулығы

Сабақтың ортасы

2-тапсырма. Музыка тыңдау жəне талдау.
(ОТ) Музыка арқылы уақытты көрсетудің мысалы ретінде Г.Свиридовтың «Время, вперед!» («Уақыт, алға!») атты оркестрге арналған сюитасы ұсынылады. Георгий Васильевич Свиридов (1915–1998) – Ресей композиторы, пианист. Түрлі жанрда музыка жазған. Əлемге танымал шығармалары: ақын А.С. Пушкиннің
«Метель» атты повесіне жазылған музыкалық суреттемелер мен «Уақыт, алға!» оркестрлік сюитасы. Мұғалімнің көрсетуінсіз оқушы өз тəжірибесіне сүйене отырып, музыкада бейнеленген уақыттың қаншалықты тоқтаусыз жылжып жатқанын сезінеді. Өз ойларын білдіруде төмендегідей сұрақтар қарастырылған:

  • Тыңдаған шығармада музыка уақыт жыл- дамдығын қалай көрсеткен (баяу, тез, өте тез)?

  • Музыка қандай көңіл күй тудырды? Алған əсеріңмен бөліс.

  • Суретке қарап, уақыт жылдамдығына байланысты əңгіме құрастыр.

(МК, ОТ) Музыкалық шығарма нақты уақыт қозғалысын бейнелі көрсеткендіктен, сабақта бағдарламалы музыка жөнінде əңгіме қозғалады. Оқушылардың өз тəжірибесіне сүйеніп, бағдарлама- лық музыкаға мысал келтіруін сұрап өту керек. Оқулықта бағдарламалық музыка туралы түйін жасалады.
«Композитор Г. Свиридовтың музыкасы – мəңгі тоқтамайтын уақытқа арнайы жазылған шығарма. Қандай да бір тақырыпқа арнайы жазылған музыканы бағдарламалық музыка деп атайды».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   177




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет