тыңдалған музыканы сипаттайды, музыка мен уақыт жөнінде жəне олардың өзара байланыстылығы туралы өз пікірін айтады, көңіл күйін түрлі музыкалық іс-əрекеттер арқылы жеткізеді;
Алдыңғы бөлімдерде алған білімдеріне сүйене отырып, білім алу
Сабақ барысы:
Сабақтың
Сабақтағы жоспарланған іс-əрекет
Ресурстар
жоспарланған кезеңдері
Сабақтың басы
Қазақтың əн мен күйлері жеке орындауда дамыған.
«Біздің оркестр» тақырыбы күйдің уақыттың өзгерісіне қарай жеке орындаудан оркестрлік орындауға көшуі жөнінде тақырыпты жалғастырады. Оқушылар бірінші сыныптан бастап жеке орындау мен аспаптық орындаудағы ерекшеліктерді өзінің жинақтаған тəжірибелік деңгейінде түсіндіре алады.
1-тапсырма.Сыныптық талқылау.
Оқулықта бірнеше оркестр түрі көрсетілген: симфониялық оркестр, халық аспаптар оркестрі, үрлемелі аспаптар оркестрі. Оқушылар оркестрлердің дыбысталуын бейнежазбадан тыңдайды, көреді. (МК,Ұ,ОТ)
Бейнежазбадағы жəне суреттегі оркестр түрлерін ата.
Халық аспаптар оркестрінің басқа оркестрден ерекшелігі неде? (аспаптарында, киімдерінде, құра- мында, орындалуында, дыбысталуында)
«Музыка» оқулығы, нота
хрестоматиясы, фонохрестоматия Оркестр түрлері:
«Сарыарқа» Құрманғазы оркестрі https://www.youtube.com/watch?v=7LYlBrGn9wQ Государственный духовой оркестр https://www.youtube.com/watch?v=mGR7wIwuUY4Құрманғазы
«Балбырауын» орын. ҚР академиялық симфониялық оркестрі. https://www.youtub e.com/watch?v=MM iRsaYM2lI https://www.youtube.com/watch?v=NUzVcD7Pm0g