бет 50/177 Дата 12.02.2023 өлшемі 0,81 Mb. #67322 түрі Сабақ
Байланысты:
Музыка 3 сынып ҚМЖ Сабақ мақсаты
Барлық оқушылар :
музыка мен уақыт арасындағы байланысты ұғынуға тырысады;
музыкалық шығармалар негізінде уақыттың бейнелілік қозғалысын сезінеді ;
музыкалық өлшемдер түрлерін ажырата алады ;
сыныптастарымен бірге бағдарламалық музыка мағынасын айқындауға талпынады;
музыкалық сауаттылығын дұрыс пайдалануға тырысады.
Оқушылардың көпшілігі:
музыка мен уақыт арасындағы байланысты ұғынады;
музыкалық шығармалар негізінде уақыттың бейнелілік қозғалысын сезінеді жəне сипаттай алады ;
музыкалық өлшем түрлерін ажыратады, көрсете алады;
бағдарламалық музыка мағынасын айқындай алады ;
музыкалық сауаттылығын дұрыс пайдаланады.
Кейбір оқушылар:
музыкалық шығарма мазмұнын талдауда уақытқа байланысты дыбыстық интонацияларды ести біледі, сипаттай алады;
бағдарламалық музыка мағынасын айқындауда өз пікірін ортаға салады ;
музыкалық сауаттылығын тəжірибе барысында жүзеге асыра алады.
Бағалау критерийлері
Оқушылар мына мақсатқа жетті:
музыка мен уақыт арасындағы байланыстылықты ұғынуға тырысады;
музыкалық шығармалар негізінде уақыттың бейнелілік қозғалысын сезінеді;
музыкалық өлшемдер түрлерін ажырата алады;
сыныптастарымен бірге бағдарламалық музыка мағынасын айқындауға талпынады;
музыкалық сауаттылығын дұрыс пайдалануға тырысады.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар:
тыңдалған музыканы сипаттайды, музыка мен уақыт жөнінде жəне олардың өзара байланысы туралы өз пікірін айтады, көңіл күйін түрлі музыкалық іс-əрекеттер арқылы жеткізе алады ;
аспаптық бағдарламалық музыканы біледі.
Достарыңызбен бөлісу: