(МК,Ұ) 1-тапсырма. Ақпарат іздеу (жалғасы).
М. Тапсырманың мақсаты – сөзжұмбақты шешу арқылы оқушылардың «Бейбітшілік жəне Келісім сарайы» туралы білімін кеңейту.
Дұрыс жауаптары сұрақтардың астындағы сөздікте берілген.
О. Оқулықта берілген «Бейбітшілік жəне Келісім сарайы» сөзжұмбақты шешу алдында мына талаптармен танысады:
Сұрақтарға жауап беру. Тақтада жазылған сөзжұмбақ торкөздерді сыныппен бірге толтыру. Түсінгенін айтып беру.
Сөзжұмбақ сұрақтары: «Бейбітшілік жəне Келісім сарайын» салу идеясын көтерген кім? Президент.
Жыл сайын сарайды көруге кімдер келеді? Туристер.
Сарайдың ішінде музыка өнерін тамашалайтын қандай зал бар? Концерт.
Көркем суреттер мен картиналарды тамашалайтын қандай зал бар? Құланшы.
Ғимаратты салған ағылшын сəулетшісі кім? Норман.
Музыка шығаратын адамды кім деп атайды? Композитор.
Түсінік. Оқушылар мына түсініктермен танысады: Бейбітшілік жəне Келісім сарайы – архитектуралық құрылыс кешені, сəулет өнерінің бірегей туындысы. Ол Астана қаласындағы қолдан жасалған жота үстінде орналасқан.
Сəулет өнері – құрылысты жобалауа, нсалу, оғ көркемдік бейне беру өнері.
(МК,Ұ/Т) 2-тапсырма.Талдау. Ақпарат іздеу.
О. Оқулықта берілген сəулеттік нысандардың суреттерін қарайды, салыну тарихымен танысады:
Астана қаласы «Нұр Əлем» ЭКСПО-2017 көрмесі, Ресей, Мəскеу қаласы «Үй-жұмыртқа» (2002 ж.) Мына сұрақтарға жауап береді: